Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет245/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Исаның жасы отыздан асып қалған-ды. Ол Яхия дүниеге 
келгеннен кейін үш айдан соң туылған еді делінген. 
Зәкәрия мен Яхияның қиссасынан алынар өнеге 
Зәкәрияның кәрілікке жетіп, Аллаһ тағаладан перзент 
тілеуінде әрбір балаға құштар пендеге өнеге бар. Аллаһ тағала 
Ибраһим мен Зәкәрияға қартайған шағында бала бергеніндей, 
Өзінің мейірімі түскен пендесіне қалаған уақытында перзент 
береді. 


273
 
 
ИСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Исаның дүниеге келуі 
Мәриям Зәкәрияның тәрбиесінде бойжетіп, Бәйтул-Мақдистің 
шығыс жағынан оңаша бір орын алып, барған сайын Аллаһ 
тағалаға деген ғибадатқа тереңдей берді. Осындай пәк 
құлшылық-ғибадатпен Мәриямның он бес жыл өмірі өтеді. Осы 
он бес жасында оның өмірінде бір ұлы оқиға болды. 
Бұл оқиға пайғамбарлардың ұлы бестігінің ішіне кіретін 
Аллаһ елшісі Исаның дүниеге келуі еді. Бұл ұлы қиссаны Аллаһ 
тағала біздерге Қияметке дейін мәңгілік үлгі етіп қалдыру үшін 
Өзінің ұлы кітабының «Мәриям» сүресінде баяндаған. 
Бір күні Аллаһтың бұйрығымен Мәриямның алдына адам 
бейнесіндегі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) келді. Оның періште 
екенінен Мәриям бейхабар еді. Үстіне бейсауат кіріп келген ер 
адамнан сескеніп қалған Мәриям: 
– 
Егер сен тақуа болсаң, сенен Рахманнан пана сұраймын

– деді. 
Өйткені Мәриямның бөлмесіне ұстазы Зәкәрия мен оны-мұны 
қызметін атқаратын немере ағасы Юсуф Нажжардан басқа ешкім 
бас сұқпайтын. 
Сол кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): 
– 
Мен – сенің Раббыңның елшісімін, саған бір пәк бала 
беру үшін келдім
, – деді. 
Оның бұл айтқанына Мәриям таңғалып: 
– 
Мен еркекке жақындаспасам, не әлдебір бұзықтық 
істемесем, менде бала қайдан болсын?!
– деп жауап қатты. 
Сонда Жәбірейіл: 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет