Жамбыл Жабаев ол туралы: “Өлең сөздің құдіреті,пайғамбары” деді.Оның өлеңдері мен қара сөздері бірнеше шет тіліне аударылған. “Көзімнің қарасы”, “Қыс”, “Күз” , “Жаз”, “Жазғытұры” сынды өлең-әндері бар. “Ескендір”,“Әзімнің әңгімесі” , “Масғұт” атты 3 поэмасы бар.Терең философиялық мәнібар қарасөздер жазды. Гете, Пушкин, Крылов, Лермонтов, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударды.
1841-1889 жылдар аралығында өмір сүрді.Торғай өңірінде атақты Балқожа бидің тәрбиесінде өсті. Орынбордағы жеті жылдық мектепте оқыды. 1864 ж Торғайда мектеп ашты, “Қазақ хрестоматиясын” жазды. “Аурудан аяған күштірек”, “Талаптың пайдасы”, “Зеректік”, “Жаман жолдас” т.б. әңгімелері бар.
.......... ............. 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезінде дүниеге келді. 1921 ж. Семей губерниясының оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1926-1929 жж Шымкент педагогикалық техникумында директор болады. “Рабиға”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар”, “Шернияз” атты пьесалары бар.Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. “Психология” деген еңбегі бар.
20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1913-1916 жж Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. 20 жасында“Өткен күндер” атты өлеңдер жинағы басылып шықты. Шығармалары: “Асау тұлпар”, “Домбыра”, “Экспресс”, “Көкшетау”, “Қызыл ат”, “Жер қазғандар”, “Тар жол , тайғақ кешу”, “Айша”, “Аққудың айрылуы” т.б.
...... ......... - мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ақын, аудармашы, журналист. Ол Крыловтың мысалдарын аударып, Қырық мысал деген атпен 1909 жылы Петербургте жеке кітап етіп шығарды.“Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш”, “Балалар әліппесі”, “Маса” атты еңбектері бар.1873жылы туылған ол 1938 жылы сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
1900-1973 жылдар аралығында өмір сүрді.Тұңғыш өлеңі 1919 жылы жарық көрді.1927 жылы жазылған “Сұлушаш” поэмасы екі жастың трагедиясымен аяқталады.1938 жылы “Ботагөз” романы, 1941 жылы “Менің мектептерім” романы,1950жылы “Сырдария”романы, “Шоқан Уәлиханов” пьесасы жарық көрді.Ол- 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алатын жазушы.
.............. ...........1902 жылы дүниеге келген. ........... таланты-халықтық талант.Өз бетінше оқып,ізденуден жалықпаған. Өз шығармаларына қазақ даласындағы жұмысшы табының қалыптасуын, тарихты ,еволюцияны арқау еткен. 1985 жылы дүниеден өтті.
11-12 ғасырларда өмір сүрген,мұсылман дінінің қайраткері,ғұлама ғалым, ақын ......... ........ ............ Сайрам қаласында дүниеге келген.“Диуани Хикмет” кітабын жазды.
Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі - .......... ............./З.Қабдолв/
1897 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. “Қорғансыздың күні”, “Жетім”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Көксерек” т.б. көптеген прозалық , “Еңлік-Кебек”, “Қаракөз”, “Айман-Шолпан”,”Абай” атта драмалық туындылары бар.