«Парадигмалық және синтагмалық мағына»-42 бет
КІРІСПЕ.............................................................................................................2
ІІ. НЕГЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1Парадигмалық мағына.................................................................................6
ІІ.2 Синтагмалық мағына.................................................................................25
ІІ.3 Лексика элементтері арасындағы парадигмалық және синтагмалық қатынастар ………………..........................................................................28
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................42
КІРІСПЕ
Тілдің системалы құбылыс екендігіне ешкім де дау айтпайды, бірақ система өзінен-өзі мағына жасайды деу де дұрыс емес. Тіл — адамдардың аса маңызды қатынас құралы болғандықтан да (В. И. Ленин) белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізуі керек. Ол үшін айтылған информацияның объектив сипатқа ие болатындығын, сыртқы дүниедегі заттармен сәйкес келетін элементтерінің барлығын мойындау керек. Демек сөз мағынасының құрамындағы экстролингвистикалық және интерлингвистнкалық элементтердің барлығын мойындау шарт. Сөз мағынасының күрделі екендігін, олардың бірнеше элементтерден кұралатындығын, мағына кұрамында грамматикалық мағынамеи бірге сыртқы дүниемен байланысып жататын мағыналық элементтердің барлығы туралы ерте кезден бері айтылып келе жатса да, олардың элементтері саналып көрсетілген емес. Бұл типтегі жұмыстар соңғы кездерде ғана жасалып жатыр. Мысалы, Н. А. Слюсарева сөз мағынасының екі элементтен, лингвистикалық мағына мен бейнелік мағынадан құралатындығын ашып айтып, мақала жариялайды (Слюсарева 73, 15) *. Бұдан сәл бұрын Л. М. Васильев сөз мағынасындағы реляцион (структуралық) мағынаның барлығын көрсеткен болатын. Сондықтан да ол сөз мағынасын: 1) құрылымдық, 2) сигнификаттық, 3) денотаттық үш элементтен құралады деп есептейді (Васильев 66, 20) *. Слюсарева мақаласында Францияда жарық көрген Ж. Мунэн мен Италияда жарық көрген Т. де Маураның еңбектеріне талдау жасай отырып, «Сөзсіз (бұны екі кітап та, соңғы кездерде жарық көрген басқа еңбектер де) лингвистикалық семантика мен философияның, логика мен психологияның, т. б. пәндердің объектісі болатын бейнелік (отражательное) семантиканы ажырататын күн келді»,— деп жазады (Слюсарева 66, 20). Автордың мұндай қорытындыға келуіне бірнеше себептер де бар. Біріншіден, белгілі бір зат туралы адам санасында жиналған түсініктің барлығы бірдей сөз арқылы беріле де бермейді. Сондықтан да сөз мағынасы сол зат не құбылыс туралы бар түсінігіміздің белгілі бір бөлшегі ғана болып есептелінеді. Бұны өз кезінде А. А. Потебня байқап, сөз мағынасын алыс және жанын мағына деп екіге бөлген болатын.А. А. Потебня көрсеткен адамдардың өзара түсінісулері үшін қажетті болған мағына сөздің семантикасына сәйкес келеді. Екіншіден, адамдардың объектив дүниені үздіксіз танып-білуі арқылы оның белгілі бір зат не құбылыс туралы түсінігінің өзгеріп отыратындығы анык, сондай-ақ сөз мағынасы да өзгеріп отыратындығы да шындық. Бірақ сөз мағынасының өзгеруі ұғымға қарағанда баяу, шабан болады. Мысалы, Абай дәуірінде (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша) отырықшылықты (жатақтарды), егін салуды ар көрген болсақ, қазір көшпенділікті баскаша бағалаймыз. Бірақ бұл дәуірдің ішінде (бір ғасыр ішінде) отырықшылық, көшу, егін салу сөздерінің мағынасы өзгерген жоқ, тек номинативтік мағынаға қосалқы мағына ретінде (коннотативтік) өмір сүретін эмоциялық-экспрессивтік мағыналық реңк қана өзгерді.Сондықтан да сөз мағынасы мен адамдардың түсінігі, ұғымы арасындағы теңдіктің жоқ екендігі анықталып, екі категорияның арасы ашыла бастады. Соңғы жағдайды негіздей отырып Н. А. Слюсарева: «...біздің пікірімізше, мағына қай дәрежеде мазмұнның (содержание) құрамына енеді деген мәселе тек жарым-жартылай ғана лингвистикалық мәселе болады, тіл қалай адамзаттың білімін жинақтап, сақтап, басқа біреулерге жеткізеді деген мәселе толығымен бейнелік семантиканың мәселесі болады да, лингвистиканың аясына енбейді»,— деген қорытынды шығарған (Слюсарева 73, 15) *.
Н. А. Слюсареваның сөз мағынасын бұлай екіге бөлу практикасын барлық тілшілер бірдей қабылдай қойған жоқ. Мысалы,. Р. А. Будагов сөз мағыналарын арнайы талдауға арналған мақаласында Н. А. Слюсареваның пікіріне тоқталады. Бірінші ескертетін нәрсе сол — Р. А. Будагов сөз мағынасын түсінікпен тең деп есептейді. Оның ойынша ұғым — тіл категориясы ретінде танылғанда тілдік мақсатта ғана бағаланады. «Ең алдымен ескертерім, бұдан кейін сөз мағынасын түсіндіргенде мен оны белгілі тілдік система арқылы, оның призмасы арқылы өзгертілген ұғым деп түсіндіремін. ...Ұғым әр халықтың ойлау дәрежесіне байланысты болса да жалпы адамдарға бірдей категория. Сөз мағынасы болса, керісінше, белгілі бір тілге ғана тән категория, бәрінен бұрын сол тілдік система шеңберінде ғана өмір сүреді»,— деп ескерту жасайды (Будагов 76, 95) *. Осы позицияда тұрып ол басқа көзқарастарға талдау жасайды. Н. А. Слюсареваның мақаласына келгенде, тілдік семантика мен бейнелік семантиканың жеке-жеке категория ретінде танылуына қарсы шығады. «Тілдік семантика бейнелік семантикаға сүйенбесе, өлі болады»,— деп қорытынды жасайды (Будагов 76, 107).
Р. А. Будагов тілдік семантика мен бейнелік семантиканы бөліп алушыларға үш пункттен тұратын дау айтады. Біріншіден, неліктен тілдік семантика тек сөздерде ғана болу керек. Мағына категориясы тек сөздерде ғана болмастан, ол синтаксисте де, морфологияда да, фразеология мен стилистикада да бар. Екіншіден, тілдік семантика мен бейнелік семантиканы ажырату дұрыс-ақ, егер осы екі мағынаның өзара байланысын, айырмашылығын, байланысу жолдарын тапса ғана. Егер олар табылмаса, онда тілдік семантика тұйықталған, өз ішінде ғана қалатын нәрсе болады. Тілдік семантика қалайша, ненің көмегімен адамның ойын, сезімін басқа біреуге жеткізе алады, объектив дүниемен қалай байланысады? Үшіншіден, ұғым қаншалықты жалпы, дерексізденген болса, онымен байланысты болған нақтылы заттардың сезімдік бейнесі соншалықты аз болады. Ұғымның жалпылаушы қасиеті өскен сайын ұғым мен сөз мағынасының арасындағы байланыс өте тығыз, жақын бола бастайды. Үшінші пункттен автор сөз мағынасы дерексізденген, жалпыланған, сондықтан ол ұғыммен тең түседі дейді. Әрине,, Р. А. Будаговтың көрсеткен үш пунктінің үшеуі де тіл білімінде ертеден сөз болып келе жатқан мәселелер.
Н. А. Слюсареваның пікірін қолдап, лингвистикалық семантика мен бейнелік семантиканы бөлу қажеттігін көрсеткен ғалымның бірі — С. Г. Бережан. Бірақ ол лингвистикалық семантика мен бейнелік семантиканың зерттеу объектісін сәл басқашалау түсінеді. «Лингвистикалық семантика, бейнелік семантика дегенде біз психологиялық категорияны түсінеміз. Яғни тіл білімін және басқа пәндердің (философия, логика сияқты) салаларын түсінеміз. Көрсетілген пәндердің тараулары, сөзсіз, өздерінің зерттеу объектісіне ие: біріншісі (лингвистикалық семантика) тілдік семантикамен (басқаша айтқанда тілдік мағынамен) яғни тіл элементтерінің мағынасын ерекше назарға алса, екіншісі (бейнелік семантика) тілдік элементтерден тыс жатқан семантикамен (яғни тілдік болмаған мағыналармен) немесе айналадағы объектив дүниедегі заттардың адам ойында бейнеленген жалпы мазмұнымен байланысты болады» (Бережан 79, 5) *. Берілген үзіндінің көрсетуінше, С. Г. Бережан тіл элементтері (сөз, морфема, синтагма т. б.) берілген мағынаның барлығы лингвистикалык семантика, адам ойындағы заттардың, табиғаттағы кұбылыстардың бейнесі (біздің терминіміз бойынша гнесиологиялық бейне) бейнелік семантика деп түсіндіріледі. Н. А. Слюсаревада болса бұл терминдер басқаша түсіндірілген. Біздіңше, лингвистикалық семантика да бейнелік семантика да тіл элементтершнің мағына құрамына енеді.
Тіл элементтерінен тыс жатқан мағына туралы сөз болудың өзі артық. Бірақ тіл ойдың тек жарыққа шығу формасы ғана болып саналмастан, ойдың өмір сүру формасы да екендігін ойдан шығармау керек. Сондықтан да Н. А. Слюсарева бейнелік мағына адамдардың білімі, емір тәжірибесі негізінде жинағаңдарын ойда сақтау, жинақтау деп түсіндіргенде осы тілдің екінші функциясын ойға алған. Ой элементтері бейнелік мағына болып саналмайды. Тілдің коммуникативтік, когнитативтік, эмоционалдық-экспрессивтік қызметі де осы мағыналар негізінде іске асады (Слюсарева 81, 16—17) *.
Лингвистикалық және бейнелік мағыналардың бар екендігін ашып көрсетпесе де, сөз мағынасының құрамында таза объектив дүниемен байланысып жататын элементтердің және тілдік системалардың негізінде туатын мағыналық элементтердің барлығын көрсеткен пікірлер Ю. Д. Апресян, О. Н. Турбачев пен 0. Н. Селиверстовалардың еңбектерінде де бар. Мысалы, Ю. Д. Апресян сөз мағынасына: «Тілдік таңбаның семантикасында заттар, құбылыстар және оның қасиеті мен амал-әрекеті туралы әлсіз, қарапайым (наивный) ұғымын ғана бейнеледі»,— деп анықтама бере отырып (Апресян 74, 56) *, сөз мағынасын анықтауда тіркестің (сочетаемость) де қызметі мол екендігін ескертеді. «Сөздердің семантикалық ерекшелігі не сөздердің мағыналық ерекшелігі ретінде, не тіркесу ерекшелігі ретінде талданылады»,— деп жазғанда және орыс тіліндегі воля, качество, темперамент сөздерін талдағанда осы тіркес негізінде анықталатын (автор оны пайда болған деген) мағынаның берілу заңдылығын көрсету, қолданылу ерекшелігін көрсетуге әрекет еткен (Апресян 74, 56—65). Ю. Д. Апресян Ф.де Соссюр мен Ч. Морристердің теорияларын салыстыра отырып, сөздер таңбаланушы мен таңбаланушыдан басқа синтактика мен прогматикалық қасиеттердің де ықпалы болатындығын көрсетеді. Синтагматика деп сөздің (автордың терминінше таңбаның) басқа сөздермен байланысу қағидасы, нормалары туралы ннформация түсінілсе, прогматика деп айтушының не информация Сағытталған адамның айтылған информацияға көзқарасын түсінеді (Апресян 74, 56). Демек Ю. Д. Апресян тіл элементтерінің мағынасында минимум заттық бейне, синтагматикалық және парадигматикалық элементтер болады деп есептейді.