4. Есептер шығару. №1. Паралеллепипедтің үш жағының ауданы: 1м3, 2м3, 3м3. Параллелепипедтің толық беті неге тең?
№2.Тік параллелепипедтің табан қабырғалары 6м және 8м-ге тең және олар 300 бұрыш жасайды, бүйір қыры 5 м-ге тең. Осы параллелепипедтің толық бетін табыңдар.
№3. Тік параллелепипедтің табан қабырғалары 3 см және 8 см, олардың арасындағы бұрыш 600. Бүйір беті 220 см2-ге тең. Толық бетін табыңдар.
№4. Тік параллелепипедтің табанының қабырғалары 3 см және 5 см, ал табан диагоналдарының бірі 4 см. Параллелепипедтің кіші диагоналы табан жазықтығымен 600бұрыш жасайтыны белгілі, оның үлкен диагоналын табыңдар.
№5. Тік параллелепипедтің әрбір қыры а-ға тең, ал табандарындағы бұрышы 600-қа тең. Параллелепипедтің диагоналдарын табыңдар.
№6. Тік параллелепипедтің бүйір қыры 5 м, табанының қабырғалары 6 м және 8 м, ал табан диагональдарының бірі 12 м-ге тең. Параллелепипедтің диагоналдарын табыңдар.
№7. Параллелепипед табандарының центрлерін қосатын кесінді бүйір қырларына параллель болатынын дәлелдеңдер.
№8. Тік параллелепипедтің бүйір қыры 1 м, табан қабырғалары 23 дм және 11 дм, ал табан диагоналдарының қатынасы 2:3 қатынасындай. Диагоналдық қималар аудандарын табыңдар.
№9. Тік бұрышты параллелепипедтің үш өлшемі бойынша оның диагоналдарын табыңдар:
а) 1;2;2; б) 2;3;6; в) 6;6;7; г) 4;5;9.
№10. Бүйір қыры в параллелепипедтің табан қабырғасы а-ға тең болатын квадрат. Жоғарғы табаны төбелерінің бірі-төменгі табанының барлық төбелерінен бірдей қашықтықта. Параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар.
№11. Тік бұрышты параллелепипедтің табан қабырғалары 7 дм және 24 дм, ал параллелепипедтің биіктігі 8 дм. Диагональдық қиманың ауданын табыңдар.
№12. Берілген үш өлшемі: 10 см, 22 см, 16 см бойынша тік бұрышты параллелепипедтің бетін табыңдар.
№13. Биіктігі h, табанының ауданы Q, ал диагоналдық қимасының ауданы ауданы М болатын тік бұрышты параллелепипедтің бүйір бетін табыңдар.
№14. Тік бұрышты параллелепипедтің үш жағының бір төбеде тоғысатын диагоналдары а, в, с-ге тең. Параллелепипедтің сызықтық өлшемдерін табыңдар.
№15. Параллелепипедтің бір төбесінде түйісетін қырлары жасайтын бұрыштар белгілі. Кез келген басқа төбеде түйісетін қырлардың арасындағы бұрыштарды қалай табады?