Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен балшықтан бір



Pdf көрінісі
бет17/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен балшықтан бір 
адам жаратамын», – деген-ді»
2
.
Топырақ суға шыланды, сосын ол онымен араласа келе бір-
біріне жабыса бастады. Аллаһ тағала: 
«Оларды 
(Адам баласын)
 
жабысқақ балшықтан жараттық»
3
, – дейді.
1
Хадисті Әбу Дауд, әт-Тирмизи және Ибн Хиббан жеткізген. 
2
«Сад» сүресі, 71-аят. 
3
«Саффат» сүресі, 11-аят. 


22
 
 
Аллаһ тағала оны мүсін тәрізді бейнеледі. Сол балшық мүсін 
біраз уақыт тұрып кепті. Сөйтіп, ол қыш құмыра секілді бейнелі 
кепкен қара балшыққа айналды. Аллаһ тағала:
«Расында, адамды кепкен қара лайдан жараттық»
1
;
«Ібіліс 
(сәжде қылудан бас тартып)
: «Балшықтан 
жаратқаныңа сәжде қыламын ба?» – деді»
2
;
«Ол 
адамзатты 
сыңғырлаған 
кепкен 
балшықтан 
жаратты»
3
, – деген.
Демек, бұдан Адам жаратылысының негізі болған топырақ 
түрлі кезеңдерден өткендігін білеміз. Мұның және бір дәлелі – 
Аллаһ тағаланың: 
«Біз сендерді жараттық, одан кейін 
тұлғасын сомдадық»
4
деген сөзі.
Бұл мүсіннің жаратылған кездегі түр-тұлғасын сипаттап, 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.): 
«Аллаһ Адамды ұзындығын алпыс кез 
етіп жаратты... адамдар сол уақыттан бастап қысқара 
берді»
, – дегенін Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
еткен
5

Бір хадисте: 
«Адамның бойы алпыс кез, ал ені жеті кез»
6
, – 
деп сипаттаған. 
Адамға жан бітуден бұрын періштелер оны мүсін қалпында 
көріп үрейленеді. Ең қатты үрейленген Ібіліс болды. Ол қасына 
келіп оны ұратын, сонда мүсін жаңғырған дыбыс шығаратын. 
Мүсіннің іші бос, қуыс екенін көрген Ібіліс оның өз-өзіне ие бола 
алмайтын, әлсіздігін білді. Ібіліс оған: «Сен нендей іс үшін 
жаратылдың?» – дейтін еді. Сосын ол оның аузынан кіріп, 
артынан шықты. Сонан кейін ол періштелерге: «Қорықпаңдар 
1
«Хижр» сүресі, 26-аят. 
2
«Исра» сүресі, 61-аят. 
3
«Рахман» сүресі, 14-аят. 
4
«Ағраф» сүресі, 11-аят. 
5
Хадисті Әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
6
Хадисті Ахмад риуаят еткен. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет