Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет219/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
 
 
«Сонымен, Талут және онымен бірге иман келтіргендер 
өзеннен өткен шақта: «Бізде Жалут пен оның әскерлеріне 
төтеп берер күш жоқ», – деді. Сондай олардың анық Аллаһқа 
жолығуды ойлағандары: «Аллаһтың қолдауымен қанша аз 
топ көп топты жеңген. Аллаһ сабырлылармен бірге», – деді. 
Сөйтіп, олар Жалуттың әскеріне қарсы шыққан сәтте: 
«Раббымыз! Сабыр бер, қадамымызды бекітіп, бізге кәпір 
қауымға қарсы жәрдем бере гөр!» – деді»

Екі әскер бетпе-бет келген кезде Жалут соғыс алаңына шығып
қарсы тарапты жекпе-жекке шақырды. Ол өте ірі денелі, қуатты, 
соғыс өнеріне жетік жауынгер болатын. Талуттың әскерінен оған 
қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламады. Талут өз батырларын 
қанша жекпе-жекке шығуға үндесе де, олар жауап қатпады. Сол 
кезде ол: «Кім оған қарсы шығып жеңсе, оны қызыма 
үйлендіремін және өзімнен кейін патшалығыма мұрагер етемін», 
– дейді. Осы кезде исраилдіктер жақтан бір жас жігіт шықты. Ол 
Дәуіт еді. Сол кезде оның жасы бар болғаны он алтыда еді 
делінген. Дәуіттің соғыс құралы – ішіне ірі тастар салынып, аузы 
буылған тері қалта іспеттес қару болатын. Өзіне қарсы жекпе-
жекке шыққан жас жігітке Жалут: «Ей, балақай! Қайта ғой 
орныңа. Мен сені өлтіргім келмейді», – дейді. Оның бұл сөзіне 
шамданған Дәуіт: «Ал мен сені өлтіргім келеді», – деп жауап 
қатады. Сөйтіп, жекпе-жек басталып, Жалут оған ұмтыла 
бергенде, Дәуіт әлгі қаруын айналдырып-айналдырып тұрып, оны 
бір соғады. Қару қақ маңдайынан тиген Жалут қимылға келмей 
жантәсілім етеді. Патшаларынан айырылған қарсы тарапта 
бытыраңқылық пайда болып, исраилдіктердің шабуылына төтеп 
бере алмай, жік-жік боп жан-жаққа бас сауғалап кетеді. 
Исраилдіктердің бұл жеңісі мен Дәуіттің патшалыққа келуі 
жайлы Аллаһ тағала:
«Сонда 
(исраилдіктер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет