Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі Ислам



Дата08.03.2022
өлшемі67,63 Kb.
#134671
түріСабақ
Байланысты:
hh-ғasyrdaғy-zhәne-қazіrgі-kezeңdegі-islam-prezentatsiya

Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі Ислам.


Білемін

Білгім келеді

Білдім.

INSERT әдісі

«V» -бұл маған белгілі; «+»- бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұңғыш рет оқып отырмын; «?»-мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім; «!»-бұл өте қызықты, ол туралы сыныптастарыммен әңгімелесуім керек.

1924 жылы барлық мешіттер мен медреселер жабылды. Қолдан ұйымдастырылған жалған жаламен ислам қайраткерлері, дін ғұламалары абақтыға қамалды, жер аударылды. Жүздеген жылдар бойы жиналған қолжазбалар мен діни кітаптар өртелді, суға тасталды, жерге көмілді. Атеистік насихат өзге де мұсылмандар сияқты, біздің халықты да экономикалық қана емес, сондай-ақ рухани да күйзеліске ұшыратты.
Құдайсыз жүйе ғибадат және діни оқу орындары ғимараттарын жоюға белсене кіріскендерімен, ескі қорым, мазараттар маңындағы кесенелерді бұзуға халықтан қаймықты. Сол себепті де юелгілі тарихи адамдар, әлиелер мен абыздар, ишандар мен дін ғұламаларының басына қойылған күмбезді кесенелер көбірек жетті.
1 топ. Патша үкіметі тұсындағы діни ахуал.
2 топ. Кеңес үкіметі кезіндегі діни ахуал
3 топ. ҚМДБ қызметі
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) құрылды – 1990 жылы.
ҚМДБ ның бас мүфтиі болып Рәтбек Қажы Нысанбаев сайланды. 1990 — 24 маусым 2000
.
2000-2013 жылдар аралығында Әбсаттар қажы Дербісалы
басқарды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қызметтерінің бірі – шетелдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен және діни оқу орындарымен қарым-қатынас жасау.
ҚМДБ елдегі діни әдебиттердің, басылымдардың шығуын қамтамасыз етеді. Басқарма тарапынан республиканың түкпір-түкпіріне кең тарайтын “Ислам және өркениет” газеті мен “Иман” журналы жарық көрді.
Бекіту сұрақтары.
1. Кеңес үкіметі неден қауіптенді?
2. “Дінге қарсы үгіт насихат” туралы қаулысы қашан қабылданды?
3. Әбу Ханифа деген кім?
4. Әбу Ханифа қандай ғылымдарды игерді?
5. Әбу Ханифа мектептері қандай елдерге тарады?
6. Орынбор мүфтилігінің қызметі қашан тоқтатылды?
7. Орта Азияда Діни басқарма қашан құрылды?
8. Күллі Түркі халқының рухани астанасы.
9. ҚМБД ның атқаратын негізгі қызметтері?
10. Патша өкіметі кезінде Қазақстанның діни істері қандай мүфтилікке қарады?
Үйге тапсырма:
1. §22. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
2. Кестені толтыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет