Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


өткенді көрмедің бе? Ол: «Аллаһ мұны өлгеннен кейін қалай



Pdf көрінісі
бет238/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

өткенді көрмедің бе? Ол: «Аллаһ мұны өлгеннен кейін қалай 
тірілтеді екен?» – деді. Аллаһ оны жүз жылға өлтіріп, сонан 
соң тірілтіп: «Қанша жаттың?» – деді»

Ғұзайырдың жаны ұйықтап жатқан кезінде алынған еді. 
«Ол: 
«Бір күн немесе күннің бір жарымы жаттым», – деді. 
(Аллаһ)

«Олай емес! Жүз жыл өліп жаттың! Енді тамағыңа, 
сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара!» – деді»

Тамақ, сусынына қараса, сол қалпы бұзылмаған. Ал есегінің 
қураған сүйегі ғана қалған екен. Ғұзайыр таңғалып қалды. Сол 
кезде Аллаһ тағала:
«Сені адамдарға белгі ету үшін осылай еттік. Ал енді 
сүйектерге қара! Оны қайта құрастырып, сонан соң оған ет 
қаптаймыз», – деді». Ғұзайыр қураған сүйектердің көз 
алдында құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді. 
«Бұл жағдайлар оған анық көрінгенде: «Сөзсіз, Аллаһтың әр 
нәрсеге Құдіретті екенін білдім», – деді»
1

Ғұзайыр қайта тірілгенде, ауылға ел-жұрт қоныстанып та 
қалған еді. Ол ауыл тұрғындарынан: «Сендер Ғұзайырды 
1
«Бақара» сүресі, 259-аят. 


264
 
 
білесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Иә, білеміз. Ол жүз жыл 
бұрын ізім-ғайым жоғалған екен», – деп жауап береді. Сонда ол: 
«Мен – Ғұзайырмын!» – деді. Олар оның сөзіне сенбей, 
араларындағы жасы жүзден асқан бір кейуана кемпірді алып 
келеді. Кемпір таныған соң барып қана адамдар оның 
айтқандарына иланды. Ғұзайыр оларға ұмыт болған Тәуратты 
үйретіп, жоғалған діндерін қайта қалпына келтіре бастады. 
Исраил қауымының Ғұзайырды қадірлеп-қастерлегені соншалық, 
оны «Аллаһтың ұлы» деуге дейін барды.
Аллаһ тағала: 
«Яһудилер Ғұзайырды Аллаһтың ұлы деді»
1

– деген. 
Олар осы қате түсініктен әлі күнге дейін толықтай арыла 
қоймаған. 
1
«Тәубе» сүресі, 30-аят. 


265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет