51
Дағуаттың тоқтауы
Нұхтың қауымы оның айтқан үгіт-насихаттарына
құлақ
салмай, оны жындыға балады. Жаңадан келген әрбір ұрпақ
бұзықтықта алдыңғыларынан асып түсті. Алайда Нұх оларды
шақырудан жалықпады. Бірақ жүздеген жылдар өтсе де санаулы
адамдардан басқа ешкім иман келтірмеді. Сонда Аллаһ
тағала
тарабынан
«Нұхқа: «Еліңнен
(бұрын)
иман келтіргендерден
басқалары
(енді)
әсте иман келтірмейді. Енді олардың
істегендеріне кейіме», – деп уахи етілді»
1
.
Нұх тоғыз жүз елу жыл бойы Аллаһ
тағаладан бұйрық
келгенге дейін үмітін үзген жоқ еді.
Аллаһ тағала:
«Рас, Нұхты еліне жібердік. Сонда олардың
ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды»
2
, – деп айтқан.
Сондағы Нұхқа ілескендердің саны бір деректе: он, ал кейбір
тарихшылардың деректерінде сексен адам деп көрсетілген. Енді
Аллаһтан олардан басқа ешкім иман келтірмейді деген әмір
келген уақытта ол:
«Раббым! Расында, олар маған қарсы келіп, мал-дүниесі
мен балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған
біреулерге ілесті. Олар зор айлакерліктер істеді және олар:
«Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және
Нәсірді әсте тастамаңдар», – деседі. Расында, олар көпшілікті
адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана
арттыр. Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбір тұрғын
қалдырма. Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан
адастырады да бұзақы кәпір
(балаларды)
Достарыңызбен бөлісу: