1.3 Ағымдар табиғаты және әдеби бағыт
Көркем ой дамуының негізгі сатылары мен кезеңдерін жедел өткеріп,
жалпыадамзаттық әдеби эстетикалық ұстанымдарды барынша сығымдалған
күйінде қабылдаған қазақ әдебиетіндегі көркемдік әдіс, әдеби бағыттар мен
ағымдардың тарихи-ұлттық ерекшеліктері анағұрлым көп. Сондықтан да басқа
елдердің әдебиетінде айрықша роль ойнаған көркемдік әдістер мен
стильдердің, бағыттар мен ағымдардың ортақ типіне, олардың қазақ
әдебиетінде көріністерін көзсіз тели беруге болмайды. Әлемдік әдебиеттің
ортақ моделін жасауда кей елдердегі бағыттар мен ағымдардың бірін-бірі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
31
белгілі тәртіп бойынша, жүйелі кезекпен алмастырып отыратынын ескеріп,
бұларды жалпы-типологиялық, халықаралық маңыздағы құбылыстар деп те
қарайтын көзқарастар қалыптасқан. Алайда көркемдік таным үдерісінде
бірнеше ғасырлар бойы фольклорлық-поэтикалық ойлау үстемдік еткен, соның
аясында өсіп-жетілген қазақ прозасында батыстық үлгідегі ағым, бағыттардың
барлығы тура сол күйінде келіп орнықты деп айту қиын. Біздің көркемдік
тәжірибемізде ұлттың тарихи-мәдени даму ерекшеліктеріне сай олардың аралас
түріндегі, ұлттық негізге икемделген түрлері, ұлттық нұсқалары байқалды.
Бірақ ұлттық әдебиеттегі бағыттар мен ағымдардың өзіндік өзгешеліктері бола
тұра олардың нақты тарихи жағдайларда аса үлкен маңызға ие болуы жағынан
өзінің басқа әдебиеттегі нұсқаларымен арадағы үндестік айқындалып отырады.
Яғни әдебиеттегі жалпы тарихи заңдылықтар тұрғысындағы ішкі байланыстар
арқылы әдебиеттер тоғысып отырады және бір-біріне әсер етеді.
Әдебиеттің даму жолында тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар
– ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салсақ, бірізділікті
аңғару қиын. Бірнеше суреткерлер шығармашылығына тән әлеуметтік-
идеялық, танымдық-эстетикалық ұқсас сипаттардан туындайтын аталмыш
әдеби-теориялық категориялардың табиғатын тану бүгінгі таңға дейін
қайшылықты пікірлерден арыла алған жоқ. Тіпті әлі күнге дейін «әдеби бағыт»,
«әдеби ағым», «әдеби топ», «әдеби мектеп» түсініктерін бір-бірінің орнына
қолданып келе жатқанының куәсіміз. Әлемдік әдеби үрдістегі ортақ
құбылыстар табиғатын тарихи-салыстырмалы тұрғыда қарастыру барысында
зерттеушілерді үнемі тығырыққа тіреп отырған терминологиялық мәселелердің
ішінде аталған ұғымдар ерекше көзге шалынады. Бүкіләлемдік деңгейдегі
әдеби ортақ құбылыстар деп танылып жүрген барокко, классицизм,
ағартушылық, романтизм т.б. бірде әдеби ағымдар, ал кейде көркемдік жүйелер
деп аталып жүр. Бұл ұғымдарды екі түрлі ауқымда: әлемдік әдеби даму
заңдылықтар шеңберінде және халықаралық масштабтан «төмен түсіріліп»,
ұлттар әдебиетінің жекелеген фактілері ретінде қарастырылады.
В.М. Жирмунский өзінің «Әдеби ағымдар – халықаралық құбылыстар»
атты еңбегінде де бұл тараптағы терминологиялық дәлсіздіктерге нақты
түсініктер қажет екенін айта отырып: «Классицизм, романтизм, реализм және
т.б. тарихи құбылыс ретінде белгілі бір дәуірлердің әдеби ағымдары ғана емес,
түрлі уақыттарда кездесіп отыратын өнердің типтері мен әдістеріне қатысты да
қолданылады», – дейді [12,148]. Зерттеуші әдеби ағымдар мен бағыттардың
табиғатын әлемдік әдеби үрдістің нақты тарихи дәуіріне қатысты, яғни тарихи
категория деп қарастырғаны мәлім. Мысалы, ол романтикалық ағымдардың
белгілерін антик әдебиетінен, Бокаччо новеллаларынан реализм элементтерін,
Дантеден символизм сипаттарын, импрессионизм айшықтарын Сервантестің
«Дон-Кихотынан», «қоршаған дүниенің шыншыл бейнесі» ретіндегі реализмді
Гомер шығармаларынан, тіпті палеолит дәуіріндегі тасқа қашалып жазылған
суреттерден т.т. іздейтін бірқатар батыс зерттеушілеріне қарсы екенін
білдірген-ді. Ол Рокко Мантаноның «Егер біз романтизмнің антикалық
әдебиеттен немесе Реннесанстан кездесуі мүмкін екеніне келісетін болсақ, онда
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
32
«романтизм» сөзінің мағынасына тек көлеңке түсірген болып шығамыз» деген
сөзін айрықша бағалайды [12,149].
Зерттеуші бұл еңбегінде әрбір әдеби бағыттардың тұрақты түрде кезектесіп
келіп отыратын тұжырымын жан-жақты дәлелдеуге ұмтылғаны белгілі.
«Романтизмнен кейін ешқандай ағым мен тенденция емес, реализм салтанат
құрады. Халықаралық ағымдардың тұрақты ұқсастығы оларды кездейсоқ
«ықпалдар» деп қарамауға себеп. Бұл тұрақтылық тұтас көркемдік жүйелердің
ортақ заңдылықтары туралы және барлық әдеби үдерістердің идеялық-
көркемдік шарттылықтары туралы ойға жетелейді», – деген түйін жасайды.
Қандай да бір ағымдар мен бағыттардың тарихи-қоғамдық себептерінің бар
екеніне табан тіреген Жирмунский әрбір жанрлар, стильдер, ағымдардың
ауысуын имманенттілік тұрғысынан түсіндіруге тырысқан В. Шкловский
бастаған формалистермен келіспейтінін мәлімдеді. Әлемдік көркем ой
дамуындағы жетекші орындарды иеленген бірнеше елдердің әдебиетіндегі
ортақ сипаттарды ағым терминімен ретке келтіруге ден қойған ғалым
«Ұлтаралық құбылыстар ретіндегі әдеби ағымдар тар мағынадағы
салыстырмалы әдебиеттануға емес, «жалпы әдебиетке» қатысты деп есептейді
[12,155].
Ағымдар мен бағыттарды әлемдік көркемдік дамудың тұтас кезеңдерімен
байланыстыратын мұндай көзқарастар үнемі қолдау тауып келді десек
қателесеміз. Әдебиет теориясы мен тарихында шешімін толық таппаған
терминологиялық қайшылықтар ішінде тарихи тұрғыдан бірін-бірі алмастырып
отырған дәуірлер мен кезеңдерді бағыт, ағым, стиль атымен даралау ХХ ғасыр
соңында ғылыми пікірталастар мен өткір полемикалардың өзегіне айналды.
Адамзаттың мәдени-әдеби даму тарихына қатысты зерттеулерде әбден
орныққан сияқты болып көрінген Қайта өрлеу дәуірі, классицизм, романтизм
дәуірі сияқты т.б. түсініктер күн тәртібіне қайтадан шығарылды. Әсіресе,
В.Е. Хализев тым батыл пікірлер айтты. Оның «Нақты айтқанда Қайта өрлеу,
классицизм, барокко, Ағарту т.б. дейтін дәуірлер болған жоқ, бірақ өзінің
шешуші әрі маңызды бастауларымен белгілі тарихи кезеңдер болды. Әдебиетте
ғылыми схемаға тұтас сиятын «таза күйіндегі» құбылыстар жоқ және болған
емес. Қайбір кезеңдерді ең маңызды деп танылған болса да бір ғана
дүниетанушылық-көркемдік тенденциямен теңестіру ақылға сыймайды.
Сондықтан да қандай да бір әдеби дәуірді нақты біржақты терминологиямен
сипаттау негізсіз. Олар тұтастың емес бөлшектің қасиетін білдіретін болған
соң, қашан да метонимиялы» сынды тұжырымы қазіргі әдебиеттаудың алған
бет-бағдарына сәйкес деуге тұрарлық [20,121]. Зерттеуші әдеби дәуірлерге атау
беруге қарсы еместігін, бірақ ол атаулар ұғым ретінде емес шартты түрде,
интеллектуалдық меже (ориентир) түрінде ғана болу керектігін ескертеді.
Қарап отырсақ, әдеби ағымдардың халықаралық ортақ модельдерін жасау
мәселсесі қарама-қайшылықты пікірлерден арылған жоқ. Әдеби «бағыттар»
мен «ағымдар» терминдері әдебиеттануда әбден орныққанға дейін көптеген
шырғалаңдарды басынана кешірді де, ұзақ уақыт бойы мазмұны жағынан
сәйкестіктері бар «дәуір», «кезең», «әдіс», «стиль», «әдеби мектеп» сияқты
ұғымдар оған бәсекелесіп отырды. Шығармалар мен авторларды олардың
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
33
ұстанған бағыттарына қарай топтаудағы алғаш пікірді 1864 жылғы Теннің
«Ағылшын әдебиетінің тарихы» атты еңбегінен кездестіруге болады. Оның «ірі
тарихи ағымдар, яғни ұзақ уақыт үстемдік құратын белгілі бір ойлау түрі мен
соған міндеттейтін ұғымдар» туралы айтқаны сол кезеңдегі бетбұрысты пікір
деп танылады. Оның нысанаға алып отырғаны өзінің бүгінгі түсінігіндегі ағым
деуге әрине, келмейді. Теннің меңзегені мәдениет дәуірлеріндегі біріңғай тұлға
типі жөнінде еді.
Аталмыш категорияны тәжірибеде қолдануда, «ағым» терминінің ғылыми
ортада кең танылуына Георг Брандестің «ХІХ ғасыр Еуропа әдебиетіндегі
басты ағымдар» (1872-1890) деп аталатын еңбегі едәуір мәнді иеленеді.
Дегенмен де бұл еңбекте де басты назар жеке қаламгерлердің психологиялық
портретін жасауға аударылды да, ғылыми жұмыстың атауы болғанымен
ағымдар мен бағыттар ерекшелігі жан-жақты талданбады.
Антипозитивистік ұстанымдар алдыңғы қатарға шықаннан кейін де ғылым
әдеби бағыттарды айқындауға баяу болса да алға жылжығаны байқалады. Баяу
деп отырғанымыз сол шақтағы ғылым алдында ең бірінші кезекте әдеби
дәуірлер мен кезеңдер тұрды. Кезеңдер әлдебір тұтастық күйде қарастырылды
да, көп болса ондағы жетекші ағымға ғана көңіл бөлініп, әдеби-мәдени
дамудың көп бағыттылығы мен әрбір бағыттан енші алатын ағымдардың
ерекшеліктері айқындалған жоқ. Әдеби бағыт (ағым) теориясының
эволюциясына көлемді еңбек арнаған Г. Маркевич 1935 ж. Амстердамда өткен
әдебиет тарихшыларының жаңа дәуір әдебиетін кезеңдерге бөлуге арналған ІІ
халықаралық конгреске қатысушылар тарапынан бір кезеңде бірнеше ағымдар
болатыны мойындалмаған факт екенін көрсетіп бергенін айтады [40,201].
Конгресс
хаттамаларынан
көрінетіндей,
француз
салыстырмалы
әдебиеттануының негізін қалаушы Поль ван Тигем ғана пікірталас кезінде
әдебиет тарихының бір кезеңіндегі рухани ізденістердің біріңғайлығына күман
келтіріп, нақты тарихи кезеңде қатарласып келіп отыратын ағымдар туралы,
ғұмыры сондай ұзаққа созылмайтын қозғалыстар туралы мәселе қойғаны
байқалады [41,360].
Аталған мәселелердің тарихын бажайлауда батыс әдебиеттануының бағыт
пен ағымды қажетсіз ұғымдар ретінде толық мойындай бермейтінін қаперде
ұстағанымыз жөн. Уақыт озған сайын әдеби-теориялық ой-пікір үнемі дамып
отырып, «әдеби кезең» ұғымы белгілі бір уақыттық өлшемді ғана білдірмейтіні
хақындағы пікірлер өрістеді. Әрбір дәуірде үстемдік еткен жетекші
тенденцияларды «әдеби кезең» терминімен түсіндіруге тырысушылық заңды
түрде қайшылықтарға ұрынды. Енді әдеби кезең атауы әдеби бағыттардың
синониміне айналып бара жатты. Мысалы, әдебиеттің бір онжылдығы әдебиет
тарихының екі немесе одан да көп кезеңдерге сәйкес келетіні туралы
көзқарастар байқалды.
Әдеби бағыттар маркстік әдіснама тұрғысынан да қарастырылуын
Ф. Мерингтің неміс натурализмі туралы (1892-1893), П. Лафаргтың романтизм
туралы (1896), Г.В. Плехановтың француз әдебиетіндегі классицизм туралы
(1905) еңбектерінен көреміз. Олар әдеби бағыттарды саралауда таптық
генезиске сүйенді. Марксшілердің тезистері таптық әркелкіліктен келіп
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
34
шығатын қоғамдағы идеялық-мәдени әркелкілік ұстанымдарынан туындады.
Бұл еңбектердің құндылығы әр әдеби кезеңде бірнеше бағыттардың болатынын
дәлелдеуге тырысушылығында. Бірақ әр бағытқа дөп келетін таптық
эквивалент табу олардың көзқарастарындағы қасаң шарттылықтарды анықтап
берді.
Біз ерекше атап көрсеткен Г. Маркевичтің «Әдебиет туралы ғылымның
негізгі мәселелері» атты кітабының «Әдеби бағыттар және шығармашылық
типтері» деген тарауында бағыт пен ағым категорияларының пайда болуы мен
ғылыми айналымға қабылдануының тарихи жолын талдау барысында бұл
мәселеге тікелей және жанама қатыстары бар 100-ге тарта еңбектерді көрсетеді.
Әдеби бағыттардың генезисі мен эволюциясы зерттеудің «Әдебиет
тарихындағы ғылым заңдары» деп аталатын келесі тарауында да жалғасын
тапты. Біз үшін ондағы айтылғандарды қайталау шарт емес. Тоқтала кететін бір
жайт, зерттеушінің әдеби бағыт теориясындағы «унитарлық» және тарихтан
тыс жүйелеулерге ашық түрде қарсы шыққандығы. Ол әдеби бағыттарды нақты
бір тарихи кезеңдегі шығармалардың ортақ белгілерінің жиынтығы деген
ұстанымда болып, диахрондық және синхрондық зерттеуді біріктіруді талап
етті. Яғни, оның аталмыш мәселені типологиялық тұрғыдан қарастыруы
статикалық (синхрондық) қабатты тарихи өзгерістер тізбегіне, көркемдік
құбылыстардың тарихи динамикасына негіздеуге құрылды. Ол көркемдік
бағыттарға әдебиетті кезеңдерге бөлу мен жүйелеудің арасын жалғастыратын
құбылыс ретінде қарап, «әдеби бағыттарды (ағымдарды) теориялық тұрғыдан
байыптау ерекше қиындықтар туғызды. Бұл ұғымның осы уақытқа дейінгі
дамуында өзіне жақын тарихи ұғымдардан қара үзіп кете алған жоқ. Бейнелеу
өнері мен архитектурадағы «стиль» үлгісімен және басқа да жүйе түзуші
ұғымдармен араластырылып келді... Өкінішке орай, біздің әдеби ағымдар
туралы мәліметтеріміз тым жұпыны, қарама-қайшылықты және жорамал
түрінде ғана», – дегені де бар [40,213-214].
Тарихилық
тұрғыдан
әдеби
бағыттар
(ағымдар)
туралы
ілкі
тұжырымдамалардың көпшілігіне көңіл бөлген, бай материалдар жинақтаған
зерттеушінің еңбегі ХХ ғасыр әдеби-теориялық ойының жетістігі болғанына
дау жоқ. Дегенмен бұл еңбекте де ағым мен бағыт ұғымы бірдей деңгейден,
бір-бірінен толық ажыратылмаған күйінде, кей тұстарда бір-бірінің синонимі
ретінде де қарастырылады. Сонда да әдеби бағыттар жөніндегі ғалым
еңбектерінің әдістемесі кеңестік ғалымдар тарапынан үлкен қолдау тапты.
ХІХ ғасырдағы Ресей ғылымында да бұл ұғымдар туралы ортақ түсінік
болған жоқ. «Әдебиеттік терминдер мен түсініктердің энциклопедиясында»
(2003) бұл тараптағы алғашқы ізденістер ретінде И.В. Киреевскидің «Он
тоғызыншы ғасыр» (1832), «Әдеби бағыттар мен партиялар» (1833)
мақалалары, П.А. Вяземскийдің «Фон-Визин» (1830) кітабы, В.Г. Белинский,
Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов еңбектеріндегі әдеби бағыт туралы
пайымдаулар көрсетілген. Уақыт өте келе «бағыт» ұғымымен бірге қолданыла
бастаған
«ағым»
термині
туралы
алғашқы
толғамдар,
мысалы,
Д.С. Мережковскийдің «Құлдырау себептері туралы және қазіргі орыс
әдебиетіндегі жаңа ағымдар» (1893), К.Д. Бальмонттың «Символикалық поэзия
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
35
туралы қарапайым сөз» (1904) мақалаларына қысқаша түсінік беріледі [42,605].
Келтірілген еңбектерде әдеби бағыттар мен ағымдарды әдебиеттің әртүрлі
ортақ сипаттарына қолдана берді. ХІХ ғасырдағы ресейлік ғылымда
«халықтық», «тарихи», «немістік», «француздық» бағыттар деген атаулар жиі
кездеседі.
Кеңестік әдебиеттанушылар «ағым», «бағыт» сөздерін пайдалануды ретке
келтіруге, тәртіпке бағындыруға тырысты. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
әдебиеттегі негізгі ортақ белгілерге «стиль» ұғымын кең қолданды. Әдебиеттегі
стиль мен жалпы өнертанудағы стилдердің арасына сондай айқын шекара
қойылған жоқ. Әдебиет дамуында байқалып отыратын ортақ ерекшеліктерді
«стиль» ұғымына сыйғызуды кеңес әдебиеттануының бертінгі кезеңдерінен де
табамыз. Мұнда әдебиеттегі «ұлы стилдер», «дәуір стилі», «дәуірлер стилі»
(Д.С. Лихачев, А.В. Михайлов) тұжырымдарын еске алсақ та жеткілікті. Кеңес
әдебиеттануында «кең тараған көзқарас – бағытты көркемдік әдіс бірлігінің
негізінде қалыптасатын (классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм) ірі
әдеби-көркемдік ортақтықтар деп карау. Сонымен бірге, бағыт ретінде
реннесанстық және ағартушылық «реализм», барокко, натурализм, символизм,
социалистік реализм түсінілді. Бұл мағынада маньеризм, рококо, ілкі
романтизм
(сентиментализммен
теңестірілетін),
импрессионизм,
экспрессионизм,
футуризм
күмәнданушылықтар
туғызды.
Кеңестік
ортодоксалды теория онымен айналыспауды шешкен модернизмнің статусы
айқындалмаған күйінде қалды» [42,605]. Мысалы, романтизм төңкерістік
(немесе прогрестік) және реакциялық (немесе консервативтік), ХІХ ғасырдағы
орыс реализмі психологиялық және әлеуметтік ағымдарға бөлінді.
ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап Одақ әдебиеттанушылары әдеби
ағым-бағыттар мәселесін анағұрлым кең ауқымда талқылап, олардың теориясы
туралы көзқарастарды бір ізге түсіріп, ортақ тұжырымға келуге деген
ұмтылыстар байқатты. Сөз өнерінің даму сатылары бойынша Реннеснстан
кейін келетін классицизмді ең алғашқы, әрі толық түрде қалыптасқан әдеби
бағыт деп таныған Г. Поспелов: «Әдеби бағыттар қайбір елдегі және дәуірдегі
жазушылар тобының белгілі бір шығармашылық бағдарламаға бірігіп, сол
бағдарламаның басты ережелеріне сай шығармалар тудыру негізінде пайда
болады. Бұл – жазушылардың әдеби туындыларына үлкен шығармашылық
ұйымдастырушылық тәртіп пен аяқталғандық дарытады», – деген болатын
[8,134]. Н.А. Гуляев та өзінің «Әдебиет теориясында» (1977): «Жазушылар өз
шығармашылық қызметтерінің теориялық негіздерін түйсініп, оны өздерінің
манифестерінде,
бағдарламалық
баяндауларында
жария
еткенде,
жақтастарымен бірге өздерінің эстетикалық ұстанымдары үшін күресте ғана
әдеби бағыттар туралы сөз қозғауға болады» деген пікірінен бұл ғалымдардағы
көзқарас бірлігін, бір-бірінен алшақ кетпеген пайымдауларды танимыз [43,190-
191]. Сөз өнерінің тарихи даму жолындағы ірі-ірі әдеби ортақтықтарға
«көркемдік жүйе» деген терминді пайдалануды ұсынған және оған арнап
көлемді еңбектер жазған И.Ф. Волков «...көркемдік жүйелердің ішінде
қалыптасатын басқа сипаттағы ұйымдасушылықты біздіңше әдеби бағыттар
терминімен атаған дәлірек сияқты. Жазушылар шығармашылығындағы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
36
көркемдік мазмұнның ортақ типі суреткердің адам болмысының жоғарғы мәнін
немесе оның қайғысы мен қасіретін қай тұрғыдан көруіне байланысты. Басқаша
айтқанда, көркемдік бағыттың негізгі көрсеткіші – көркем шығармалардың
идеялық-эмоционалдық бағыттылығы мен пафосы», – дейді [44,126].
Зерттеушінің мұндай ой түюіне романтизмдегі адамның мәнді өмір сүруі мен
жеке тұлғаның орнына байланысты туған консервативті және прогрестік
романтизм ұғымдары себеп болды. Сонымен қатар, ХҮІІІ ғасырдағы
ағартушылық әдебиет өкілдері адам табиғи болмысының көрінісін екі түрлі
мағынада қараған-тын. Біреулері адамның толыққанды болмысы оның биік
санасынан айқындалады десе (Фельдинг, Смоллет, Дидро, Лессинг), басқалары
адамның шынайы болмысы оның сезімінде екенін алға тартады (Голдсмит,
Руссо). И.Ф. Волков өзінің «көркемдік жүйелер» теориясында әдебиеттегі
бірнеше ортақтықтар мен бірліктерге тоқталады. Оның дәлелдеуінше, әдеби
бағыт пен ағым көркемдік жүйенің ішіндегі мазмұндық қасиеттеріне қарай
айқындалатын ортақ сипаттар, ал стиль мен әдіс көркемдік мазмұнның
құрылымын танытатын ортақ белгілер. Бұлардың барлығын көркемдік жүйелер
біріктіреді. Бірақ әдеби үрдістің заңдылықтары мен ерекшеліктеріне арналған
көптеген еңбектерде «жүйе» сөзі әр түрлі семантикалық реңкте қолданылып,
өзінің терминологиялық тұрақтылығын жоғалтып жүргені де жасырын емес.
Жүйе ұғымы ең алдымен, белгілі бір тұтастықты құрайтын, бір-бірімен
байланысы бар бірнеше элементтердің жиынтығын білдіреді. Сондықтан да
В.Е. Хализев әдеби үрдістегі жүйелік бастауға күман келтіре отырып: «Алайда
мұндай фактілерді әсіре бағалаудың керегі жоқ: көркем шығармалар бәрінен
бұрын бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болады. Элементтері жеке-жеке
шығармалар болып табылатын әдеби үрдістегі ортақ сипаттар шектеулі
мөлшерде ғана жүйе құрай алады. Сондықтан да, әдебиеттану адында «жүйе
деп, шын мәніндегі жүйе емес құбылыстарды» қарастыру қаупі туады», – деген
түйін жасайды [20,127].
Расында да, идеялық тұрғысы, әдісі жағынан бір-біріне жақын қаламгерлер
өздерінің шығармашылықтарындағы үндестіктерді байқамауы мүмкін. Тарихи
дамудың ең алғашқы кезеңдерінде суреткерлер өздерінің шығармаларын
саналы түрде белгілі бір бағытқа, әдіске бағындырды деп айта алмаймыз. Тек
кейін ғана, эстетикалық теория қалыптасып, нақты тәжірибеге айналған шақта
ғана әдеби бағыттар дүниеге келді. Содан барып, көркем ойлау типі жағынан
жақын жазушылар белгілі бір бағытты құрай бастады. Десек те, олардың
идеологиялық ұстанымдары бір арнаға тоғысқан жоқ. Яғни бір бағыттың
ішінде эстетикалық, қоғамдық-саяси көзқарастарына қарай үндесетін
қаламгерлер болады. Осындай идеялық-эстетикалық бірліктің негізінде әдеби
ағымдар дүниеге келді. Біз жоғарыда келтірген француз романтизмінің
ілгерішіл және консервативті болып бөлінуі ағымға тән белгілеріне
байланысты.
Әдебиеттегі доминанттық қуатқа ие болған бағытты басқа бір бағыттың
алмастыруы кезеңінде болатын текетірестер, күрестер бір бағыттың ішіндегі
ағымдардың ортасында да жүріп жатады. Олардың күресі поэтика мен
стилистиканың нақты бір мәселелері төңірегінде, өнердің мазмұндық сипаты,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
37
идеалдары, қоғамдағы орны сияқты эстетиканың негізгі мәселелері ауқымында
болады. Мысалы, орыс әдебиетіндегі декабристер поэзиясын алып қарайық.
Олар поэзиядағы жоғары азаматтық идеялар мен сезімдерді талап ете отырып,
Жуковскидің элегиялық поэзиясына қарсы шықты. Я болмаса, өздерінің
идеялық-эстетикалық мұраттары сәйкеспеуі салдарынан болған Байрон мен
Шеллидің Колридж бен Саутиға мақсатты түрде қарсы тұруы т.б.
ХҮІІ ғасырдан бастап адамзаттың әдеби дамуы тарихында белгілі бір
бағдарламаға біріккен әдеби бағыттар пайда болды дейміз. Ал өз
шығармаларын ешқандай бағдарламаға бағындырмаған, бізге мәлім әдеби
бағыттардың ешбіріне жатпайтын қаламгерлер де болатыны анық. Яғни, бір
бағыт үстемдік етіп тұрған елдің әдебиетінде ол бағытқа кірмейтін,
шығармашылық тұғырнамалары бөлек суреткерлер өмір сүруі әбден мүмкін.
Б.Г. Реизов бұл жерде дұрыс байлам жасаған. Ол: «Романтизм дәуіріндегі
қайсы бір ірі суреткер классицист немесе сыншыл реалист, реализм дәуіріндегі
кей жазушы романтик немесе натуралист болуы мүмкін», – дейді [45,266].
Мысалы, фрацуз классицизмі дәуірлеп тұрған шақта Ш. Сорель, П. Скаррон,
А. Лесаж сынды қаламгерлер авантюралық-плуттық романдар жазды. Бұларды
классицист деп, немесе басқа бір бағыттың өкілдері еді деп айту қиын. Алайда
мұндай жазушылар бір бағдарламаның аясына бірікпегенннің өзінде, олардың
шығармашылығынан да идеялық-көркемдік ортақ сипаттар көрініс берді.
Г. Поспелов классицизм дәуіріндегі орыс әдебиетінде де бөлек ұстанымдағы
М. Чулков, М. Комаров, И. Новиков, А. Попов, А. Аблесимов, А. Измайлов т.б.
қаламгерлердің болғанын, танымдық мақсатта оларды да белгілі бір әдеби-
теориялық атау төңірегіне жинақтау қажет деп санайды. «Қандай да болмасын
елдегі және дәуірдегі біртұтас әдеби бағдарламаға біріккен жазушыларды
айқындау үшін әдеби бағыттар терминін сақтау, ал тек идеялық-көркемдік
ортақтықтары бар жазушылар тобын әдеби ағымдар терминімен атау дұрыс
болар еді», – дейді ол [8,136].
Асылы, бір бағдарламаны мойындаған жазушылардың сол бағдарламаға
қатысы салыстырмалы түрде, яғни бағдарлама шарттарын әр түрлі түсініп, әр
түрлі қолдана беретінін де айтқымыз келеді. Сондықтан да бір бағыт бірнеше
ағымдардың басын біріктіре алады. Әдебиет теорияшылары жиі тілге тиек
ететін классицизм бағыты өкілдерінің ішінде Р. Декарттың рационалистік
философиясының дәстүрінде рационалистік-азаматтық ойды дамытқан
Мальерб, Корнель, Расин, Буалолар бір ағымды құраса, сенсулистік (латынша
«sensus» – сезім, сезіну; Танымның негізі – сезінуде дейтін түсінік) дәстүрді
нығайтқан Гассенди, Лафонтен, Мольерлер басқа бір ағымға жол салды. Бірақ
бұл суреткерлердегі антикалық үлгілерге еліктеу жағынан, драматургияда
әйгілі «үш бірлікке» (уақыт, орын, әрекет бірлігі) белгілі бір мөлшерде қатысы
болуы тұрғысынан олардың бір бағыт өқілдері екені айғақталып тұрады.
Әдеби ағымдар табиғатын таныту барысында аяқталған әрі шешуші
пікірдің иесі демесек те орыс зерттеушісі Ф.М. Головенченко бұл әдеби-
теориялық категорияға біздіңше, біршама толық түсінік берген сияқты. Ол:
«Жазушылар тобының белгілі бір ағымға қатысы стильдерінің бірлігі айқын
болған жағдайда, олардың ашуға ұмтылған тақырыптарының ішкі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
38
байланыстары мен сәйкестіктері, идеялық тұрғысы, жасаған характері,
образдары, оларды мүсіндеудегі ұстанымдары, типтендіруі, көркем баяндау
тәсілдеріндегі үндестіктері көрініп тұрғанда ғана анық және талас
тудырмайды», – деп қорытады [46,296]. Қарап отырсақ, ғалымның ағымға
берген анықтамасында көркемдік әдіске етене белгілер араласып жүр. Оның да
өз мәнісі бар. Зерттеушінің «әдеби ағым – нақты бір көркемдік әдістің сатысы,
фазасы, даму формасы... Әдеби ағымнан әдебиет дамуының белгілі
сатысындағы көркемдік әдістің тірі құбылысын байқауға болады. Осыған орай
әдеби ағымдарды көркемдік әдістің қалыптасуы, өркендеуі, шарықтауы және
құлдырауы сияқты кезеңдері арқылы шектеу керек» деген сөзінің де жаны бар
[46,295-296].
Көркемдік әдістің қалыптасып, әдебиетте жетекшілікке ие болуы жолында
ағымдар ортасында бір-бірін терістеу, я болмаса шығармашылықтың
поэтикалық мәселелері бойынша шарпысулар болып тұрады. Қазақ
әдебиетіндегі реализмнің қалыптасу жолындағы Абайдың «Шортанбай, Дулат
пенен Бұқар жырауларға» қойған эстетикалық талабының түпкі себептерін
әдеби үдерістегі заңдылық – барлық елдердің әдебиетінде бола беретін ағымдар
арасындағы тартыстардан іздегеніміз абзал. Т. Шапай: «Бұқар, Дулат,
Шортанбайларды «мансұқтау» - таза эстетикалық деңгейдегі «терістеу». Бұл,
айталық
Шортанбай,
Дулат
шығармашылығының
халықшылдық,
әлеуметшілдік сипаттарын, өзіндік шындығы мен әсемдігін жоққа шығару емес
– жаңа поэтиканың туғанын жариялау», – дейді [47,267-268]. Бұл жерде
халықшылдық-дәстүршілдік ағым мен жаңа реалистік әдебиетке бет түзеген
ағартушылық-демократтық ағымдардың бетпе-бет келуін таныр едік.
Ұлттық әдебиеттердің тарихы көрсетіп бергендей, өздерінің қоғамдық-
саяси және идеялық-көркемдік ұстанымдары әртүрлі ағымдарды құраған
суреткерлер топтарының арасында кереғарлықтар мен ашық тартыстар болмай
тұрмайды. Сондықтан да әдеби ағым бір-біріне идеялық-эстетикалық
ерекшеліктеріне қарай жақын қаламгерлердің бірлігі ғана деп түсіну - келте,
жадағай түсінік. Бұл кейде қаламгерлердің еркінен тыс та бола беретін, әдеби
үдерістің ішкі заңдылықтарын танытатын құбылыс. Содан барып, біз әдеби
ағымдардың тарихын көркемдік бағыттан бұрын қарастырамыз. Өйткені
бағытты қалыптастырушылар шығармашылық бағдарламаға, эстетикалық
ұстаным-талаптарды сақтауға үндеп, өздерінің іс-әрекеттерін саналы түрде
жоспарласа, ағымдарды түзуші суреткерлер тіпті өздерінің шығармашылық
туыстықтарының арқасында «бір терінің пұшпағын илеп жүргендерін» сезінген
де жоқ. Бұл, әрине, көркемдік дамудың ертедегі сатыларына қатысты. Демек,
«ұлттар әдебиетінде классицизмге дейін нақты қалыптасқан бағыттар
болмағанымен, әр түрлі ағымдар қашан да болған» [8,140].
Бағыттар мен ағымдар тұрғысынан Еуропа әдебиеті біршама толық әрі
ауқымды қарастырылды. Зерттеушілер ондағы ағымдардың тарихын б.д.д.
Ү ғасырға апарады. Көне грек әдебиетінің классикалық дәуірінде, аттикалық
демократия кезеңіндегі драматургияда авторитарлы-мифологиялық ағым өзінің
аристократияға қарсы идеяларымен стихиялы болса да бірнеше суреткерлерді
үндестіріп отырды. Одан бұрынғы құл иеленуші аристократия тұсында
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
39
Мигерлік Феогонид, Спарталық Тиртей мен Алкман, Фивалық Пиндар
өздерінің лирикаларында азаматтық әуенді басты сарынға айналдырып, бір
ағымды жасақтаса, Алкей, Сапфо, Анакреонт лирикасында махаббат
сарындарын жоғары бағалай отырып, алдыңғылармен көркемдік-идеялық
сипаты жөнінен қабыспайтын басқа ағымды қалыптастыра алды. Міне, көне
дәуірдің өзінде ортақ идеялар мен ортақ эстетикалық құндылықтар біріктіре
алған тенденциялардың өзін ағым деп қарастыруға дәлелдер жеткілікті.
Ағымдар табиғаты жаңа дәуірді айтпағанның өзінде орта ғасыр әдебиетінде
мейлінше анығырақ көріне бастады. Оның бәрін осы еңбектің аясында
тізбектеп шығу мүмкін емес. Айтпағымыз - әдебиет тарихын қарастырудың
ғылыми тәжірибелерінен анық болғандай, әдеби ағымдар көркемдік
бағыттардан ерте көрініс берген құбылыс екендігі. Қазіргі таңда қазақ
әдебиетінің көне бастауларындағы, түркілік дәуіріндегі ағымдар сипатын
анықтау қажеттілігі сезіледі. Ұлттық әдебиеттануда көне түркі әдебиетін
«әдеби үдерістің басты қаһармандары – жанрлар» (Бахтин) жүйесінде
қарастыру басым сипат алып келді. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
мәселесіне келгенде әдеби ағымдарды назарға алу тіптен қажет. Өйткені даму,
кемелдену жолында әрбір тарихи кезең рухани саланың алдына шешуге тиісті
мәселелер ұсынып отырды. Халық өмірінің күрделі оқиғаларымен байланысты
белгілі бір тақырыптық желілер, идеялық сарындар төңірегіне топтасулар
болды да, нақты бір идеялық-эстетикалық принциптер ұлттың рухани-мәдени
дамуының ұзақ уақытында үстемдік құрды.
Әдеби ағымдардың болмысын тану барысында тағы бір есте ұстайтын жайт
– бір ағымды бір дәуірдің түрлі кезеңдеріндегі талант қабілеттері әр түрлі
қаламгерлер құрай беретіндігі. Әрине, жеке жазушылардың қайталанбайтын
ерекшеліктері ұлттық әдебиет дамуында айрықша маңызға ие екені белгілі.
Алайда, олардың бір ағымға жатуы талант деңгейлеріне ғана байланысты емес,
идеялық-танымдық бірліктеріне қатысты айқындалады. Бұл орайда ұлттық
әдебиет дамуындағы ірі тұлғалар орта деңгейдегі қаламгерлер қауымына қарсы
тұрмай, ортақ принциптер жолында бірігеді. Бірақ сол ағымның ауқымында әр
суреткердің өзіне лайық орны болады.
Сонымен, әдеби ағымдарға қатысты жоғарыда айтылған мәселелерден
ортақ тұжырымдар шығарайық:
Біріншіден, әдеби ағымдар әдебиеттің ертедегі сатыларынан бастап
байқалатын, бағыттардан бұрын пайда болған сөз өнерінің ортақ сипаттары;
Екіншіден, әдеби бағытқа қаламгерлерді бағдарламалық-эстетикалық
тұтастық топтастырса, әдеби ағымға дүниетанушылық қырлары, тарихи-
әлеуметтік мәселелерге қарым-қатынасы, оны шешу жолдарындағы идеялық-
көркемдік концепциясы ұқсас қаламгерлер жатқызылады;
Үшіншіден, бір бағытты құрайтын бірнеше ағымдар болады да, керісінше
әдебиеттің нақты бір кезеңінде үстемдік етіп тұрған бағытқа жатпайтын,
олардың
шығармашылық
бағдарламаларындағы
ереже-талаптарды
ұстанбайтын тәуелсіз ағымдар да бола береді;
Төртіншіден, әдебиттің даму жолында көркемдік әдісті қалыптастыратын
әдеби ағымдар бар. Яғни, көркемдік әдістер де бірнеше ағымдарды біріктіре
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
40
алады. Мысалы, реализм түрлі белгілеріне қарай ағымдарға да, бағыттарға да
бөлінеді.
Әдеби үдерістің ортақ белгі-сипаттарынан туындайтын бағыт пен ағым
ұғымдары бір-бірінен толық ажыратылып болды деп айта алмаймыз. Біздің
көрсетіп отырғанымыз – ұғымдардың анағұрлым көзге анық шалынатын
айырмашылықтары. Әлемдік әдебиеттану ғылымының тарихында бір ғана
романтизм ұғымына қатысты «романтизм дәуірі», «романтизм әдісі»,
«романтизм бағыты», «романтизм ағымы» деген сияқты терминдік
қолданыстар үнемі кездесіп отырады. Натурализмді әдебиеттанушылар біресе
бағыт ретінде, біресе ағым ретінде түсіндіреді.
Қазақ әдебиеттануында бағыт пен ағым теориясы әредік сөз етілгенімен,
жан-жақты қарастырылмай қалды. Әдебиет теориясына арналған еңбектерде
аталған ұғымдарды бір-бірімен алмастыра қолдану, терминологиялық
анықсыздықтар кездесіп жатады. М. Жұмабаев шығармашылығының
мысалында қазақ топырағындағы романтизм әдісінің эволюциясын зерттеген
ғалым Е. Тілешовтың: «...әдебиеттану ғылымымыздың әдеби бағыт, ағым,
көркемдік әдіс, стиль мәселесінде әлі де кенже қалып отырғанын айтуға
тиіспіз. Осындай күрделі мәселелерді көрсете алған бірде-бір теориялық
еңбектің жоқтығы, ал жоғарғы оқу орындарына арналған «Әдебиет теориясы»
оқулықтарындағы мәліметтерге өте аз орын берілуі және олардың өзі негізінен
дайын тұрған орыс әдебиетінің мысалымен түсіндірілуі мәселені шешпек
түгілі, шешуге де ұмтылмайтынын жасыруға болмайды», – дегеніне келісуге
тура келеді [48,28]
Бүгінгі күнге дейін біз басшылыққа алып келген әдеби бағыт пен ағым,
көркемдік әдіс теориясына арналған еңбектер негізінен Еуропа елдерінің
әдебиеті бойынша жасалғанын үнемі қаперден шығармауымыз керек. Кеңестік
дәуірдегі аталған әдеби категориялар төңірегінде өрістеген теориялық ой-пікір
Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі
көркемдік дамудың мысалдарына әсіре жүгініп отырды. Өйткені бұл елдердің
әдебиет тарихындағы ортақ сипаттар анағұрлым анық бедерленіп отырған-тын.
Бұл елдерде пайда болған бағыттар мен ағымдардың классикалық түрлері бар
да, олардың басқа елдердің әдебиетіне таралған аналогтары немесе ұқсас
құбылыстары бар. Әрине, бұдан Еуропа құрлығына жатпайтын елдер
әдебиетінде бағыттар мен ағымдар кездеспейді деген қорытынды шықпауға
тиіс. Ғалым А.М. Гуревич өзінің «Типологиялық ортақ сипаттар мен тарихи-
ұлттық ерекшеліктер. (Әдеби бағыттар туралы тартыс-таластарға)» деген
мақаласында аталған мәселені шешу жолдарын ұсынды. Ол Еуропаның белгілі
бір ұлттық әдебиетінде ең алғаш пайда болған бағытты (бұл ағымдарға да
қатысты – Ж.Ж.) оның «классикалық» формасы деп, әлеуметтік-тарихи
жағдайы ұқсас елдерде дүниеге келген бағыттарды олардың «типологиялық
вариациялары» деп, еуропалықемес, яғни әдебиеті өзіндік, бөлек сатымен
дамыған елдердегіні «типологиялық ұқсас» бағыттар деп шектейді [49,171].
Бұлардың бәрі бір-бірін толықтырып тұратын ұғымдар, түптеп келгенде – бір-
ақ нәрсе. Алайда қазақ әдебиеті сияқты даму сатыларында өзіндік
ерекшеліктері мол әдебиетте бағыттардың «типологиялық ұқсас» түрлері
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
41
«классикалық формаларға» қарағанда анағұрлым кең мағынаға ие екенін де
атап өткіміз келеді. Неге десек, бағыттар мен ағымдардың «классикалық
формаларындағы» көркемдік-эстетикалық принциптер ұлттық топыраққа келіп
орныққанда сол ұлттың тарихи-мәдени ерекшеліктеріне, әдебиетіндегі
дәстүрлік негіздерге сай синтезделеді. Сондықтан да әлем әдебиетіндегі белгілі
бағыттар мен ағымдардың бәрін ұлттық әдебиетімізден таза күйінде
кездестіреміз деу қателік болып шығар еді. Біз адамзаттың көркемдік дамуы
мен ұлттық әдебиет арсындағы байқалмай қалмайтын ортақ сипаттарды әдеби
дамудың жалпы заңдылықтарына жатқызғанымызбен, ұлт тарихындағы,
қоғамдық санадағы ерекшеліктерді, әдеби-мәдени дәстүр өзгешеліктерін үнемі
естен шығармағанымыз игі.
Батыс әдебиеттануында әдеби бағыт және ағымды схоластикалық ұғымдар
ретінде қабылдамайтын көзқарастар да жеткілікті. Мысалы, Р. Уеллек пен
О. Уоррен бірнеше халықтар әдебиетіндегі үндестіктерді, шығармашылық
бағдарламалар мен манифестерге негізделген сәйкестіктерді «кезең» ұғымымен
белгілеуді ұсынады [50].
Орыс әдебиеттанушысы М.М. Бахтин ғалымдарды әдебиеттің кезеңдеріне
баға беруді «әдеби бағыттардың үстіртін күрестеріне сайдырудан»
сақтандырады. Оның дәлелдеуінше, әдеби үдерісті бағыттардың тар
шеңберінде қарастыру кезінде «жазушылар шығармашылығын айқындайтын
негізгі аспектілер ашылмай қалады» [51,266]. Өйткені ол әдеби үдерістің негізгі
сипаттарын сараптауда жанрларға басымдық бергенін білеміз. Кей ғалымдар
біздің ғасырымыздағы әдеби бағыттардың бір-бірін аса үлкен жылдамдықпен
алмастыруынан «олардың жоғалуының айқын белгілерін» көреді [14,410].
Көріп отырғанымыздай, әлемдік әдеби контексте бағыттар мен ағымдарды
әдеби үдерістегі бірнеше халықтардың сөз өнеріне тән ортақ белгілерді
айқындаудағы жетекші роліне аса сақтықпен қарайтындардың қатары молаюда.
Қазір әдеби бағыттар мен ағымдарды әдебиет заңдылықтарының схемасын
жасау үлгісі ретінде ғана қарайтын (оның өзі батысеуропа елдерінің әдебиетіне
қатысты) көзқарастар бой көтеріп келеді деп айтуға негіздер табылады. Алайда,
мұның бәрі белгілі бір ұлттық әдебиет шеңберіндегі бағыттар мен ағымдардың
алатын орнына көлеңке түсіре алмайды. Ұлттық әдебиеттегі бағыттар, әсіресе,
ағымдар сол ұлттың көркемдік дамуының аса айқын белестері және әдебиет
заңдылықтарының жүзеге асуының нақты көрсеткіштері. Осы арқылы біз ұлт
әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен қатар әлемдік әдебиетпен шендесетін
қырларын анықтап, әдебиетіміздің даму сатыларына талдаулар жүргізе аламыз.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы да «әдеби ағым» мен «бағыт» ұғымдарын
орағытып кетіп отырды десек, жаңылған болар едік. Әр кезеңде жазылған
теориялық еңбектерде аталған категорияларға қатысты жан-жақты болмаса да
сипаттамалар беріліп келеді. Қазақ әдебиеттануындағы алғашқы іргелі
теориялық еңбектің авторы А. Байтұрсынов әдеби ағым-бағыттарға тікелей
тоқталмаса да Еуропадан ауысып келген және келуі мүмкін әдеби
құбылыстардың сырын ашу қажет деп санаған. «...Бір жұрт екінші жұрттан
әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде болған іс емес, барша жұрттың басында
болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
42
әдебиетінен үлгіні Рум алған, Европадағы басқа жұрт алған. Біздің орыс та
әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз» [29,144]
немесе «Қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе жатыр. Және сол
бетімен баратындығы байқалады. Европа әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі
түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанымен, ілгеріде болуы ықтимал.
Сондықтан да сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа
әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орындарында атап
өтеміз», – деген сөздері әлгіндегі мақсаттан туындайды [29,162]. Яғни ұлт
ғылымының болашағын ойлаған ол жан-жақты әрі толық әдебиет теориясын
жасау мақсатында ұлттық топырақта әлі көрініс бермеген құбылыстарды да
қамту керектігін терең түсінген.
Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелерінде» (1940) әдеби
ағым көркемдік әдістің алғашқы сатысы ретінде қарастырылып, әдіс пен ағым
арасындағы айырым-белгілерді нақтылауға қадамдар жасалады. «Белгілі бір
дәуірлердегі ұлы жазушылардың негізгі дүние тану, творчестволық көркемдік
принципі бір системада қалыптасып, жасалған болса, ол принципті
жазушылардың көпшілігі мақұлдап қолдананатын болса, ол толық
мағынасындағы көркем метод болып табылады. Егер белгілі жазушылар
топтарының ұйымдасқан түрде ұсынған, творчестволарында қолданған
көркемдік принциптері бір системада қалыптасып, жасалып кетпесе,
жазушылар жұртшылығының көпшілігі қабылдамайтын болса, қоғамның
негізгі слойларына жат көрініп тұрса, ондай көркемдік принцип метод болу
дәрежесіне жете алмаған тек ағым ғана болып табылады» деген ғалым пікірінен
ағымнан гөрі әдістің орны жоғары қойылғанын көреміз [52,71]. Автордың
пайымдауы бойынша, көркемдік әдіс ағымға қарағанда жоғары дәрежеде
ұйымдасқан категория. Ол ағымдардың дүниеге келуін ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы болған нақты қоғамдық себептерден
іздейді. Бұл шақтағы буржуазиялық қоғамның реализмнен ауытқи отырып,
тұйыққа тірелуі себепті жазушылардың басқа әдістер ойлап табу жолындағы
бірлесе жасалған әрекеттерінен соң түрлі ағымдар пайда болғанын негіздей
келіп, имрессионизм, символизм, футуризмдерді реакциялық, керітартпа
ағымдар ретінде сипаттайды. Е. Ысмайыловтың еңбегінде маркстік-лениндік
әдіснама талаптары ескерілгендіктен Б. Күлеев, М. Жұмабаев символизмдері
сын тезіне салынды. Зерттеуші ХХ ғасырдың басында пайда болып қайтадан
жоғалып кеткен ағымдар ретінде имажинизм, акмеизмдерді символизмнің
құбылған басқа формалары деп сипаттай келе, оларды әдеби дамудың прогресті
емес, регресті құбылыстары деп бағалайды. Бірақ әдеби ағымдардың белгілі бір
көркемдік әдіс қалыптастырудағы ролін ғалым әбден орынды атап өткен.
Сонымен бірге, әдебиеттегі ағымдар мәнін айқындауда Е. Ысмайылов Еуропа,
орыс әдебиетінің мысалдарына ғана жүгінбей, олардың қазақ әдебиетіндегі
көріністерін бағамдауға ұмтылысын жоғары бағалауға тиіспіз. Өкініштісі сол,
әдеби теориялық күрделі ұғымдарға, барша ел әдебиетіне ортақ
терминологиялық мәселелерге түсінік берудегі Е. Ысмайыловтың дәстүрі кең
ауқымда жалғасып кете алған жоқ. Әрине, ол уақыттан бері әдебиеттану
ғылымы үнемі даму үстінде болып, ағымдар теориясына байланысты түсініктер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
43
өзгеріп, жетіліп отырды. (Мысалы, аталған еңбекте кейінгі жылдардағы
әдебиеттану ғылымы әдеби бағыт деп тапқан классицизм көркемдік әдіс
ретінде қарастырылады).
М. Қаратаевтың «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы»
(1965) монографиясында әдісті жеке алып қарастыру қолға алынғанымен,
әдебиеттегі басқа көркемдік әдістердің орны елеусіз қалдырылды. Ағым мен
бағыттың, әдістің ара-жіктері толық ашылмай, бұл ұғымдарды бір-бірінің
орнына қолдана берушілік ХХ ғасырдағы теориялық еңбектердің көпшілігіне
тән. Мәселен, Қ. Жұмалиевтің біршама түзетулермен екінші рет басылған
«Әдебиет теориясы» (1964) оқу құралында әдеби бағыт пен көркемдік әдіс бір-
бірінің синонимі ретінде қолданыла береді. Ал З. Қабдолов «Әдебиет
теориясының негіздері» (1970), «Сөз өнері» (1982) еңбектерінде бағыттар
туралы сөз қозғамайды. Ғалым классицизмді де, сентиментализмді де,
натурализмді де әдеби ағымдар деп қарастырады. Ол: «Әрбір әдеби ағымды әр
қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым - әр
дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым – тарихи
категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік
сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады», -
деп баға береді [7,340]. Зерттеуші ағымды белгілі бір тарихи кезең сипатына
орай
өрістейтін
шығармашылықтың
идеялық
мұраттарымен
тығыз
байланыстырды. Ал Р. Нұрғали болса, модернистік ағымдарды бір жақты
қаралаудан арылтуға назар аударып, «Қазіргі модернистер, декаденттер құр
форма қуушылар емес, олардың дүниетанымы өзегінде философиялық
концепция жатыр, ал әлем әдебиетіндегі жемісті бағыт – қоғамдық дамудың
тәжірибесі тудырған адам табиғатындағы мың сан құбылыстар екендігіне
жазушылар түгел ден қойған» деуі ағымдар табиғатын тереңдеп зерделеудегі
көп ілгерілегендікті аңдатты [6,260].
Ұлттық ғылымдағы әдебиет теориясына байланысты кейінгі жылдарда
жарық көрген еңбектерде бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ сияқты
ұғымдардың ара-жігін ажыратып, басты сипаттарына қарай жүйелеу ісі алға
жылжығандығы байқалады. Қаламгерлердің рухани және эстетикалық
ұстанымдарының өзара сәйкестігінен келіп шығатын тақырыптық, жанрлық,
стильдік үндестіктердің нақты бір әдеби заңдылықтар аясында түзілетінін
аңғартқан К. Ахметов: «...бағыт көркемдік мазмұнның рухани-эстетикалық
терең мәнін белгілейді. Бұл үлгідегі көркемдік мазмұн мәдени-көркемдік
дәстүр бірлігінен, қаламгерлердің дүниетаным ұқсастығынан және олардың
алдындағы өмірлік проблемалардың ортақтығынан, түптеп келгенде, дәуір
тудырып отырған әлеуметтік, мәдени, тарихи жағдайлардың ұқсастығынан
шығады», – дей отырып, осындай белгілері арқылы дараланатын бағыттардың
ішінен идеялық-көркемдік концепциялардың алуан түрлілігі арқылы әдеби
топтар мен мектептер айқындалатынына назар аударады [32,158]. Міне, қазақ
әдебиеттануындағы әдебиет теориясына арналған кейінгі еңбектердің біріндегі
бағыт туралы біршама толымды тұжырым – осы. Ал ғалымның «ағымдар
бағыттың алуан түрлері болып табылады» деген байламы әдеби ағымдардың
барлық табиғатын анықтамайтынын айтқымыз келеді. Өйткені біз жоғарыда
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
44
дәлелдегеніміздей, әдебиеттің тарихи даму жолында белгілі бір бағытқа
жатады деуге келмейтін ағымдар да қалыптасады. Ал әдеби бағыттардың
негізгі айқындауыштық белгісі – қоғамдық-әлеуметтік алғышарттар туғызатын
шығармашылық-бағдарламалық мақсаттар бірлігі.
ХХ ғасырда нақты қалыптасып, әбден орныққан әдебиеттің тектері – «эпос
– лирика – драма» сынды теориялық үштағанды «проза – поэзия –
драматургия» үштағаны ығыстырып шығарғаны байқалады. Яғни мазмұн мен
түр ерекшеліктерін жанр шарттарымен тығыз байланыстыра зерттеу
тенденциясы белең алды. Өткен ғасырда эпос, лирика, драма тектерінің бір-
біріне кірігіп, нақты шекаралары солғынданып бара жатты. Тектер арасындағы
байланыс-әсерлерді лирикалық, прозалық, драматургиялық жанрлардың өзара
алмасулары жылдамдата түсті. Мысалы, лирика мен прозадағы драматизмнің
күшеюі, әңгіме-повестердегі автордың субъективті-эмоционалдық белгілерінің
тым айқын көрінуі арқылы прозадағы лиризм ұғымының пайда болуы, сондай
жағдайлардың драмалық жанрларда да айшықталуы т.б. Адамзаттың рухани-
эстетикалық сұранысына қарай туған күрделі шығармаларда өмір
құбылыстарын игерудің эпикалық, лирикалық, драмалық тәсілдері қабаттаса
келіп көркем ой формалары өзгеріске ұшырады. (Мұны әдебиеттің ерте
бастауларындағы синкретизммен шатастыруға және болмайды). Сондықтан да
белгілі бір әдеби құбылыстар мен заңдылықтар әр жанрда әркелкі деңгейде
жүзеге асып отырды.
Тұжырымдай айтқанда, бірнеше қаламгерлердің басын біріктіре алатын
идеялық-эстетикалық құбылыстар - әдеби ағым мен бағыт өзіндік белгі-
сипаттары арқылы ажыратылады. Бұл орайда шетелдік ғалымдар мен қазақ
әдебиеттанушыларының біз жоғарыда келтіріп кеткен бірнеше тұжырымдары
мысал бола алады. Әдеби ағымдар поэзиялық форма мен прозалық жанрларда
түрліше көрініс тапты. Ұлттық поэзиядағы кей ағымдар прозаның даму
жолында мүлде ұшырасқан жоқ немесе жекелеген элементтері ғана кездесіп
отырды. Біздің әдеби ағымдар табиғатын проза жанры арқылы бағамдауға
ұмтылуымыздың себебі де сол.
Қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасып, дамуындағы ұлттық
поэтикалық дәстүрдің ролін ешкім жоққа шығара алмайды. Көркем сөз
қолданысында өлең сөз жүйесіне бірнеше ғасырлар бойы басымдық беріп
келген әдебиетіміз проза жанрының қалыптасуына алғышарттар жасады.
Сондай-ақ, әдебиеттегі жаңа форманың жетілуіне сыртқы әсер, басқа елдердегі
реалистік проза дәстүрінің де орнын ескеруіміз қажет. Сырттан келетін әдеби
ықпалдарды сөз еткенде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ұлттық сөз өнеріндегі
шығыстық дәстүр анағұрлым бәсең тартып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен
бастап әредік қана көзге шалынатын болды.
Қалай десек те қазақ әдебиетіндегі проза, әсіресе оның эпикалық
формалары еуропалық әдебиеттегі дәстүрлерге бағдар ұстанып, ондағы
үлгілерді ұлттық көркемдік таным ерекшеліктеріне бағындыра, өз талғамына
сай сіңіре алды. Сондықтан батыс елдердің әдебиеттерінде болған әдеби
ортақтықтар, әр кезеңде жетекшілік еткен тенденциялар біздің әдебиетімізде
сол қалпында қайталанбаса да көріністері танылып отырады. Бұл елдер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
45
әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар, көркемдік әдістердің пайда
болуына негіз болған жағдайдарға ұқсас көріністерді қазақ әдебиетінен де мол
ұшыратамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |