Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар



Pdf көрінісі
бет14/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар. 
2.1 Қазақстандағы азамат соғысы (қарсыластығы). 
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. 
 
1918 
жылдың 
бiрiншi 
жартысында 
Кеңес 
үкіметінiң 
iшкi 
қарсыластығының  шиеленiсуi  ел  iшiндегi  азаматтардың  қарсыластығына, 
қарулы  ұрыстарға  әкелiп  соқтырды.  Қарсыластықтың  негiзi  ауыл  мен  қала, 
жұмысшылар  мен  шаруалар  арасында  болып  шиеленiсе  түстi.  Жұмысшы-
шаруалар  Кеңестерiнiң  орталық  пен  ел  өңiрiндегi  үкiмет  тiзгiнiн  басып  алуы, 
алғашқы  кезден-ақ  билiктен  алыстатылған  топтардың  қарулы  қарсылығын 
туғызды.  Яғни,  бүкiл  мемлекеттегiдей  Қазақстанда  да  азаматтық  қарсыластық 
қарулы ұрысқа - азамат соғысына әкелдi. 
 
Казіргі  Қазақстан  өңірінде  азамат  соғысының  оты  1917  жылдың 
қарашасында  Торғай  облысының  әкiмшiлiк  орталығы  Орынборда  тұтанды. 
Атаман  Дутов  басшылығымен  мұнда  Кеңес  үкiметi  құлатылып  С.  Цвиллинг 
басқарған  революциялық  комитеттi  тұтқындады.  Ал  1917  ж.  13  қарашасында 
Жетiсудың  казактары  Кеңестермен  күресу  үшiн  әскери  үкiмет  құрылымын 
ұйымдастырып,  Верныйға  осы  өңiрдегi  ақгвардияшылар  мен  юнкерлердi 
топтастыра бастайды. 
 
1917  ж.  қарашасында  революцияға  қарсы  ауқымды  топ  Оралда  бой 
көтерді. Басшылыққа келген әскери үкiмет жергiлiктi Кеңестi таратып, өңiрдегi 
билiктi  қолына  алады.  Осынау  әскери  үкiметтер  Қазақстандағы  революцияға 
қарсы  ақгвардияшылардың  басты  күшiне  айналды.  Олар  ақгвардияшыл 
офицерлерге,  казак  станицалары  мен  келiмсектер  қоныстанған  елдi-
мекендерiнiң  бай-билеушi  топтарына  сүйенiп,  жергiлiктi  кадет,  эсерлер  мен 
меньшевиктерден, Алаш, Шура-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа 
саяси  қозғалыстар  мен  топтар  тарапынан  қолдау  тапты.  Мысалы,  Атырауда 
(Гурьев)  1918  жылы  23  наурызда  Орал  казактары  бүлiк  шығарды.  Бұнда 
генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесiнiң 
9  мүшесi  сотсыз  атылды.  Ал  осы  жылы  наурыз  айының  аяғында  ақ 
гвардияшылар  Алаш  Орда  өкiлдерiмен  бiрiгiп,  Орал  қаласында  төңкерiс 
ұйымдастырды. 
 
Сайып  келгенде,  Кеңес  үкiметiн  құлату  үшiн  ел  iшiндегi 
ақгвардияшылдармен  бiрiгiп  алған  iрi-iрi  дамыған  мемлекеттердiң  қатысып 
қолдауымен 1918 ж. жазында азамат соғысы кең көлемде құлаш жайып кетедi. 
Олардың  ең  басты,  пәрмендi  күшi  елдiң  солтүстiгi  мен  шығысында,  яғни 
Австро-Венгрия  тұтқын  солдаттары  сапар  шегiп  бара  жатқан  бағытында 


болады.  Ciбiрде  1918  жылдың  мамырында  Антанта  елдерiнiң  қолдауымен 
Чехословак әскери тобының офицерлерi бүлiк шығарды. Кейiн олар ел iшiндегi 
жаңа  үкiметке  қарсы  күштермен  бiрiгiп,  Петропавл,  Ақмола,  Атбасар, 
Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Қ.Сүтiшев, И.Дубинин, П.Калюжная, 
Қ.Ыдырысов,  Қ.Шугаев,  П.Салов  және  басқаларын  азаптап  өлтiрiп,  Өскемен 
Совдепiнiң төрағасы Я.Ушаковты тiрiлей кеменiң пешінің отына тастады. 
 
Жаңа үкiметке қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердiң 
“Комуч”  (Құрылтай  жиналысының  мүшелерiнiң  комитетi)  “үкiметiн”,  Омбыда 
Колчак  бастаған  Сiбiр  ақгвардияшыларының  “үкiметiн”,  Каспий  сыртқы 
облысында  ағылшындар  “үкiметiн”  құрды.  Краснов  пен  Деникин  соғыс 
қимылдарын күшейте түстi. 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл 
Армия бөлiмдерiнің кейiн шегiнуіне байланысты Ақтөбе майданы пайда болды. 
Оның  әскери  құрылымдарына  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  қалаларда 
(Ташкент,  Шалқар,  Қазалы,  Перовск  /Қызылорда/,  Черняевск  /Шымкент/, 
Әулиеата)  қалыптасқан  шоғырлар  келiп  қосылды.  Оның  қатарында  негiзiнен 
ерiктiлер болды.   
Әскери мiндет туралы БОАК-тiнiң (Бүкіл Орталық Атқару Комитеті) 1918 
жылы  29  мамырда  қабылданған  жарлығынан  кейiн  әскери  мiндеттi  өтеуге 
еңбекшiлердiң  белгiлi  жасқа  жеткендер  шақырылатын  болды.  1918  жылдың 
жазында  алғашқы  ұлттық  әскери  бөлiмдер  Жетiсуда,  Орынборда,  Оралда, 
Батыс Қазақстанда, Бөкей Ордасында ұйымдастырылған. 1918 жылдың күзiнде 
Бөкей  Ордасында  қалыптасқан  қазақ  атты  әскер  полкiнде  Хамит  Чурин, 
Ж.Сарсеков, Х.Ишанов, В.Жәнекешев т.б. азаматтар белсендiлiк көрсеттi. 
 
1918-1919  жж.  Торғайда  Әлiби  Жангелдин  және  Аманкелдi  Имановтың 
екi атты әскер бөлiмдерiне кiшi буындағы командирлердi даярлайтын оқу тобы, 
зеңбiрекшiлер  тобын,  Ырғыз  қаласында  тағы  бiр  атты  әскер  бөлiмiн  құрды. 
Олардың  қатарында  қазақ  жастары  мен  бiрге  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс 
жылдарында Ресейде қалып қойған шетелдiктер венгр, чех, румын, поляк, немiс 
өкiлдерi  де  ішінара  болған.  Осы  жылдары  Ә.  Жангелдин  бастаған  экспедиция 
Мәскеуден  көп  қару-жарақ  пен  оқ-дәрi  жеткiздi.  1918  ж.  көктемінде  ол  ХКК-
ның  төрағасы  В.Ульянов-Лениннен  тікелей  тапсырма  алып  жол-жөнекей 
Астрахань  қаласында  балық  зауытында  жұмыс  жасап  жүрген  қазақ  жігіттерін 
қатарына тартып, Маңғыстауға адай руының жігіттерімен қатарын толықтырып 
Үстүрт  арқылы  Шалқарға  /казіргі  Ақтөбе  облысы,  Орынбор-Ташкент 
теміржолының  торабы/  жетіп,  жиналған  қару-жарақты  аман-есен  Ақтөбе 
майданына  жеткізеді.  Кеңес  үкiметiн  жақтаушы  күштердiң  (Қызыл  Армия)  1 
және  4-шi  бөлiмдерi  шабуылға  шығып,  Бугуруслан,  Бұзылық,  Қазан, 
Александров Гай қалаларын азат етіп, Орынбор мен Оралға жақындай түсті.  
 
Жетiсу  өңiрiндегi  азаматтық  қарсыластық  жаңа  үкiмет  жауларының 
пайдасына  шешiлмедi.  Бұл  бағытта  қазан  айының  екiншi  жартысында  Қызыл 
Армия күштерi шабуылға шығып, Абакумовка стансасын ақ гвардияшылдардан 
босатты.  Ақтөбе  майданының  қарулы  күштерi  1919  жылы  22  қаңтарда 
Орынборды,  26  қаңтарда  Орал  қаласын  азат  етiп,  Қазақстан  және  Түркiстан 
аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтiрдi. 


 
Азаматтық  қарсыластық  толықтай  қарулы  сипат  алғанда,  Қазақ  жерiнiң 
көпшiлiгiнде  Кеңес  үкiметi  құлатылған  алмағайып  жағдайда,  Алаш  Орда 
Орынбордағы  Дутовпен,  Омбыдағы  Сiбiр  уақытша  үкiметiмен  және 
Самарадағы  құрылтай  жиналысының  Комитетiмен  (Комуч)  одақтасып,  Орал 
мен  Сiбiр,  Жетiсу  қазақтарымен  байланысты  күшейтiп,  Кеңестерге  қарсы 
шығуға  дайын  отырды.  1918  жылдың  маусымында  Алаш  Орда  үкiметi 
Кеңестердiң  мемлекеттiк  жүйесiне  қарсы  бағытталған  бiрқатар  жарлық 
шығарады.  Бұл  құжаттарда  Алаш  аймағында  Кеңес  үкiметi  жария  еткен 
шешімдер, заң актiлерi түгелдей күшiн жояды деп жарияланып, большевиктер 
партиясының мүшелерiн қудалау заңды деп табылды.   
 
Алаш  партиясының  өкілдері  Ә.Бөкейханов,  Ә.Ермеков  және  бiрқатар 
әскерилер 1918 ж. шiлде және тамыз айларында Самар мен Омбыда Комуч пен 
Сiбiр уақытша үкiметтерiнiң әскери ведомстволары өкiлдерiмен кездесiп, Алаш 
Ордаға  көмек  беру  және  оның  қарулы  күштерiн  құру  жөнiнде  келiссөздер 
жүргiздi.  Алаш  Орданың  елiмiздiң  батысындағы  жетекшiлерi  ағайынды 
Досмұхамедовтер  таяу  уақытта  қазақтардың  2  мың  адамнан  тұратын  іскери 
құрамасын  ұйымдастыруға  уәде  бередi.  Казіргі  Қазақстан  территориясындағы 
азаматтық  қарсыластық  Ресейдегi  азамат  соғысының  құрамды  бiр  бөлiгi  едi. 
Сол  себептi  де  Қазақстан  майдандарындағы  күрес-тартыстың  дамуы  мен 
барысына соғыстың басты майданындағы соғыс әрекеттерiнiң жүрiсi ғана емес, 
Қазақстанның ақгвардияшылар жаулап алған территориясындағы  жаңа билікті 
қолдаушылар соғысы Қызыл Армияның Шығыс және Оңтүстiк майдандарында 
шайқасып жатқан негiзгi күштерiнiң күрестерiне біраз тірек болған.  
 
Азамат соғысының нәтижесiне ақгвардияшыларға қарсы халықтың ерікті 
белсенділігі (партизан) елеулі әсер еттi. Қазақстандағы партизан қозғалысының 
iрi  ошақтары  Қостанай  уезi,  Ақмола,  Жетiсу  облыстарында  болды.  Павлодар, 
Өскемен,  Бұқтырма  мен  Зайсан  уездерiнде,  әсiресе  Зырян,  Қатон  Қарағай, 
Шыңғыстау,  Шемонаиха  болыстарында  партизан  қозғалысы кең  қанат жайып, 
елдiң едәуiр бөлiгiн қамтыған. Черкасск қорғанысы, Тарбагатай мен Үржардың 
“Таудың  қызыл  қырандары”  отрядтарының  ерен  қимылдары  Қазақстандағы 
азамат соғысында елеулi орын алды. Кеңес мемлекетiнiң тарихында 22-і және 
25-шi  Чапаев  дивизияларының  қимылы,  Орал  мен  Орынборды  қаhармандық 
пен қорғау елiмiздiң тарихының аса елеулi беттерi болып саналады. 
 
1919    жылы  М.В.Фрунзе  басқарған  Қызыл  әскер  шоғырлары 
Қазақстанның солтүстiк аудандарында, ал Чапаев бастаған шоғырлар оңтүстiк-
батыс  аудандарда  соғыс  жүргiзiп,  Колчак  құрамаларының  Деникин 
әскерлерiмен  қосылуына  жол  бермей,  оларға  күйрете  соққы  берген. 
Қазақстанда  Колчак  әскерiне  қарсы  көтерiлiс  Қостанай  уезiнде  болды.  1918 
жылы  желтоқсан  айының  аяғында  Ә.Жангелдин,  А.Иманов  және  Ырғыз 
шоғырының бiрiккен күшiмен Торғайда Кеңес үкiметi қалпына келтiрiлдi.  Бұл 
кезде  Семей,  Ақмола  облыстарында  да  партизандық  қозғалыстар  өрiстедi. 
Сондай-ақ  Жетiсу  майданының,  солтүстiк-шығыс  шебiнде  1918  жылы  тамыз 
және  1919  жылғы  қазанның  орта  кезiне  дейiн  ақгвардияшыларға  қарсы  күрес 
қарқынды жалғасқан.  


 
Шығыс  майданындағы  Колчак  армиясы  жеңiлгеннен  кейiн  Батыс, 
Солтүстiк,  Солтүстiк-Шығыс  Қазақстан  мен  Жетiсуды  азат  ету  міндеті  тұрды. 
Сөйтiп,  1919  жылдың  аяғында  Қазақстанның  негiзгi  аумағы  ақ 
гвардияшылардан  азат  етiлiп,  1920  ж.  наурызында  азамат  соғысының 
Қазақстандағы  ең  соңғы  ошағы  -  Солтүстiк  Жетiсу  майданы  жойылды.  Кеңес 
үкiметiне  қарсы  күштердiң  Қазақ  елiнiң  барлық  аймағындағы  күйреуi  Алаш 
Орда  қарулы  топтарының  арасында  толқулар  туып,  Алаш  милициясының 
қатарының  сирей  бастауына  алып  келдi.  Бүкiлресейлiк  Орталық  Атқару 
Комитетi  1919  ж.  наурыз  айында  Алаш  Ордаға  амнистия  (кешiрiм) 
жарияланғаннан  кейiн  және  Алаш  Орда  басшыларының    бiрi  А.  Байтұрсынов 
пен  оның  жақтастарының  үлкен  бiр  тобының  Кеңес  өкiметi  жағына  шығуына 
байланысты  бұл  құбылыс  өзiнше  тоқтамайтын  сипат  алды.  Азамат  соғысы 
аяқталысымен  Кеңес  үкiметi  қайта  қалпына  келтiрiлiп,  1919  ж.  шiлдесiнде 
РКФСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң  жарлығы  бойынша  Қазақ  өлкесiн 
басқару жөнiндегi Революциялық Комитет (Ревком) құрылды. 
 
Елiмiздi  шет  ел  басқыншылары  мен  Кеңес  үкiметiн  құлатуға  ұмтылған 
күштерге қарсы ұрыстарда  М.В.Фрунзе,  М.Н.Тухачевский,  В.И.Чапаев  сияқты 
қолбасшылар,  И.П.Белов,  И.С.Кутяков,  А.Иманов  т.б.  талантты  командирлер 
ерен ерлiк көрсеттi.  
 
1918  жылдың  орта  шенiнде  елде  қалыптасқан  жағдайды  ескере  отырып, 
билеушi  партия  мен  Кеңес  үкiметi  барлық  материалдық  қорларды  жаңа 
мемлекеттi қорғауға жұмылдыру және оларды үнемдеп бөлу үшiн экономикада 
бiрқатар  төтенше  шараларды  қабылдады.  Бұл  шаралар  тарихқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет