126.Жасы 27–тегі әйел қызылиегінің жиі-жиі қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері және бүртіктері іркілген көкшіл – қызыл түсті. Жұмсақ тіс шөгінділері байқалады. Зондпен тексергенде тіс-қызылиек байламы бұзылмаған. Рентген суретте сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Клиникалык көрініс төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?