Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет18/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
бұдан. Егер мені одан үстем қылса, оның көзін жоямын. Ал егер 
оны менен үстем қылса, қарсы шығамын», – деді. Сөйтіп, Ібілісте 
әуелден-ақ Адамға дұшпандық пайда болды. 
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): 
«Аллаһ тағала Адамды жаратқан кезде оны 
біршама сол күйінде Өзі қалаған мерзімге дейін қалдырды. 
Сөйтіп, Ібіліс оны айнала бастады. Оның кәуек екенін көріп
әлсіз жаратылыс екенін білді»
1
, – деген. 
Адамға рухтың үрленуі 
Сонан соң Аллаһ тағала Адамға рух үрледі. Бұл туралы 
Құранда: 
«Оның жаратылысын тамамдап, рухымнан үрлеген 
(жан салған)
сәтте оған сендер 
(яғни періштелер)
сәжде 
етіңдер!»
2
– делінген. 
Сонымен қатар «Әлі Имран» сүресінде де 
«Ақиқатында, 
Аллаһтың қасында Исаның мысалы 
(Аллаһ)
 оны топырақтан 
жаратып, «бол» дегенде болған Адамның мысалындай»
3
деген аят келген. 
Әнәс 
ибн 
Мәлик 
(Аллаһ 
оған 
разы 
болсын) 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
«Оған Аллаһ тағала рух үрлеген 
кезде, жан алдымен оның басынан кірді. Сонда ол түшкірді де: 
«Әлхамду лилләһ», – деді. Сонда Аллаһ тағала оған: «Саған 
Раббыңның мейірі жаусын», – деді»
, – деп айтқанын жеткізген
4

Осылайша, Адамға рух толығымен енбей жатып, Аллаһ 
тағаланың мейірімі түскен. Рух көзіне жеткенде, ол жұмақтың 
жемістеріне қарап, олар туралы ойлана бастады. Ал рух қарнына 
жеткенде, оның тамақ жегісі келді және аяғына жан бітпей 
1
Хадисті Муслим мен Ахмад жеткізген. 
2
«Хижр» сүресі, 29-аят. 
3
«Әлі Имран» сүресі, 59-аят. 
4
Хадисті Ибн Хиббан риуаят еткен. 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет