Монография Қарағаиды 2009 Ре по зи то ри й Ка рг у қаз ббк


 Қазақ прозасының қалыптасуындағы жедел даму құбылысы



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата11.12.2021
өлшемі2,65 Mb.
#99376
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Zharilgapov monograf

1.2. Қазақ прозасының қалыптасуындағы жедел даму құбылысы 
 
Асылында, жер бетіндегі барша халықтардың даму жолы біркелкі еместігі 
аян.  Алғашқы  қауымдық  құрылыстан  неғұрлым  күрделі  қоғамдық  өмір 
формаларына    әр  халық  түрлі  жолдармен,  түрлі  уақыттарда  өтіп  отырды. 
Біреуінде  классикалық  антика,  келесісінде  феодалдық  дәуір  ұзақ  уақытқа 
созылса, біреулері капиталистік формацияға ертерек енді т.б. Тарихи дамудың 
осы  ерекшелігіне  сәйкес,  ғалымдар  арасында  талайдан  бері  пікірталастар 
тудырып  келе  жатқан,  ұлттық  әдебиеттану  көп маңыз бере  бермеген мынадай 
мәселелер  бой  көтереді:  ұлттығы  мен  мемлекеттігі,  жазба  әдебиетінің  пайда 
болуы әр түрлі хронологиялық кезеңдерде жүзеге асқан халықтардың барлығы 
антикалықтан модернизмге дейінгі көркемдік даму сатыларынан өтуі міндет пе 
және мүмкін бе?  
Мұндай  күрделі  сұрақты  «әдебиеттің  жедел  дамуы»  ұғымы  тұрғысынан 
қарау  қолайлы  деп  білеміз.  Осы  тәжірибені  қолдану  арқылы  Н.И.  Конрад,          
Д.С.  Лихачев,  Г.Д.  Гачев  сияқты  орыс  ғалымдары  біршама  табыстарға  қол 
жеткізе  алған.  Бұл  мәселе  бойынша  аталған  ғалымдардың  пікірлерінің 
тоғысатын  жері  мынада:  Олардың  айтуы  бойынша,  ортақ  заңдылықтардың 
негізінде  ұлттық  әдебиеттер  мәдени  дамудағы  «заңды»  кезеңдерді  басынан 
өткермей-ақ, өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып жедел түрде дамуы 
мүмкін.  
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
22 
Осындайлық  сипат  біздің  ұлттық  сөз  өнерімізде  прозаның  туу  үдерісінен 
байқалмай қалмады. Бірақ уақыт айырмашылықтары өте үлкен. Сондықтан да, 
көне халықтардың мыңжылдықтар бойы жүріп өткен жолында қалыптастырған 
табыстарына  жедел  даму  арқылы  қысқа  мерзімде  қол  жеткізе  алған  ұлттық 
әдебиеттердің феномені қазіргі әдебиеттану ғылымында айрықша ыждаһатпен 
зерттелуде. Жедел дамудың нәтижесінде мифтік-тотемдік танымнан, ұжымдық 
шығармашылықтан жеке шығармашылық санаға көтеріліп үлгерген, конондық 
жанрлық  жүйеден  адамзат  мәдениетінің  Жаңа  дәуірінде  дүниеге  келген 
жанрларды  толық  игере  алған,  жазба  әдебиеті  дамудың  барлық  сатыларынан 
өткен  халықтардың  әдебиетімен  бәсекелесе  алатын  жаңа  ұлттық  әдебиеттер 
тарих сахнасына шықты. 
Әдебиеттің  жедел  дамуына,  оны  зерттеудің  әдістеріне  арнап  іргелі  еңбек 
жазған  Г.  Гачев:  «Ұлттар  мен  мәдениеттердің  жедел  дамуы  біздің 
заманымыздағы  бүкіләлемдік-тарихи  тұрғыдағы  құбылыс.  Белгілі  бір 
себептермен өз даму жолының бір кезеңдерінде ұзақ тұрып, кешеуілдеп қалған 
(бұл көбінесе ұлттың қалыптасу дәуірі) Шығыс Еуропаның бірнеше халықтары, 
кеңестік  және  шет  елдік  Шығыстың,  Африка,  Латын  Америкасының  бірқатар 
халықтары  жаңа  тарихи  жағдайға  сай  оянып,  біртұтас  әлемдік  тарихи  үрдіске 
қосылып кетті. Өте қысқа уақытта басқа елдерді, халықтар мен мәдениеттерді 
қуып жетіп, белгілі бір тұстарында шапшаң жылдамдықтың арқасында алдына 
шығып  кетеді»,-  деп  жазды  [16,4].  Бұл  –  зерттеушінің  ұзақ  жылдар  бойғы 
зерттеулерінің  нәтижесінде  жасаған  тұжырымы.  Мұндай  тұжырыммен  үзілді-
кесілді келіспейтін Б.Г. Реизов: «Бұл – жедел даму емес, мұндай даму қалыпты 
және заңды. Жаңа әдебиеттер ешқандай сатылардан өтпейді, оны қандай әдеби-
мәдени  жағдай  үстемдік  құрып  тұрған  қоғам  туғызды,  сондай  болып  дүниеге 
келеді.  Әйтпесе,  жаңа  мемлекеттермен  бірге  пайда  болып  жатқан  жаңа 
әдебиеттерді  түсіну  мүмкін  емес.  Әдеби  мұраларды  игеру    адамзат  баласы 
басынан өткерген сатыларды қайталау емес. Мысалы, өзбек әдебиеті Гальдони 
мен  Шекспирді  игеруін,  олардың  Реннесанс  пен  Ағарту  кезеңдерінен  өтуге 
деген асығыс талпынысы деп қабылдамаған жөн», – дейді [22,37-38]. Ғалым бұл 
тұста  жаңа  мемлекет  ретінде  тек  өзбек  халқын  емес,  Орта  Азияның  басқа  да 
халықтарын  (оның  ішінде  Қазақстанды  да)  меңзеп  тұрғаны  белгілі.  Зерттеуші 
бұл  жерде  аталмыш  халықтардың  кеңестік  кезеңге  дейінгі  бірнеше  ғасырлық 
тарихы бар әдебиетін, фольклорын ескермегенге ұқсайды.  
Әдебиеттің  жедел  дамуының  ерекшелігі  мұнда  ұлт  пен  халық  адамзат 
мыңжылдықтар  бойы  жинап-терген,  бойына  сіңірген  немесе  ғасырлар  бойғы 
ізденіс  пен  көркемдік  кемелдікке  ұмтылысы  нәтижесінде  жасаған  мәдени-
рухани  айналымға  кіріп,  бірден  араласып  кетеді.  Осы  жерде  ұлттық  әдебиет 
өзінің  жүріп  өткен  жолы  мен  өз  тарихында  жасалған  рухани  құндылықтарға 
қайтадан  қайырылып,  оларға  баға  беруге,  әлдебір  тұтастық  ретіндегі  адам 
баласының  қол  жеткізген  қазіргі  әлемнің  жағдайымен  өзінің  сәйкесетін, 
сәйкеспейтін тұстарын салыстыра бажайлауға мүмкіндік алады. Дамудың жаңа 
сапалық  кезеңіне  бірден  көтерілгенде  ұлттық  сана  ерекше  өзгеріске  түседі. 
Оның  алдынан  әлемнің  барша  халықтары  жинаған  қазыналар  ашылады.  Тек 
қана  руханият  саласында  ғана  емес,  ғылым  мен  техника  саласындағы 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
23 
жаңалықтар,  материалдық  құндылықтар,  мыңжылдықтардан  бері  қалыптасқан 
философиялық,  моральдық-этикалық  нормалар,  сан  түрлі  қоғамдық-саяси 
модельдер т.б. тарихымен бетпе-бет келеді. 
Өз  тарихында  жедел  даму  құбылысын  өткерген  халықтардағы  бұл  үдеріс 
түрлі  уақыттарда,  түрлі  қоғамдық  формацияларда  басталды.  Мысалы,  Таяу 
және  Орта  Шығыс  елдерінде,  Парсыларда,  Түркияда  ол    ХIХ  ғасырдан,  яғни 
кемеліне  келген  феодализмнен  басталса,  Орта  Азия  халықтарында: 
Қазақстанда,  Өзекстанда,  Қырғызстанда,  Түркіменстанда  ол  ХIХ  ғасырдың 
екінші  жартысында,  патриархалды  феодализм  кезеңінен,  қоғамдық  еңбек 
бөлінісіне  өзгерістер  әкеле  бастаған  капиталистік  қатынастар  ене  бастаған 
шағынан  күш  алды.  Зерттеуші  Д.  Қамзабекұлы  Түрік  әдебиетіне  байланысты  
И.В.  Баролинаның  «Түрік  әдебиеті  жылдам  дамуды  бастан  кешіргендіктен, 
онда  классицизм,  сентиментализм  және  романтизм  бағыттары  бір  мезгілде 
қатар  көрінді»  деген  пікірін  келтіре  отырып,  «Егер  мән  бере  қарасақ,  ХХ 
ғасырдың  бас  ширегінде қазақ  әдебиеті  де  Түркия  әдебиетіндегі  тенденцияны 
бастан кешірді», – деген ойының негізі бар [9,287].  
Жеделдеп даму құбылысынан қашықтығы мыңжылдықтарға созылатын екі 
жақтық  қарым-қатынасты  аңғара  аламыз.  Ұлттық  әдебиеттің  дамуы  үшін 
мұндай  қарым-қатынастың  оң  әсері  мен  тигізер  пайдасы  зор.  Сол  сияқты 
Шығыстық  жауһарларды  біршама  игерген,  шығыстық  әдеби  үлгілердің 
дәстүрін  ұлттық  салт-санаға  сай  қабылдап,  өзіндік  көркем  өнер  дамуының 
динамикасына икемдеп келген қазақ әдебиетінің алдынан ХIХ ғасырдың екінші 
жартысынан  бастап  әлеми  құндылықтардың  жаңа  бір  есігі  айқара  ашылды. 
Ұлттық  әдебиет  енді  Еуропа  антикасымен,  Қайта  өрлеуімен,  ағартушылық 
дәуірімен бетпе-бет келді. Ежелгі Грек мәдениеті, гомерлік поэзия, Софокл мен 
Бокаччо, Сервантес пен Шекспир, Мольер мен Буало, Пушкин мен Толстой т.б. 
мұраларындағы күрделі рухани мәселелердің (ғылым мен техника жетістіктерін 
айтпағанда)  алдынан  шығуы,  салт-саналық,  дәстүрлік  негізде  дамып  келген 
қазақ сөз өнеріне оларды шұғыл түрде меңгеруге итермеледі. 
Әлемдік  өркениеттің  ең  озық  дәстүрлерін  игеру  барысында  ұлттық 
әдебиеттің  өрісі  кеңеюімен  қатар,  қарама-қарсы  қатынастағы  бүкіләлемдік 
тарихи дамуға да үлес қосылады. Қатарға жаңа мәдени-рухани ерекшелігі бар 
ұлттық  мәдениеттің  қосылуымен  бірге  әлемдік  мәдениет  басқа  халықтарда 
жоқ, өзге сипаттағы құндылықтармен толыға түседі. Ұлттың қоғамдық-мәдени 
тұрғыдан  жедел  дамуы  үстінде  жаңа  қоғамдық  сана  формалары  туады.  Біз  өз 
мақсатымызға  орай  әдебиеттің  жедел  даму  кезеңіндегі  қазақ  прозасының 
қалыптасуы  мен  ондағы  бүкіләлемдік  көркемдік  тенденциялардың  –  түрлі 
ағымдар  мен  әдістердің  қалайша  игерілгендігін  бажайлау  міндеті  алдымызға 
қойылады.  Қазақ  әдебиетінің  «эпостан  эпопеяға»,  «Абайдың  жолынан  «Абай 
жолына» өту кезеңі, яғни қазақ прозасының қалыптасуы мен кемелденуге қарай 
бет алған жолы - ұлттық әдебиеттегі жедел дамудың жарқын үлгісі. 
Біздегі жедел дамудың бастау сәті Абай шығармашылығында жатыр. Абай 
туындыларындағы өзгеше ойлау мен өзгеше таным ұлт сөз өнерінің мазмұндық 
қабаттарына  ғана  емес,  оның  жанрлық  құрылымына  да  дәуірлік  өзгерістер 
жасалуына  түрткі  болды.  Қазақ  әдебиетіндегі  түбегейлі  бетбұрысты  кезеңді 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
24 
Абайдан  бастайтын  А.  Байтұрсыновтың:  «қазақ  ақындарының  өздерінің  де, 
сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Европа жұртының 
сындар  әдебиетін  көргеннен  кейін  байқалып,  көзге  түскен.  Сонан  кейін  ғана 
Европа  әдебиетінен  тұқым  алып,  қазақ  әдебиетінің  сүйегін  асылдандырып, 
тұлғасын  түзеушілер  шыға  бастаған.  Қазақ  әдебиетінің  асылдануына,  әсіресе 
әсері күшті болған Абай сөздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен, олар 
асыл  сөздің  жаңа  сипатын  Абайдай  айқын  көзге  түсерлік  етіп  көрсете  алған 
жоқ»,  -  деген  тұжырымында  ұлы  ақын  арқылы  ұлттық  сөз  өнерінің  әлемдік 
классикалық  реализм  орбитасына  қосыла  алғандығын  негіздейді  [29,161]. 
Кемеңгер  суреткердің  шығармашылығын  қазақ  көркем  прозасының 
қалыптасуына 
орай 
сөз 
ететін 
А. 
Исмақованың: 
«Абай 
– 
өз 
шығармашылығында  Шығыс  пен  Батыс  сияқты  қос  бастауды  алғаш 
синтездеген  қазақ  мәдениетіндегі  реннесанстық  тұлға  болды»,  –  деген 
тұжырымы  әбден  орынды  [30,154].  Өйткені  Абай  арқылы  әдебиетаралық 
алмасулар  мен  шығармашылық  қарым-қатынастардың  көпвекторлығы 
орнықты.  Сонымен  бірге  осы  тұста  Ы.  Алтынсарин,  Ш.  Құдайбердіұлы 
шығармалары  да  ХIХ  ғасырдағы  жедел  дамудың  негізгі  катализаторлары 
болды. 
Қандай да бір ұлттың әдебиеті дүниені көркемдік таным арқылы қабылдау 
тарихының  ұзақ  жолында  басқа  елдердің  үздік  тәжірибелерін  бойына  сіңіру 
арқылы  ол  халықтар  жүріп  өткен  мәдени-рухани  сатылардың  ерекшеліктерін 
қажетінше  қабылдайды.  Мұнда  аударма-шығармалардың  атқаратын  ролі  де 
орасан. Олай дейтін себебіміз, ХIХ ғасырдағы аудармалармен бірге бізге әлем 
классиктерінің  ағартушылық-гуманистік,  демократияшыл  көзқарастарымен 
қоса,  адамзаттың  антикалық,  ортағасырлық,  реннесанстық,  жаңа  дәуірлік 
таным-бағыттары    келді.  Бұл  тұрғыда  Шығыс,  Батыс,  орыс  мәдениеті  және 
философиясымен  байланысы  анағұрлым  кең  түрде  көрінетін  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының  шығармашылық  өмірбаяны  айрықша  прогрестік  құбылыс 
болды.  Шәкәрім  Батыс  пен  Шығыстың  дүниетаным  негіздерін  терең  меңгере 
отырып,  ұлттық  ерекшеліктерге  сай  шығыстық,  батыстық    көркемдік  таным 
формаларын  поэтикалық  интерпретациялау  арқылы  қазақ  әдебиетіне 
орнықтыруға  күш  салды.  Ол  Гомерді  оқуы  арқылы  ежелгі  грек,  римдік 
жәдігерлермен,  Байронды  зерттеу  арқылы  романтизм  дәуірінің  эстетикасын, 
Абай ықпалымен Гетені тану арқылы жаңа дәуірдің  көркемдік ұстанымдарын, 
А.  Пушкин,  Л.  Толстой  сынды  әлемге  мәшһүр  болып  үлгерген  
замандастарының гуманистік идеяларын жаңа сапада қалыптаса бастаған жазба 
әдебиетінің  көркемдік  қабаттарына  сіңіруге  тырысты.  Қысқасын  айтқанда, 
Шәкәрімнің  көркемдік  әлемі  –  аса  қуатты  ұлттық  негіз  бен  батыстық, 
шығыстық  мәдениеттердің  тоғысындағы  күрделі  поэтикалық  құрылым. 
Суреткердің  көркемдік-философиялық  таным  қырларын  немістің  классикалық 
философиясы,  Батыстағы  ортағасырлық  және  Қайта  өрлеу  әдебиеті, 
ағартушылары  мен романтиктері  еңбектері  негізінде  ақын болып  қалыптасқан 
Гете поэзиясымен үндестіктерді саралай бастауымыз да соның айғағы [31].  
Өзіне  дейінгі  қазақ  халқының  бай  фольклорын,  шығыс  классиктерінің  ең 
үздік  мұраларын,  Абай  тағылымын  жүйелі  түрде  меңгерген  Шәкәрім  дін  мен 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
25 
ғылымға  деген  қөзқарастарында  Батыс  ойшылдарының  еңбектеріне  («Үш 
анық»  трактатында батыс  ғалымдарының  ондаған есімдері  келтіріледі),  тіптен 
мистикалық  ілімдерге  дейін  сүйеніп  отырады.  Тегінде,  ол  өмірінің  соңғы 
жылдарын  елден  аулақтағы  саят  қорада  өткізуі  шығармашылықпен 
айналысудағы жан тыныштығын ғана іздеп бармаған деген ой келеді. Мысалы, 
ағылшын  романтизмі  дәстүрінде  пайда  болған  «Озерная  школа»  («Көл 
мектебі»)  деп  аталатын  әдеби  мектептің  үздік  өкілдері  –  Водсфорд,  Колридж, 
Саутилер  де  ғұмырларын  қоғамдық  ортадан  алыс,  табиғат  аясында  өткізгені 
мәлім.  Ақынның  бұл  әрекетіне  өзі  аса  ілтипатпен  ден  қойған  Еуропа 
романтиктерінің  әсері  болуы  мүмкін  деген  болжам  айтпақпыз.  Мұндай 
болжамға  негізді  біз  Еуропадағы  романтизмнің  ірі  өкілдерінің  идеялық 
ұстанымдары  мен  олар  қалыптастырған  дәстүрлерден  тапқандаймыз.  Өйткені 
Батыс  романтиктері  күнделікті  сұрықсыз  өмірге  өздерінің  қиялындағы  идеал 
өмірді қарсы қойды. Бірте-бірте  қоршаған ақиқат өмірдің өзінің идеалындағы 
өмірге  айналмайтынын  түсінді.  «Сонымен  бірге,  –  дейді  К.  Ахметов,- 
романтизмге  еркіндікті  қорғау,  жеке  адамды  бағалау  мен  дәріптеу,  әр  адам 
бойындағы  бірегей  қасиеттерге  ерекше  зейін  қоюшылық  пен  дара  адамды 
дәріптеу  тән.  Жеке  адамды  мадақтау  буржуазиялық  қоғамдағы  адамдардың 
даралық  бітімін  жоғалта  бастаған  тарихтың  аяусыз  қадамына  деген 
қарсылықты,  өзін-өзі  қорғауға  ұмтылушылықты  танытады»  [32,148-149]. 
Шәкәрім  жеке  тұлғаның  бойындағы  ерекше  қасиеттерді  даралауда,  оның 
қоғамдық дамудағы бөлекше орнын әйгілеуі Абай мен Толстойға арнап жазған 
шығармаларында  айқындалды.  Романтиктердің  алыстағы  елдердің  тұрмыс-
тіршілігі, салт-санасына деген құштарлығы да, күнделікті күйкі тірліктен асқақ 
рух пен адамның ішкі ғажайып мүмкіндіктерін биік бағалайтын ерекшеліктері 
де қазақ ойшылының дүниетанымынан белгілі дәрежеде орын алды.  
Ойшыл  суреткер  шет  елдің  озық  рухани  мұраларын  мақсатты  түрде 
зерттеп-игеруі,  олардағы  соны  тәжірибелерді  ұлттың  көркем  ой  дамуына 
сәйкестендіре  пайдалануға  деген  ұмтылысы  бірнеше  аудармалар  жасауға 
мұрындық болып, ХIХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің жедел 
дамуына  тың  серпіндер  берді.  Шығыстың  «Ләйлі-Мәжнүнін»,  Қожа  Хафиздің 
жырларымен қатар, Л. Толстойдың «Ассирия патшасы Асархадон», «Үш сауал» 
т.б.  әңгімелерін,  А.  Пушкиннің  «Дубровскийі»  мен  «Боранын»,  американ 
жазушысы  Гарриэт  Бичер  Стоудың  «Том  ағайдың  балағаны»  романын  аудару 
арқылы  ұлттық  әдебиеттің  рухани  байланыс  көкжиегін  кеңітті.  Суреткердің 
аудармаларын  әдеби-эстетикалық  құбылыс  ретінде  ашып  көрсетуге  қатысты 
біршама  зерттеулер  жазылғандықтан,  олардағы  тұжырым-пікірлердің  ғылыми 
маңызына  тоқталмаймыз.  Біздің  айтпағымыз,  Шәкәрімнің  өзге  елдердің 
прозалық шығармаларын аударуға ден қоюы қазақ сөз өнерінің басқа сатысына 
аяқ  басуына,  көркемдік  таным  аясының  кеңеюіне  аса  маңызды  бетбұрыс 
болғандығы.  Прозалық  шығармаларды  аударудың  тәжірибесі  толық 
қалыптаспаған  кезеңде  Ы.  Алтынсарин  мен  Ш.  Құдайбердіұлының  мұндай 
қадамдарға  баруы  біріншіден,  ұлттың  тарихи  дамуы  барысында  қалыптасқан 
жағдайлар  мен  күрделі  құбылыстарды  бейнелеуде  лайықты  пішін  іздеуінен. 
Екіншіден, ұлттық әдебиет өзінің ішкі заңдылықтары негізінде прозаға дейінгі 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
26 
жанрлық  түрленудің  қажетті  сатыларынан  өтіп,  проза  жанрын  игеруге  дайын 
жаңа  деңгейіне  көтерілді.  Сондықтан  да  Шәкәрім  аудармаларының  тым-тым 
еркіндігін  де  әрқилы  түсіндіріп  келеміз.  Б.  Әбдіғазиев:  «Шәкәрімнің 
аудармашылық  өнері  -  өзгеге  ұқсай  бермейтін,  классикалық  тәржіма  аясынан 
асып  кетіп  жататынын»,  –  айтса  [33,174],    Ө.  Күмісбаев  «...  Ш.  Құдайбердиев 
жазған «Дубровский әңгімесі» Пушкин повесінің аудармасы емес, оның қайта 
қазақша  өлеңмен  жырланған  формасы,  қазақ  ортасына  лайықталған  нұсқасы. 
Пушкин  прозасының  өлеңмен  берілген  түрі,  повестің  дастанға  айналуы»,  – 
деген ойын алға тартады [34,234]. 
Әрине,  Шәкәрім  Л.  Толстойдан  кейбір  қысқа  әңгімелерді  болмаса,                   
А. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» сынды күрделі прозалық үлгілерін қара 
сөзбен аударған жоқ. Бұл шығармалардың кең насихатталуына қазақ ортасында 
прозаның  әлі  қарқынды  үрдіс  алмағандығы  жалпыға  түсінікті  болса  керек. 
Екінші  жағынан  алып  қарағанда,  өзінің  прозалық  төл  шығармаларын  жазу 
алдындағы  күрделі  дайындық  кезеңі  болғанына  дау  жоқ.  Өйткені  оның 
аудармалары жарық көрген уақытынан әлдеқайда бұрын жазылды. Шәкәрімнің 
қара  сөзбен  жазылған  тарихи-философиялық  трактаттары  мен  мақалаларынан 
басқа  «Бәйшешек  бақшасы»  атты  қысқа  әңгімелер  топтамасы,  «Шын  бақтың 
айнасы»,  «Мен  жетпіс  екі  жасқа  келгенше»  т.б.  әңгімелері,  «Әділ-Мәрия» 
романы  дәстүрлі  Шығыс  пен  әдеби  алмасулар  нығайып  келе  жатқан  Еуропа 
эстетикасының  ұлтттық  топырақта,  ұлттық  танымға  сай  синтезделуінен  туған 
өзгеше сипаттағы дүниелер.  
Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған қазақ әдебиетінің  
жедел  даму  фазасына  шығуында  аударманың  тарихи  ролі  орасан.  Абай,                 
Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Б. Өтетілеуов, М. Сералин 
жасаған  аудармалар  әлемдік  көркемдік  таным  үрдісінің  ұлттық  әдебиет  өтіп 
үлгермеген  сатыларын  жедел  түрде  меңгеруге,  қоғамдық  сананың  жаңа 
формаларын  тудыруға  аса  үлкен  ықпал  жасады.  Соның  нәтижесінде  бірнеше 
жылдардың ішінде өзіндік жанрлық-эстетикалық талаптарға толық жауап бере 
алатын қазақтың ұлттық прозасы дүниеге келді.  
Бұл  тұста  қазақ  әдебиетіндегі  жедел  даму  құбылысының  фольклорлық 
негіздеріне  тоқталып  өтпеске  болмайды.  Ұлттық  әдебиет  адамзаттың  тарихи-
мәдени  керуенімен  қай  жерде  тоғысады,  қай  кезеңде  кенже  қалады,  дамудың 
қай  сатыларын  жедел  өткереді?  деген  сауалдарға  жауап  іздеу  барысында 
халықтың  поэтикалық-фольклорлық  ойлау  мәдениеті,  ұзақ  уақытқа  созылған 
фольклорлық  дәуірдің  берері  көп.  Қазақ  халқының  жазба  әдебиеті 
қалыптасқанға  дейінгі  кезеңінде  қоғамның  рухани  өмірі,  болмысты  образдап 
игеру  ерекшеліктері  фольклорлық-поэтикалық  формада  көрініс  тапты.  Мұнда 
бір-бірінен  ажыратылмаған  күйінде  халықтың    философиялық,  құқықтық 
ождандық,  діни  және  эстетикалық  т.б.  көзқарастары  тұтасып  жүрді. 
Әдебиеттанушы  үшін  бұл  күрделі  үдерістер  ішінен,  яғни  синкреттік 
шығармашылықтан  нақты  бір  өнер  саласы  ретінде  немесе  қоғамдық  сананың 
өзгеше  формасы  түрінде  қабылданатын  көркем  әдебиетке  өту  қалай  жүзеге 
асатынын  бағамдау  басты  мақсат  болып  табылады.  Өйткені  әдебиеттің  жедел 
дамуы құбылысында фольклор негізгі міндеттердің бірін атқарады. Г. Гачевше 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
27 
негіздесек,  «әдебиеттің  өтуге  тиісті  даму  сатыларының  қызметін  фольклор 
атқарып,  мәдениеттегі  бос  кеңістікті  фольклор  толтырады»  [16,401-402]. 
Кезінде  Ш.  Уалихановтың  қазақ  эпостарының  образдары  Еуропаның  жазба 
әдебиетінен ешбір кем соқпайтынын айтуы да фольклордың әлемдік көркем ой 
дамуының  жаңашылдықтарын  бойына  сіңіргіштік  қасиетінің  тағы  бір  куәсі 
болса керек [35,162-168].    
Адамзат  мәдениетінің  антикалық  дәуіріндегі  мифтік  таным  мен 
мифологиялық  дүниетанымына  орай  туған  көркем  дүниелерге  ұқсас 
құбылыстар  ежелгі  қазақ  мифтерінен  аңғарылады.  Алайда,  ерте  уақыттағы 
қазақ  мифтері  ежелгі  Греция,  Рим,  Египет,  Үндістан,  Қытайдағыдай  тұтас 
жүйеге  түсіп,  көркемделген  мифологияға  айнала  алған  жоқ.  «Оның  басты 
себебі  –  Қазақстанда  ертеде  мекендеп,  қазақты  құраған  ру-тайпалардың  құл 
иеленуші  мемлекет  құрмай,  рулық  қауымнан  бірден  феодалдық  қоғамға  иек 
артуы.  Жүйелі  иерархиясы,  тұрақталған  орталығы  бар  көп  жасаған  құл 
иеленуші  империяларда  көне  миф  көркем  мифологияға  айналып,  эстетикалық 
қызмет  атқарған.  Ал,  рулықтан  бірден  феодализмге  көшкен  елдерде 
көпқұдайлы  емес,  бірқұдайлы  дін  орнап,  көне  миф  жүйелену  емес,  қуғынға 
ұшырап,  ыдырап  кеткен,  циклға  түспеген,  демек  көркем  дүниеге  бірден 
айналмай,  хикаяға,  ертегіге  ойысқан,  жаңа  жанр  қалыптастырған.  Феодалдық, 
бірқұдайлық  қоғамда  көркемдік-эстетикалық  функцияны  миф  емес, 
фольклордың  басқа  жанрлары  атқарған»,  –  деп  жазады  С.  Қасқабасов  [36,93]. 
Біздің 
эпостық 
жырларымыздағы 
мифология 
элементтерінің 
грек 
мифологиясынан  айырмашылығын  ескермеуге  болмайды.  Ол  заманда  гректер 
түгелдей  мифологиялық  ойлаудың  сатысында  болды  да,  біздегі  мифология 
элементтері  аталық  қоғамдық  сананың  жемісі  –  көбіне  адам  түрінде, 
антропология  тұрғысында  болып  келді.  Сонда  да  қазақ  халқын  құраған  ру-
тайпалардың  табиғаттағы  дүниенің  барлығын  бір  деңгейден  қараған 
мифологиялық  дүниетанымы  адамзат  мәдениеті  тарихының  синкретті 
сатысымен үндестіктерге алып келді.  
Қазақ  әдебиетінің  жедел  даму  фазасындағы  көпсатылық  құбылыстарының 
негізі фольклордың көпсатылығында жатқанына эпостардан бірнеше мысалдар 
келтіруге  болады.  Адамзаттың  қоғамдық  санасының  жетілуіне  сай  дамып 
отырған  көркемдік  ойлау  мен  тарихи  үдерістегі  жаңашылдықтарды  эпосты 
айтушылар  енгізіп  отырда  да,  ол  өзгешеліктер  белгілі  бір  уақыт  шеңберінде 
туып  отырған  жырдың  варианттарында  айшықталды.  Қарап  отырсақ,  ноғайлы 
дәуірінде туған «Ер Тарғын» жырында бұрынғы эпостардағы «көк найза», «көк 
жебемен»  қатар  «ақ  мылтықтың»  келтірілуі  оқ-дәрі  мен  қорғасын  дәуірінің 
образдау ұстанымдарының алғашқы белгілері ене бастағанын танытады. Демек, 
адамзат  дамуының  Ең  жаңа  дәуіріне  дейін  архаикалық  тұрмыс-салты  мен 
санасын сақтап келген халықтың көркемдік танымында өтпелі кезең байқалады. 
Бұл жерде көркем ойлаудың эпикалық дәстүрі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 
Оқ-дәрі, мылтық дәуірімен бірге эпикалық қаһармандықтың әлсіреуіне, «батыр 
бір оқтық болуы бек мүмкін» түсінігінің күш ала бастағанына, жекелік санаға 
бірте-бірте ойысудың белгілері бар.  
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
28 
Ал елге жаудан қорған болар батырдың бірі – Көтібардың бейнесі («Айман-
Шолпан») тіпті қарама-қайшылықты. Жырда бұл бейненің бағзы батырлармен 
деңгейлесе  алмайтыны  былай  тұрсын,  ол  сатиралық  жоспарда  алынып 
бейнеленеді.  Эпос  сюжетінен  біз  баяғы  эпикалық  батырлық  салттың  алыстап 
бара  жатқанын  аңғарамыз.  Р.  Бердібаев:  «Айман-Шолпан»  жырындағы 
көтерілетін қоғам қайшылықтарын саралай келіп, «Дегенмен, мәселенің төркіні 
одан  гөрі  тереңіректе.  Ол  –  ендігі  жерде  «ақ  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің 
күшімен»  ғана  мұратқа  жететін  заманның  өтіп  кеткендігі  еді.  Көтібар  қанша 
қатуланып,  қаһарланса  да,  Маман  аулын  шауып  алудан  қайраты  аспайды. 
Өйткені ел арасындағы дау мен таластың билігін шешетін ол емес», - деп дәл 
анықтаған  [37,155].  Көтібардағы  дәстүрлі  батырлықтың  жалғыз  жұрнағы  – 
тұлпары,  Күрең  аты.  «Күні  өткен  заманның  салтын  тұтынған  Көтібар  қазақ 
эпосында  көрінген  «Дон  –  Кихот»  образына  ұқсап  тұратыны»  сондықтан 
[38,231].  Ең  аяғы  Көтібардың  отбасы  кикілжіңдерінің  ортасында  бейнеленуі, 
оның  жас  тоқалы  Теңгеден  тайсақтауы,  өмірдің  прозалық  ситуациясы  -  әйел 
қызғанышы  суреттелуі,  эпос  сюжетіндегі  орталық  тұлға  –  батырға  деген 
альтернативті  көзқарастардың  пісіп  жетілгені  деп  топшылауға  жетелейді. 
Әрине,  батырлық  ұғымы  Көтібар  тұлғасымен  шектелмейді.  Бұл  жерде  біздің 
назар  аударайын  дегеніміз,  эпостардағы  тартысты  жүзеге  асырушы  орталық 
бейнелердің  болмысына  қарапайым  пендеге  тән  мінездер  мен  іс-әрекеттерді 
телу арқылы жеке адамның күрделі табиғатына, жеке тілек-аңсарларына көңіл 
бөлінетін болашақ авторлық шығармашылыққа мықты тұғыр қаланды. 
Сөйтіп,  фольклорлық  эпикалық  туындылар  уақыт  ілгері  жылжыған  сайын 
батырлық  жырлардағы  қуатты  романтизмнен  бірте-бірте  алшақтай  отырып, 
өмірдің нақты жағдайларына  негізделген  реализм  элементтерін  мүмкіндігінше 
пайдаланып отырды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларындағы 
Баян, Жібек тағдыры негізінен романтикалық-трагедиялық тұрғыда жырланса, 
«Айман-Шолпандағы»  Айман  бейнесіндегі  романтикалық  рух  едәуір  солғын 
тартып,  сол  уақыттағы  қоғам  мен  адам  тыныс-тіршілігіне  мейлінше 
жақындатылған. «Есім сері - Зылиқа», «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Күлше 
қыз  –  Назымбек»  дастандары  да  барған  сайын  бойына  реалистік  белгілерді 
жинай  берді.  Фольклордың  ішкі  жүйесінде  болып  жатқан  бұл  үдерістер 
нәтижесінде имманентті түрде жазба әдебиетінің белгілері пайда бола бастады. 
Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өздеріне тән айырым белгілерін 
іздеушілерге  лиро-эпикалық  дастандардың  берері  өте  көп.  Архаикалық, 
қаһармандық  эпостар  дәстүрінде  жасалған  десек  те  бұл  жыр-дастандарды 
кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі, мінездерге дара ерекшеліктер дарыту 
тұрғысында  «романдық  эпос»  деп  атау  қалыптасып  кетті.  Ірі  эпикалық 
әрекеттерден  гөрі  айналадағы  нақты  шындықтардың  ортасындағы  адамның 
жеке  мұраттарының  анағұрлым  айқындала  түсуі  көшпенділердің  дәстүрлі 
танымының үлкен өзгерістерге ұшырағанын байқатады. 
Мұның  бәрі  қазақ  фольклорының  әлемдік  әдебиеттің  ортағасырлық  даму 
сатысына 
тән 
жанрлық 
конондардан 
тәуелсізденіп, 
ұжымдық 
шығармашылықтан авторлық шығармашылыққа қарай, адамзат көркем ойының 
Ең жаңа дәуірдегі үлкен белесі  – реализмге қарай бағыт алған ілгерінді үрдісі 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
29 
болып табылды. Фольклорда авторлық сананың басы бүтін айқындалып, толық 
жеңіске 
жетуіне 
серпін 
берген 
– 
жыраулық 
поэзия, 
жыраулық 
шығармашылықтың негізгі жанры - толғаудың алдыңғы қатарға шығуы.  
Фольклор  мен  әдебиет  арасындағы  органикалық  байланыс,  фольклор  мен 
ауыз  әдебиетінің  жазба  әдебиетінің  дамуына  әсер-ықпалы  М.  Әуезов,                      
Қ.  Жұмалиев,  Е.  Ысмайылов,  М.  Ғабдуллин,  Ә.  Қоңыратбаев,  Р.  Бердібаев,             
С.  Қасқабасов,  Ш.  Ыбыраев  т.б.  еңбектерінде  көрініс  тапты.  Халықтың  балаң 
дүниетанымы – мифологиялық ойлаудан қазақ көркем ойының биік формасы – 
эпопеяға  дейінгі  роман  жанрының  тарихи  жетілу  жолы  профессор                           
Ш. Елеукеновтың «От фольклора до романа-эпопеи» еңбегінде нақты нысанаға 
алынып  талданды.  Роман  жанрының  поэтикасы  бүкіладамзаттың  көркемдік 
дамуының  жемісі  екеніне,  оның  белгілі  бір  ұлттың  әдебиетінде  пайда  болуы 
сол  ұлттың  нақты-тарихи  жағдайларымен  міндетті  түрде  байланыстылығына 
ден  қояған  ғалым:  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы  халықтың  бай  поэтикалық 
дәстүрлеріне  келіп  тіреледі.  Фольклордағы  ағартушылық,  реалистік  тамырлар 
әдебиеттің барлық жанрларына ортақ. Сондықтан да проза дәстүрі мен поэзия 
дәстүрін бір-бірінен механикалық тұрғыда бөлуге болмайды. Өйткені олар сол 
халықтың  өмірі  мен  эстетикалық  түсінігіне  негізделеді»,  –  дейді  [39,21].              
Ш.  Елеукенов  ежелгі  мифтердегі,  ертегілердегі,  аңыздардағы,  эпостардағы 
роман  жанрын  құраған  элементтерді  тарихи  жүйемен  сүзе  отырып,  фольклор 
мен ауыз әдебиетінің негізгі даму сатыларындағы образдарға сипаттама береді. 
Сол арқылы зерттеуші халықтың қоғамдық санасындағы жаңашылдықтарды да 
аракідік  таңбалап  отырды.  Зерттеуші:  «Жеке  шығармашылықтың  қалыптасуы 
мен  дамуы  халық  өз  ортасынан  дәуір  сұранысына  жауап  беретін  шығармалар 
тудыра  алатын,  басқа  халықтардағыдай  дәстүр  мен  фольклор  жетістіктерін 
меңгерген,  халықтың  шынайы  өмірі  мен  рухани  көңіл-күйін,  қоғамдық  ой 
қозғалысын  бейнелейтін  әдебиет  жасай  алатын  талантты  өкілдерін  бөліп 
шығаруы  эстетикалық  дамуда  алға  қарай  жасалған  қадам...  Ауыз  әдебиеті 
шеберлерінің  көп  шығармалары  кейбір  компоненттер  бойынша  (образдардың 
монументтілігі,  талдау  тереңдігі)  тіпті  фольклор  жетістіктерінен  кемшін  түсіп 
жатты,  бірақ  дамудың  «спираль  бойынша»  заңдылығы  әдебиет  саласында  өз 
дегенін  істеді:  бұл  кері  шегініс  іс  жүзінде  жаңа  белестерге  ұмтылыс  болып 
шықты», – деп жазды  [39,48]. 
Ауыз  әдебиетінің  жеке  авторлығы  бар  шығармалары  турасында,  роман 
жанрын 
қалыптастырудағы 
фольклордың 
ролі 
мен 
«қазақ 
әдеби 
шығармашылығының көлемді прозалық баяндауларға жол ашатын эстетикалық 
жағдай    қалыптастыра  алғандығы»  турасында  А.  Исмақова  орнықты  ойлар 
айтқан  болатын.  Ғалым:  «Көркем  прозаның  қалыптасу  үрдісінде  орыс 
классикалық әдебиетінің белгілі бір роль ойнағаны даусыз. Дей тұрсақ та, орыс 
және  қазақ  әдебиеттері  әр  түрлі  сатыда  дамығанын  естен  шығармауымыз 
керек, сондықтан да қазақ әдебиетінің жанрлық жүйелерін орыс әдебиетінікіне 
тікелей қатысты ету тарихтан тыс кеткендік  болар еді», – деп жазады [30,21]. 
Осы «тарихтан тыс» деп отырған мәселелер біздің назарымызды өзіне ерекше 
аударады.  Өйткені  дамудың  бірнеше  сатыларынан  әлдеқайда  бұрынырақ  өтіп 
үлгерген  орыс  әдебиетінде  біздегі  ұлттық  прозаның  эпикалық  формалары 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
30 
тумай тұрып, проза жанрында классикалық дүниелер жасалып қойған. Алайда, 
тарих өлшемімен алғанда  өте қысқа уақытта қазақ әдебиеті әлемдік прозаның 
талаптарына жауап бере алатын шығармаларды  дүниеге келтіруі арқылы даму 
сатыларындағы айырмашылықтарды жоя алды. Адамзат көркемдік танымының 
ұзақ  тарихи  жолындағы  сәтті  тәжірибелерді  ұлттық  фольклордың  бойына 
сіңіруі  кейін  алуан  жанрда  дамыған  жазба  әдебиетінің  басқа  халықтар 
мыңжылдықтар  бойы  өткен  сатыларды  қайталамауына,  жедел  дамуына  себеп 
болды.  Демек,  қазақ  халқының  көркемдік  таным  эволюцисында,  ұжымдық 
санадан жеке авторлық санаға дейінгі даму көшінде антикалық, ортағасырлық, 
реннесанстық, ағартушылық, романтикалық т.б. дәуірлердің эстетикалық белгі-
бедерлерін  аңғаруға  болады.  «Бұл  барлық  әдебиеттер  қайталанады,  ешқандай 
жаңалық  тумайды  дегендік  емес,  мәселе  ол  жаңалықтардың  нақты  неден 
тұратындығын,  қандай  әдіспен  қарастыруға  болатындығында.  Егер  зерттеуші 
әлемдік әдебиеттің осы күнге дейін белгілі даму жолын, оның барлық сатылары 
мен жанрларын үнемі  естен шығармаса, ол мүмкін болмақ» [16,420].  
Тұжыра  айтқанда,  қазақ  прозасы  да  әуелгі  көркем  шығармашылықтың 
бойына тұтасқан поэтикалық синкретизмнен енші алды. ХХ ғасырдың басынан 
бастап  прозаның    жетекшілікке  ие  болуы  ұлттық  әдебиеттің  дамудағы  жаңа 
белесіке  көтеріліп,  озықты  қабылдай  алатын,  әлемдік  әдебиетте  бар  күрделі 
формаларды өз топырағынан өндіре алатын күйіне жетті. Өйткені өзінің тарихи 
даму  жолында  қазақ  әдебиеті  прозаға  дейінгі  барлық  сатылардан  өтіп  келді. 
Прозасы  дамып  үлгерген  халықтардың  барлығында  дерлік    классицизмнің 
романтизмге,  романтизмнің  реализмге,  натурализмге,  модернизмге  ұласатын 
даму заңдылықтары ұлттық әдебиетімізде жүзеге асты.  
Қазақ  прозасының  қалыптасуын,  оның  аз  уақыт  ішінде  әлемдік  деңгейге 
көтеріліп үлгергенін де жедел дамудың нәтижесі деп танимыз. Іргелі елдердің 
рухани-мәдени  тәжірибелерін  сығымдалған  түрде  ұлттық  өнерге  сіңіру 
олардағы  ірі-ірі  әдеби  бағыттардың,  ағымдардың,  әдістердің,  стильдердің 
келуіне себеп болды. «Басқа әдебиеттер үшін өлеңдік поэзиядан қазіргі романға 
дейінгі  қашықтық  аса  алшақ  болса,  Абайдың  жолынан  «Абай  жолына»  дейін  
қазақ әдебиеті бар  жоғы жарты–ақ  ғасырда жетті», – деп жазады Н.И. Конрад 
[10,293]. Сондықтан әдеби құбылыстарды тексергенде оларды дәстүр аясында 
жетілген  ұлттық  факт  тұрғысынан  және  әлемдік  көркемдік  дамуға  қатысы 
тұрғысынан да салмақтап отыру маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет