118
ЛУТ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Лут қауымының оқиғасы Ибраһимнің көзі тірісінде орын
алған. Ибраһим оның көкесі еді. Лут ибн Һаран ибн Тарих. Ал
Тарих – Ибраһимнің әкесі. Аллаһ тағала Лут жайлы Құранда он
төрт сүреде, жиырма төрт орында баяндаған.
Луттың әкесі бала кезінде қайтыс болған. Сөйтіп, ол
Ибраһиммен бірге атасы Тарихтың үйінде тәрбиеленді. Ол
Ибраһимді қатты жақсы көретін. Аллаһтың мұғжизасы іске асып,
Ибраһим өрттен аман шыққан уақытта адамдар сол көріністі көре
тұра, оған иман келтірмеді. Тек Лут қана оған ілесті. Аллаһ
тағала:
«Сонда Лут оған иман келтірді»
1
, – деген.
Сондай-ақ ол Ибраһиммен бірге қоныс аударып:
«Мен
Раббым үшін қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол – аса
Үстем, өте Дана», – деді»
2
.
Луттың садум еліне жасаған дағуаты
Ибраһим Мысырдан Палестинаға келгенде, Лутқа әл-
Мутафикаға (Садумға) баруды бұйырды.
Садум сауда орталығы
және алып бір керуен сарайы еді. Ол жерде жеті қала болған деп
айтылады. Ондағы елдің барлығы – кәпір, әрі олардың ішінде
ешбір мүмін жоқ еді. Аллаһ
тағала садум қауымын жоюға
жіберілген елшілердің сөзімен:
«Ол жерден мүміндерді
шығардық. Дегенмен ол жерде мұсылмандардан бір үйден
басқа таппадық»
3
, – деген.
Тек Луттың үйі мұсылман, ал
қалғандарының барлығы кәпір
еді. Олар шектен шыққан пасық және бұзық ел болатын.
Бұзақылықта өнерпаздық жасап, өздерінен
бұрын әлемде ешкім
1
«Анкабут» сүресі, 26-аят.
2
«Анкабут» сүресі, 26-аят.
3
«Зәрият» сүресі, 35-36 аяттар.