Шолу ЭкранEV3 модулінің ішінде не болып жатқандығын көрсетеді, және модульдің интерфейсін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол, мәтін және сандық немесе графикалық жауаптарды сіздің бағдарламаңызға немесе тәжірибеге қосуға мүмкін береді. Мысалы, сіз салыстырмалы жауап үшін, көңілді түр (немесе мұңды түр) немесе математикалық есептеулердің («Экран» блогын пайдалану туралы қосымша ақпаратты EV3 бағдарламалық қамтамасыз етудің «Анықтама» мәзірінен таба аласыз) нәтижелері болып табылатынсанды көрсетіп тұратындай етіп экранды бағдарламалап қоя аласыз.
Модульді басқару түйешіктеріEV3 модулінің интерфейсі бойынша ауысуға мүмкіндік береді. Оларды сонымен қатар бағдарламалаушы белсендіргіш ретінде қолдануға болады. Мысалы, сіз роботты «Жоғары» түймешігін басылып тұрғанда, ол қолдарын көтеретіндей етіп, немесе оларды «Төмен» түймешігі басылып тұрғанда түсеретіндей етіп бағдарламалай аласыз (Қосымша ақпаратты «Модульді басқаруда түйешіктерді қолдану» тарауында қарай аласыз, EV3 бағдарламалық қамтамсыз ету мәзіріндегі «Анықтамада».