Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет106/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
еркектерге жақындасып, жол кесіп 
(қарақшылық қылып)
 және 
мәжілістеріңде теріс қылықтар істейсіңдер ме?» – деді»
1

Олар жиналып отыратын мәжілістерінде жиіркенішті, ұяттан 
жұрдай қылықтар істейтін. Тіпті олар сол жиындарында бір-
бірлерінің дыбыстап жел шығарғанына мәз болатын. Ал Аллаһ 
тағала бізге мұның арсыз қылық екенін ескерткен. Лут болса 
оларды имандылыққа талмай шақырды. 
«Лут елі елшілерді жалғанға шығарды. Сол уақытта 
туыстарына Лут: «Қорықпайсыңдар ма? Мен – сендерге 
сенімді бір елшімін. Енді Аллаһтан қорқыңдар да, маған 
бойсұныңдар. Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің 
еңбегім әлемдердің Раббысына тән», – деді»
2

Садум елінің Лутқа қайтарған жауабы: 
«Сонда елінің 
жауабы: «Егер шыншылдардан болсаң, қане, бізге Аллаһтың 
азабын келтірші», – дегеннен басқа болмады»
3

Яғни бұл – Нұх қауымының, ад және самуд елінің қайтарған 
жауабы. Аллаһ тағала: 
«Расында, 
(Лут)
оларға қолға 
алуымызды ескертті. Десе де, олар ескертуге күмәнмен 
қарады»
4
, – дейді. 
Басқа бір аятта: 
«Сонда елінің жауабы: «Оларды елдеріңнен 
шығарыңдар. Өйткені олар – пәксінген адамдар» деу ғана 
болды»
5
, – деген. 
Олардың таққан айыбына қараңыз! 
«Олар – пәксінген 
адамдар»
. Демек, олар елдің барлығының өздері сияқты тек 
бұзақы, пасық және кәпір болғанын қалайды. Шын мәнінде де, 
Лут пен оның екі қызынан басқалардың барлығы қылмыскерлер 
және бұзақылар еді. Сондықтан олар Лутты елдерінен қумақ 
1
«Анкабут» сүресі, 28-29 аяттар. 
2
«Шұғара» сүресі, 160-164 аяттар. 
3
«Анкабут» сүресі, 29-аят. 
4
«Қамар» сүресі, 36-аят. 
5
«Ағраф» сүресі, 82-аят. 


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет