III Негізгі хұқық Росиа риспобликасыңца дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жариа сөйлерге, газит шығаруға, китаб бастыруға еркіншілік; хүкімет қызметшілері иесінен рүқсатсыз һечкім табалдырьғын аттамаушылық; законсыз жолмен һечкімді хүкімет адамдары ұстамаушылық; суд сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судиа бар жерде 24 сағат ішіңде, судиасыз жерде бір жетіден қалмай судиаға тапсырылып жабылса, судиа хүкімімен жабылу.
Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.
ІІІ Негізгі хұқық Россия республикасында дінге, қанғақарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішіңде, судьясыз жерде бір жетіден калмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.
Кісі хатын ашқанға - айып, оқығанға жаза болу.
1
2
3
IV Дін ісі Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жайуға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.
Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, тапак., жаназа, балаға ат қойу сиақты істер муллада болу, жесір дауы судта қаралу.