Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу



бет15/18
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ДОТ МОН РК ПРИКАЗ 123 каз - 01.04.2020 ж

3. Бейне сабақты ұйымдастыру
15. Қол жетімді платформалардың (edu.gov.kz сайтынан көруге болады) көмегімен мұғалім өзі онлайн сабақ ұйымдастыра алады. Ол үшін мына құрылғылармен:

дербес компьютер;

(кең жолақты) сыммен немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке қосылған;

динамиктер және микрофон – кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;

веб-камера немесе HD-веб-камера - кіріктірілген немесе USB;

HD-камера немесе видеозахват картасы бар HD-бейнекамера;

интернет желісіне қол жетімділігі бар iOS немесе Android мобильді құрылғымен (смартфон немесе планшет) жабдықталған болу қажет.

16. ТД-телесабақтар мен онлайн сабақтарға қашықтықтан мониторинг жүргізу үшін педагогтің таңдауына байланысты келесі технологияларды пайдалану ұсынылады:

электрондық журналдар мен күнделіктер kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz - бейне-сабақтарды, сандық білім беру ресурстарын орналастыру, білім алушыларға өзіндік орындауға тапсырма беру және кері байланысты (мұғалімдердің түсініктемесі мен ұсыныстары, хабарландыру түрінде ата-аналарды ақпараттандыру, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізу, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және оны онлайн тексеруді ұсыну, қысқа және кеңейтілген түсіндірмелер түрінде) жүзеге асыру үшін қолданылады;

электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде Kundelik.kz адресінде онлайн білім беру үшін нұсқаулықтар, құжаттамалар және видеонұсқаулықтар салынады: https://portal.kundelik.kz/kz/c/355-instruktsii-po-udalennoi-rabote .

streaming, платформалар: Bilimland.kz, Мектеп OnLine,daryn.online.kz, kundelik.kz, sabak.kz, aitube.kz, Opiq.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz және т.б. осы платформаларды пайдалана отырып, пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады;

ҚР БҒМ ресми әлеуметтік желілері, ҚР БҒМ Youtube, Telegram арнасы Edunews.kz, aitu.io, aitube.kz.

17. Facebook, Instagram және т.б.мектеп сайттары, әлеуметтік желілер – тәрбиелік іс-шаралар үшін әзірленген бейнеконтент орналастырылады.

Оқу теледидарының жұмыс істеуі кезеңінде әдістемелік кабинеттер орта білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагогтерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет