пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі
пародонтоз, орта дәрежесі
11.Стоматологиялық клиникаға келген 18-дегі бозбала қызылиегінің ылғи толассыз сыздап ауыратынына, ас қабылдағанда ауру сезімініңкүшейетініне, қатты қанағыштығына шағымданады. Бұл жағдай екі аптадан аса уақыт мазалапты. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы 37,5°С, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады және қозғалмалы. 48, 47, 46, 45, 44, 43 тістер аймағындағы қызылиек аздап қызарған, жиектері мен бүртіктері кір-сұр түсті оңай алынатын өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар. Анықталған клиникалық белгілер қандай ауруға тән?