285.Жасы 19-гi жігіт қызылиегiнiң ауыратынына және қанайтындығына, әсiресе тағам қабылдағанда осы сезiмдердiң күшейе түсетiндiгiне шағымданады. Анамнезде: ауырғанына 3 күн болды. Қарап тексергенде: оңi бозарған, дене қызуы 38°С, жақасты лимфа тұйiндери ұлғайған, сипап байқаса ауырады, қозғалмалы. 48, 47, 46, 42, 41, 36, 37, 38 тiстер аймағындағы қызылиек жиектерi мен бүртiктери кiр сұр түстi, өлi-еттi қақпен жабылған. Ауыз iшi сауықтырылмаған. Тiстер бетiнде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар. Осы сипаттамаға төменде көрсетiлген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келедi?