Пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі


пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі



бет2/131
Дата27.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#129938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
пародонтология тест

пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі




2.18 жасар қыз қатты тағам шайнағанда, тісін  тазалағанда  қызылиегінің  қанайтынына  шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиегі көкшілденген, қызылиек  бүртігі өсіп, тіс  сауытының 1/3  бөлігін жауып   жатыр. Диагноз қою үшін төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғұрлым дұрыс болады? 

қанның жалпы құрамын талдау

өмір тарихын анықтау

ауру тарихын анықтау

сүңгілеп тексеру

сипап тексеру

3.Төменде көрсетілгендердің қайсысы тіс шөгінділеріне жатпайды?

Пристлей қағы

тіс тасы

фибринді қақ

жұмсақ ақ қақ

шылым шегушілер қағы

4.Пародонт  тіндері  арқылы  жоғары  жиілікті айнымалы  электр  тогы  өткенде олардың  кешенді электр  қарсыластығының  өзгерісін  тіркейтін  әдіс -?

реографиялық әдіс

эхоостеометриялық әдіс

термометриялық әдіс

стоматоскопиялық әдіс

фотоплетизмографиялық әдіс

5.Сүйек  тінінің  дыбыс  өткізгіштігін  уақытпен  өлшейтін  әдіс -?

реография әдіс

полярографиялық әдіс

капилляроскопиялық әдіс

эхостеометриялық әдіс

фотоплетизмографиялық әдіс

6.55 жасар ер адам қызылиегінің қышып  мазалайтындығына шағымданады. Қарағанда: екі жақ қызылиектері ақшыл-қызғылт түсті, жұқарған, пародонтальдық қалталар анықталмайды,тістерінің статикасы бұзылмаған. Тістер түбірлері 1/3 ұзындығына біркелкі ашылған. Аурудың диагнозын нақтылау үшін қандай тексеру әдісін қолданған тиімді?

рентген әдісі

анамнез

эхоостеометриялық әдіс

полярографиялық әдіс

капилляроскопиялық әдіс

7.Төменде көрсетілген әдістің қайсысы эхоостеометриялық әдістің мақсатына неғұрлым сәйкес келетіні?

самай-жақ буының жағдайын анықтау

сүйек тінінің тығыздығын анықтау

тіс кіреукесінің тығыздығын анықтау

дентиннің тығыздығын анықтау

тіс цементінің тығыздығын анықтау

8.Қызылиек  фиброматозы деген ауру пародонт ауруларының қай тобына  жатады?

пародонтомаларға

қызылиек қабынуына

пародонтозға

тез дамитын пародонт қабынуына

пародонт қабынуына

9.Рентгенологиялық зерттеу кезінде жасы  54-тегі  әйел  адамның жақ  сүйектерінің  ортопантограммасында   тістерінің желпіуішке  ұқсап  орындарынан  ауысқаны,  альвеола  өсіндісінің біркелкі емес, аралас  1/2  денгейіне дейін  сорылғаны  анықталды, түбірлер  бойымен  орналасқан  терең  сүйек  қалталары  бар. Альвеола  өсіндісінің  сақталған  бөлігінде  жайыла  кеуектену  үрдісі  орын  алған.

Рентгеологиялық сипаттама төменде көрсетілген аурулардың қайсысына неғұрлым сәйкес келеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет