Парижде Эколь Нормаль жоғары мектебінде білім алған;
1895 ж. театр тарихынан екі докторлық диссертациясын қорғаған;
Ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысып, Сорбоннада музыка тарихы курсынан лекция оқыған.
Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866 ж., Кламси - 30 желтоқсан 1944 ж., Везле) ‒ француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты (1915 ж.)
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Шығармашылық жолын драматургиядан бастаған Роллан 1897 ж. «Әулие Людовик» драмасын жариялады.
Роллан есімін әлемге әйгілі еткен 10 томдық «Жан Кристоф» (1904-12 жж.) роман-эпопеясы 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мәдениетінің құлдырауын, өкіметтің қатал тәртібіне қарсы күрескен неміс музыкантының экзистенциалды рухани ізденістерін көрсетті.
«Кола Брюньон»(1914 ж., жариялануы 1918 ж.) повесінде қоғамдағы мәдениет пен өнер тағдырын толғады.
«Ғажайып жан» (1922-33 жж.) романында қоғамнан өз орнын таппаған интеллигенция тағдыры, кейіпкердің күрделі ішкі әлемі бейнеленді.
Ганди мен Тагордың дүниеге көзқарастары қызықтырған Роллан «Махатма Ганди»атты кітабын жариялады.
«Өлім мен махаббат ойындары» (1925 ж.), «Робеспьер» (1939 ж.) трагедияларын сахнаға шығарды.
«Эпикалық топтама» драмаларында қоғамдағы рухсыздыққа, құлдырауға қарсы шықты.
Ол Б.Микеланджело (1907), Л.Толстой (1911), М.Ганди (1923), Ш.Пеги (1944), Л.Бетховендер (1928-45 жж.) туралы трилогия жазды.
Ролланның «Жан Кристоф»романы қазақ тіліне ықшамдалып аударылған (1937 ж.) [1].
Өмірбаяны
Лицейде, кейін Париж медициналық институтында оқыған (1915 ж.);
Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1917 ж.);
Шығармалары 1917 жылдан жариялана бастады.
1920-жылдары дадаизм, сюрреализм ықпалында болды. Алғашқы өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамды сынап, оны өзгертуді армандады.
Луи Арагон
(3.10.1887 ж., Париж — 10.6.1982 ж.) ‒ француз жазушысы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
«Фейерверк» (1920 ж.),
«Ура, Орал!» (1934 ж.),
«Жүректегі қанжар» (1934 ж.),
«Эльзаның жанары» (1942 ж.),
«Паноптикум» (1943 ж.),
«Француз шапағы» (1945 ж.) өлең жинақтары,
көптеген поэмалары
«Қызыл майдан»,
«Аяқталмаған роман»,
«Эльзаға»,
«Ақындар»,
«Эльзаның Мәжнүні»,
«Париж шаруасы» (1926 ж.),
«Нақты әлем» романдар топтамасы (1-6 т., 1949-51 жж.),
«Шынымен күйреу» (1958 ж.),
«Бланш немесе Ұмыту» (1967 ж.),
«Театр-роман» т.б. романдары, сондай-ақ, көптеген әңгімелер, публицистік шығармалар жинағы жарық көрген.
Жазушының эстет. позициясы «Нақты дүние» романдар топтамасынан айқын көрініс тапты. «Кеңес әдебиеті» кітабында (1955 ж.) Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына жоғары баға берді. Соның ішінде, М.Әуезовтің «Абай» романын 20 ғасырдың ең үздік туындыларының бірі деп таныды [2].