Жүктеу - EV3 модуліне бағдарламаны жүктейді.
Жүктеу және қосу — EV3 модуліне бағдарламаны жүктейді және сол сәтте оны қосады.
Таңдалғанды жүктеу және қосу —EV3 модуліне тек белгіленген блоктарды ғана жүктейді және сол сәтте-ақ оларды қосады.
EV3 модулін сіздің компьютеріңізге қосқан кезде, EV3 жоғарыдағы шағын терезедегі мәтін қызыл болады.
Аппаратты құралдар бетінің контроллері
38 бет
EV3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аппаратты құралдар беті
Модуль туралы ақпарат
«Модуль туралы ақпарат» бетбелгісі, қазір қосылып тұрған, EV3 модулінің атауы сияқты, батарея қуатының деңгейі, орнатылған БҚ үлгісі, қосу түрі және жад панелі, EV3 модулі туралы маңызды ақпаратты бейнелейді. Ол да, жад оқулығына және сымсыз қосылудың түзету құралдарына енім береді.
Портты таныстыру
«Портты таныстыру» бетбелгісі EV3 модуліне қосылған тетіктер мен моторлар туралы ақпарат бейнелейді. Сіздің EV3 модульіңіз компьютерге қосылған кезде бұл ақпарат автоматты түрде теңестіріледі, және сіз ағымдағы мәнді көре аласыз. Егер сіздің EV3 модульіңіз қосылмаған болса, сіз «Портты таныстыру» бетбелгісін қолмен баптай аласыз. Портты таңдаңыз, кейін ізімнен сәйкес тетікті және моторды таңдаңыз.
Қол жетімді модульдер
«Қол жетімді модульдер» бетбелгісі қазіргі сәтте қосылуға қол жетімді EV3 модулдерін көрсетеді. Сіз, қосылғыңыз келетін EV3 модулін және байланыс түрін таңдай аласыз. Сонымен қатар сіз, EV3 модулінің бар қосылуын сөндіре аласыз.
Аппаратты құрылғылар бетін қолдану туралы толығырақ ақпаратты «Анықтама» EV3 бағдарламалық қамтамасыз ету мәзірінен таба аласыз.
«Модуль туралы ақпарат» бетбелгісі
«Портты таныстыру» бетбелгісі
«Қол жетімді модульдер» бетбелгісі
39 бет
EV3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Контент редакторы
Контент редакторы қолданушыларға мақсатты бекітуге, өз жобаларын сараптауға және олардың орындалу үдерісін бекітуге қолайы тәсілін ұсынады. Сіз мәтін, сурет, бейне, дыбыстық эффекттер және оның үстіне жинау бойынша нұсқауларды қоса аласыз. Контент редакторында әлдеқашан құрылған контент қолданылады және көрінеді, мысалы «Роботтар үшін тапсырмалар».
Әр бетке жеке дара әр түрлі құрылымдарды баптауға болады, және ол автоматты түрде нақты бағдарламаларды ашу немесе нақты бағдарлама блогын бөліп көрсету сияқты бірқатар әрекеттердерді орындай алады.
Контент редакторы EV3 бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғары оң жақ бұрышында орналасқан және сіз жобада жұмыс жасап уақытта қол жетімді. Контент редакторын кітап белгісі бар үлкен түймешікті басу арқылы ашуға болады. Контент редакторын ашып сіз жоба немесе бағдарлама үшін ашылған кез келген контентті көре аласыз.
Контент редакторына келесі негізгі аймақтар мен сипаттамалар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |