1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.
3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .
b - берілген санның процентке сәйкес мәні, ягни =12
Р - проценттер
12 = a*20/100 = a*1/5
a = 60
a = 60 Жауабы: 60 мысық
Мысал №1:
Бақтағы раушан гүлдердің 20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп қана. Бақта қанша түп раушан гүлі бар? Шешуі: 1% раушан қаншаға тең екенін табамыз. 2 : 20 = 0,1. Енді, 100% қаншаға тең екенін есептейміз. 0,1 • 100 = 10. Жауабы:бақта 10 түп раушан гүлі бар .
Мысал №2:
Саяжай учаскесінде 320 қызғалдақ өсіп тұр,оның 15% сары. Қанша сары қызғалдақ бар? Шешуі: 1% қанша қызғалдақ екенін табайық. 320 : 100 = 3,2. Енді 15% неше қызғалдақ екенін анықтайық. 3,2 • 15 = 48. Жауабы: саяжайда 48 сары қызғалдақ бар.