Парфюмерия Орындаған: Сарыбай А



Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#84721
Байланысты:
парфюмерия

парфюмерия

Орындаған: Сарыбай А.

Тексерген:Қожабергенов А.

Парфюмерия

  • Парфюмерия (франц. Parfumerie, parfum — хош иіс) денеге, шашқа, киімге хош иіс беру және гигиеналық сергіту мақсатында пайдаланылатын заттар. Ерте кезде хош иіс беру үшін табиғи заттар: эфир майы, бальзамдар пайдаланылып келсе, бертін келе органикалық химияның дамуына сәйкес парфюмерлік бұйымдар жасанды хош иісті заттардан өндірілетін болды.

Шығу тарихы

  • Адамзатты терінің жағымсыз иісі сонау ықылым замандарда-ақ ойландыра бастады. Мұның дәлелі Ежелгі Египет жерінде иіс шығаратын қоспалардың болуы. Ақсүйек египеттіктер хош иісті майларды қосып суға түсетін болған және өздерінің қолтықтарын иіссумен сылаған. Кейіннен бұл әдісті гректер үйренді де, римдіктердің күнделікті тұрмыстарынан ойып тұрып орын алды. Жаңа дәуір басталысымен, христиандық шіркеулердің ықпалы күшейіп, жеке бастың гигиенасына қажетті және тері күтіміне арналған бұйымдардың бәрі ысырылып тасталынды. Уақыт өте келе олардың жаңа түрлері қолданысқа енді, бірақ өте қымбат еді. Оларды кез келген адамның сатып алуға ақшасы жетпейтін. ХІХ ғасырда пайда болған иіссулар (туалетная вода) әлдеқайда ыңғайлы және қолжетімді еді. 1903 жылы антиперспирант шықты. Ол иісті жойып қана қоймай, тері саңылауларын бітеп, иістің жолын бөгей алады.

Парфимерияның қыр-сыры

  • Күнделікті пайдаланып жүрген иіссулардың көбі хош иісті майлар, спирт және судан тұрады және бір-бірінен осы компонеттердің арасалмағына байланысты ажыратылады. Сонымен қатар парфюмерия құрамына аз мөлшерде бояғыш заттар мен антиоксиданттарды қосу жіберіледі, бұл парфюмнің иісіне еш әсер ете қоймайды. Хош иіс тудыратын заттар концентрация нормасы әр парфюм түрлері үшін әр елде әртүрлі, бірақ белгілі бір шектеуден аспауға тырысады.
  • Парфюм пайдаланғанда Американдық концепция бойынша табиғи иісті біржолата жойып, парфюм иісін бойыңа сіңіру болып табылады. Ал Еуропалық концепция табиғи иісті сақтай отырып, денеге әлсін хош иіс сыйлауды жөн санайды. Бұл кезде адамның хош иісін жақын тұрған адам, не жанынан өткендер сезіне алады. Бізде көбіне осы Еуропалық тәсілді пайдаланатын ұқсайды.

Парфюм таңдауда мынадай кеңестерді ескерген жөн: Иіс суды тек өзіңе ғана сеніп таңдау қажет. Сонымен қатар, иіс су жағылған қағаз, немесе паралон арқылы таңдаған дұрыс емес. Өйткені парфюм теріге тигенде оның иісі тіптен басқаша шығуы мүмкін. Одан да бір тамшы иіс суды білегіңіздің терісіне тамызыңыз да он минут күтіп, иіскеңіз. Парфюм иісі сіздің имиджіңізге және жасыңызға сәйкес болуы керек.

Өздеріңізге белгілі парфюмнің де бірнеше түрлері болады:

  • Хош иісті майлар (ароматический масла) – таза күйдегі эфир майлары;
  • Духи (Parfum, Extrait —французша, және Perfume — ағылшынша «духи»). 18-30 % хош иісті майлардан тұрады. Бұлар ең құнарлы және иісі тұрақты парфюмерия қатарына жатады. Бағасы жағынан да қымбат болып келеді. Кішкентай құтыларда шығарылатын духи иісі 6 сағаттай сақталады.
  • Парфюмерлік иіссу (Eau de Parfum) – құрамында 10-20 % хош иісті майлар бар. Көбіне түскі кездесулерге пайдаланады, иісі 4 сағаттай сақталып тұрады.
  • Классикалық иіссу (Eau de Toilette) – бұл парфюмердердің ішіндегі ең жеңілі болып саналады. Онымен күніне бірнеше рет пайдалануға болады. Жаздық мезгілге жақсы келеді. Құрамында концентрациясы 4-10 % құрайды.
  • Одеколон (Eau de Cologne) – құрамы классикалық иіссуға жақын, бірақ композиция жағынан 1,5 % құрайды.
  • Парфюмерлік дезодорант (Deo parfum) – 3-5 % майдан, 2 % судан тұрады. Кейбірі бактериялардан қорғайды. Көбіне қолтықтан шығатын жағымсыз иісті кетіру мақсатында пайдаланады. Сонымен бірге денеге жағымды иіс беру ретінде де жүреді.
  • Жуыну құрылғылары: иіс сабын, душқа арналған гель, ваннаға арналған көпіршік, денеге арналған тазартқыш сүтті пайдалану жақыныңызбен қарым-қатынаста жақсы әсер сыйлайды.

ХОШ ИІСТІ МАЙ одекалон

Иіс су пайдаланғанда мынадай ережелерді ескеріңіз:

Иістің төменнен жоғары қарай шығу дағдысы бар. Сол себепті иіс су пайдаланғанда денеңіздің төменгі жағын да бей жай қалдырмағаныңыз жөн.

Иістің жақсы шығуына дененің бүгілетін жерлері жақсы әсер етеді. Оларға: тізе асты, шаптың бүгінділері, шынтақтың ішке бүгілетін жері, білектің ішкі беті, мойынның құлақ түбі жатады. Осы жерлерге иіссуды себу арқылы сіз өз табиғи кейпіңізді жоғалтпай, әрі тұрақты иісті қамтамасыз етесіз. Бұл киімге құйылған иіссудан бірнеше есе артық.

Егер жан-жағыңызға қайталанбас иіс таратқыңыз келсе, иіссуды таза, дымқыл шашыңызға сеуіп, табиғи жолмен кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет