Кіріктірілген БҚ жаңаруларын қайталаудың алдында, EV3 модулдерінің батареяларын тексеріңіз. Мүмкін, мәселе батареялар отырып қалғаннан туындап отырған болар!
Кіріктірілген БҚ жаңарулары кезінде EV3 модулінің жадысындағы бар барлық жобалар мен файлдар өшірілетін болады.
44 бет
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
EV3 модулінің қайта қосылуы
Егер кенеттен сіздің EV3 модульіңіз жұмыс жасамай қойса және қалыптағы жағдайда оның жұмысын аяқтау мүмкін болмаса, сізге EV3 модулін қайта қосуға тура келеді. EV3 модулін қайта қосқан кезде өткен сеанстардағы бар бумалар мен жобалар EV3 модулінің жадысынан өшірілмейді. Ағымдағы сеанстың файлдары мен жобалары жоғалатын болады.
EV3 модулі қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
Сіздің EV3 модульіңіздегі «Артқа» орталық түймешікті және «Солға» түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Экранда сурет жойылған кезде, «Артқа» түймешігін жіберіңіз.
экранда «Іске қосу» пайда болған кезде, орталық түймешік пен «Солға» түймешігін жіберіңіз.
ЕСКЕРТУ.
Кіріктірілген БҚ қайта орнатудың алдында, EV3 модулінің батареяларын тексеріп алыңыз. Мүмкін, мәселе батареялар отырып қалғаннан туындап отырған болар!