Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Расында, бұл жағдайда иман келтірген болсаңдар, сендер



Pdf көрінісі
бет250/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

Расында, бұл жағдайда иман келтірген болсаңдар, сендер 
үшін, әрине, өнеге бар»

1
«Мәида» сүресі, 46-аят. 


278
 
 
Ал оның ең ұлы мұғжизасы өліктерді тірілту еді. 
«Өліктерді 
тірілтемін»
1
.
Деректерде оның төрт өлген адамды тірілткені айтылады. 
Сондай-ақ аятта да 
«өліктерді»
деп көпше түрдегі сөз қолданған. 
Бұл – араб тілі грамматикасы бойынша мұндай жағдайдың үш 
яки одан көп қайталанғанының дәлелі.
Иса Тәураттың кейбір үкімдерін өзгертті және қауымын тек 
бір Аллаһқа ғана ғибадат етуге шақырды. Аллаһ тағала бұл 
жайлы Құранда Исаның тілінде:
«Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі 
Раббыларыңнан сендерге харам етілген кей нәрселерді халал 
ететін аят келтірдім. Аллаһтан қорқыңдар да, маған 
бойсұныңдар. Негізінен, Аллаһ – менің де Раббым, сендердің 
де Раббыларың. Оған құлшылық қылыңдар, тура жол – 
осы»
2
, – деген. 
Исаға ерген хауарилер 
Яһудилер Исаға қарсы шықты. Оның соңынан санаулы 
хауарилер – ізбасарлар ғана ерді. Аллаһ тағала:
«Сонда Иса олардан қарсылық сезген кезде: «Аллаһ 
жолында жәрдемшім кім болады?» – деді. Хауарилер: «Біздер 
– Аллаһ үшін көмекшіміз, Аллаһқа иман келтірдік, куә бол, 
біз – шынайы мұсылманбыз», – деді»
3

«Ей, мүміндер! Мәриямұлы Исаның хауарилерге: «Аллаһ 
жолында көмекшілерім кім болады?» – дегенде, хауарилердің 
«Аллаһ жолында біз көмекшіміз» дегендеріндей, Аллаһтың 
(дінінің)
 
көмекшілері 
болыңдар. 
Сонда 
Исраил 
ұрпақтарының бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді 
1
«Әлі Имран» сүресі, 49-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 50-51 аяттар. 
3
«Әлі Имран» сүресі, 52-аят. 


279


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет