Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет239/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
ЗӘКӘРИЯ ЖӘНЕ ЯХИЯ
(АЛӘЙҺИМӘС-СӘЛӘМ) 
Имран әулеті 
Арада біршама уақыт өткен соң Исраил қауымында Яғқубтың 
ұрпағынан шыққан «Имран әулеті» деп аталатын ізгі кісілер 
пайда болды.
«Шын мәнінде, Аллаһ Адам мен Нұхты және Ибраһим мен 
Имранның әулетін әлемдерге ардақты қылды»
1

Аталмыш Имран деген кісі – Дәуіттің ұрпағы. Имранның қызы 
Мәриямның әпкесі және Исаның нағашы апасы – Әшия деген 
әйел Зәкәрия пайғамбардың әйелі болатын. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) миғраж хадисінде:
«Екі бөленің: Яхия мен Исаның қасынан өттім»
, – деген. 
Осы Имран әулетінде Иса пайғамбардың анасы Мәриям 
дүниеге келді.
«
(Аллаһ тағала) 
Мәриям Имранқызын
(мүміндер үшін 
мысалға келтірді)
. Ол абыройын сақтаған еді. Біз оған 
Өзіміздің рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздерін 
және кітаптарын растады әрі бойсұнушылардан болды»
2

Мүміндерге үлгі ретінде Аллаһ тағала Құранда Мәриямды 
осылай сипаттаған. Мәриям әлемдегі ең құрметті әйелдерден 
болды. Оның бұл қасиеттерін айғақтаушы көптеген хадистер 
келген. Аллаһ тағала алдында пенделер әуелі пайғамбарлар (әл-
әнбия), сонан соң шыншылдар (әс-сиддиқун), одан кейін 
шәһидтер (әш-шуһада), сосын игі адамдар (әл-салихун) 
дәрежесіне бөлінеді. Мәриям сол пайғамбарлардан кейінгі 
шыншылдар дәрежесін иемденді. Мұнымен ол шәһидтерден де 
жоғары тұрады. 
1
«Әлі Имран» сүресі, 33-аят. 
2
«Тахрим» сүресі, 12-аят. 


266
 
 
Мәриямның әңгімесі анасынан бастау алады. Зәкәрия 
пайғамбардың кезінде өмір сүрген Мәриямның анасы Бәйтул-
Мақдистің ізгі, діндар, тақуа әйелдерінен болатын. Сол тұста 
Зәкәрия Бәйтул-Мақдистің діни істерін басқаратын. Ол 
Сүлейменнің ұрпағынан шыққан пайғамбар еді, сонымен қатар 
ағаш ұсталығымен айналысатын. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы 
болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет