Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу


Білім алушылар үшін сабақтың жоспары (жоба)



бет14/18
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ДОТ МОН РК ПРИКАЗ 123 каз - 01.04.2020 ж

2. Білім алушылар үшін сабақтың жоспары (жоба)
8. Қашықтықтан сабақтың құрылымы:

сыныбы, пәні, тақырыбы;

өтілген материалды қысқаша жинақтау: жаңа материалды түсіндіру үшін қажетті және логикалық байланысты алдыңғы тақырыптардың негізгі шарттарын қажетіне қарай жазу. Оқушылар жаңа материалды меңгеру үшін олардың назарын қажеттігі бар білім мен дағдыларға аудару;

жоспар бойынша жаңа материалды баяндау (қысқаша);

материалды бекітуге арналған ұсыныс.

9. Білім алушылардың өзіндік жұмысы:

оқулықпен, анықтамалармен жұмыс, тезистер құрастыру, конспектілеу;

схемаларды, эскиздерді, кестелерді сызу;

жазбаша жұмыс;

тестік тапсырмалар;

мысалдар мен есептерді шығару;

формуланы қорыту;

шығарма жазу, шығармашылық жұмыстар;

проблемалық жағдайларды шешуді қамтиды .

10. Кері байланысты жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулық:

Білім алушылар ұсынылған нұсқалардың бірі бойынша орындалған тапсырмаға қатысады:

а) электрондық журналға (қол жетімділік бар болған жағдайда);

б) қағаз тасығышта жеткізіледі (мектепте анықталған оператор);

в) электрондық поштаға;

г) Aitu, whatsapp- хабарлама.

11. Мұғалім білім алушының өзіндік тапсырмасын тексереді және қорытынды шығарады, формативті бағалауды жүргізеді.

12. Қашықтықтан сабақ шеңберіндегі оқу құралдарына:

1) кітаптар;

2) оқу-әдістемелік құралдар;

3) қарапайым және мультимедиялық нұсқадағы компьютерлік оқыту жүйелері, СМЖ;

4) аудио оқу-ақпараттық материалдар;

5) видео оқу-ақпараттық материалдар;

6) зертханалық қашықтықтан практикумдар;

7) қашықтықтан қол жетімділігі бар оқу тренажерлары;

8) қашықтықтан қол жетімділігі бар деректер және білім базасы;

9) қашықтықтан қол жетімділіг бар электрондық кітапханалар және т. б. жатады.

13. Төртінші тоқсанда бір ББЖ, оқу жылының соңында ТБЖ өткізіледі жәнеэлектронды журналдардың мәліметтер базасына, электронды журнал болмаған кезде мұғалімнің уақытша журналына енгізіледі.

Интернет болмаса, мұғалімдердің тапсырмалары мен балалардың өздік жұмыстары санитарлық қауіпсіздік шараларын қолдана отырып үйлеріне жеткізіледі (пошта бөлімшелері арқылы, қолма-қол).

14. Педагогтің бейнесабаққа дайындығына талаптар:

1) МЖМБС және оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарын (ҚМЖ) дайындау;

2) оқу пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардың барлық оқыту мақсаттарын зерделеу үшін ескеру және күрделілік деңгейі бойынша жазу үшін қажеттілігіне қарай оқыту мақсатын меңгеру үшін бір сабаққа неғұрлым жеңіл екі сабақты біріктіре отырып оқыту;

3) үлгілік оқу жоспарындағы бөлім/бөлімшенің тақырыптары мен сабақтың мақсатына сәйкес қажетті ресурстарды (бейне үзінділер, кесте, сызба, анимация, суреттер, постерлер және т.б.) іріктеу;

4) түсіру үшін жұмыс орнын дайындау (фон, бөлім/бөлімше тақырыбы, пәні, сыныбы, жазу флипчарты, сабақ түсіндіргенде көрсететін материалдар және т.б.);

5) білімалушыға/ата-анасына бейнесабақтың уақыты туралы ескерту;

6) сабақ бойынша қажетті таратылымдарды алдын ала жасау,қажет материалдарды электрондық журнал арқылы "Үй тапсырмасы"және «Мұғалімнің түсініктемесі (комментарийі)» бөлімдеріне жіберу;

7) бейнені трансляциялау үшін сабаққа да, педагогке де қойылатын талаптарды сақтау:

сабақтың фоны мен форматын эстетикалық безендіруді қамтамасыз ету;

өз сөйлеу мен дикцияны дайындау;

ыңғайлы және тыныш орынға немесе өткізетін бөлмеге орналасу;

сабақты жазуға және өткізуге дайындығын тексеру (микрофон дыбысы, ноутбук заряды-бірден желіге қосу, камераны сүрту, планшет немесе интерактивті тақта дайындау қажет.);

веб-камераның көру аймағын тексеру, көрініске артық (отбасы мүшелері, заттар, шашылған киім және т.б.)нәрсе түспейтініне көз жеткізу;

дауысты дайындайтын жаттығуларды пайдаланыңыз (https://myownconference.ru/blog/index.php/uprazhnenij-dlya-golosa/);

жұмыс стиліндегі киімді таңдаңыз;

сабақ өткізу үшін қосымша нұсқа дайындау (Б жоспары). Ол үшін барлық қажетті материалдарды компьютердің жұмыс столына жүктеңіз, қандай да бір сервистер іске қосылмаған жағдай үшін;

аудиторияны белсенді тарту керек;

жеке сұрақтардың жауабын чатқа жіберу ұсынылады;

сабақтың жазбасын сақтау керек, оқушыларда материалды кез келген уақытта пайдалана алу мүмкіндігі болады. Бұлттық қоймаларда сақтауды ұйымдастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет