Жоба қосу - мұнда сіз, өз роботыңызды бағдарламалауды бастайтын мүмкіндікке ие болу үшін, жаңа жоба қосасыз.
Роботтар үшін тапсырмалар - мұнда сіз, бес негізгі модельдерді құрып, бағдарламалауды бастай аласыз.
Соңғыларын ашу - өзіңіз жұмыс істеген соңғы жобаларға енуді оңай жүзеге асыра аласыз.
Қысқаша нұсқаулық - қысқаша кіріспе бейнероликтер, EV3 қолданушысының нұсқаулығы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша анықтама сияқты көмекші ресурстар.
Жаңалықтар — LEGO. com/mindstorms (Интернетке қосылу қажет) сайтынан қысқаша әңгімелер және хабарлар.
Басқа роботтар — басқа модельдер құрып, бағдарламалау мүмкіндігі (Интернетке қосылу қажет).
Лоббиды шолу
31 бет
EV3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жобаның қасиеттері және құрылымы
Сіз жаңа бағдарлама ашқан кезде, автоматты түрде жоба бумасының файлы құрылады. Жобада пайдаланылатын, барлық бағдарламалар, суреттер, дыбыстар, бейнелер, нұсқаулар мен басқа материалдар, автоматты түрде жобаның осы бумасында сақталады. Бұл, жобаны оңай сақтап, басқалармен бөлісуге мүмкіндік береді. Әрбір жоба, экранның жоғарғы бөлігінде, бет парақ түрінде бейнеленетін болады. Төменде сіз, таңдалған жобаға жататын бағдарламалардың бет парағын көресіз. Сіз, басқа түймелерден оң жақтағы «+» түймесін басып, жаңа жоба немесе бағдарлама қоса аласыз. Бет парақты жабу үшін Х басыңыз.
Жобаның құрылымдар беті
Бағдарламаның бет парақтарының шеткі сол бөлігіндегі гайкалы кілтпен бет парақты таңдап сіз, жоба құрылымдары бетіне көшесіз. Бұл бет, барлық бағдарламаларды, суреттерді, дыбыстарды және басқа ресурстарды қоса таңдалған жобаның реттелген бейнесінен тұрады. Мұнда сіз, лоббиде жоба қалай бейнеленетінін анықтайтын мәтін, сурет және бейненің көмегімен жобаңызды жаза аласыз.
32 бет
Бағдарлама және жоба бетбелгілері
EV3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жобаның қасиеттері және құрылымы
Жобаның келесі құрылымы көрініс тапқан:
Достарыңызбен бөлісу: |