4. Орта білім беру ұйымдарында оқыту процесін
ұйымдастыру тәртібі
18. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қатаң сақталады.
19. Қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы оқыту процесі МЖМБС, Типтік оқу жоспарлары мен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда оқытудың икемді түрін қамтамасыз ету үшін сабақ кестесіне түзетулер енгізіледі.
20. Оқыту процесінің барлық қатысушылары оқу контенті бар ТД-телесабақтарға және электрондық платформаларға қол жеткізе алады.
21. Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруды және педагогтермен, қызметкерлермен, ата-аналармен (заңды өкілдерімен) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді орта білім беру ұйымының басшысы үйлестіреді.
22. Білім беру ұйымдарында басшы оқыту процесінің барлық қатысушыларына білім беру мәселелері бойынша нұсқаулық:
әркімнің денсаулығын сақтаудағы, сақтық шараларын орындаудағы жауапкершілігін;
телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім алушылармен жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыруды;
қажет болған жағдайда ата-аналарға жеке кеңес беруді қамтамасыз етеді.
23. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі 4 тоқсаннан бастап күндізгі нысанда жалғастырылатын болады және қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
24. Күндізгі режимде оқу процесін жалғастыратын мектептер (елді мекенді толық оқшаулаған кезде) қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді. Оқушылар мен педагогтардың, барлық қызметкерлердің санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша нақты нұсқаулықты және нұсқаулықтың толық сақтауын қарастыру қажет.
Сабақтар 30 минуттан өткізіледі. Балалар мен ересектердің жаппай болуына жол бермеу үшін кабинеттердің қабаттылығын, алыстығын ескере отырып, оқу процесін бірнеше ауысымда ұйымдастыру қажет. Қажет болған жағдайда бірнеше ауысымда және кіші топтарда оқытуды қарастыру, ол жағдайда бөлме міндетті түрде кварцталып және желдетуі қажет. Мұғалім тек қана бір ауысымда жұмыс істейді, мұғалімнің бірнеше ауысымда жұмыс істеуін болдырмау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |