Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет119/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу нәтижелері: 
Гуманистік бағыттылық баланы қабылдап, оған оң көзқараспен қарау арқылы көрініс табады. Кәсіби 
қасиеттер,  өз  алдына,  кәсіби  міндеттерді  нақты  бір  жеке  тұлғаға  сүйене  отырып  және  өз  әрекетінің 
нәтижелеріне жауапкершілікпен қарау арқылы шешу қабілеттілігін анықтайды.  
С.И. Ожеговтың сөздігінде адамгершілік дегеніміз адамға қоғамда қажетті мінез-құлық, рухани және 
жан дүниелік қасиеттерді анықтайтын ережелер және осы ережелерді орындау делінген [3]. 
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде адамгершілік руханилықтан бөлек қарастырылып, қағидаларды, 
ережелер мен талаптарды орындаумен байланысты сананың, дағдылардың, әдеттердің жиынтығы ретінде 
түсіндіріледі.  Адамгершілік  –  жеке  тұлғаның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетіне  қатысты  қоғам  моралімен 
белгіленген нақты бір қатынастардың көрініс табуы.  
Бұдан, И.Ф. Харламовтың пікірінше, адамгершілігі бар адам деп моралдық қағидаларды, ережелер мен 
талаптарды  өзіндік  көзқарастар  мен  сенім  ретінде,  мінез-құлықтың  терең  ойластырылған  және  әдеттегі 
формалары ретінде қабылдайтын адамды есептеуге болады. 
Б.Т. Лихачев осы ойға толығымен қосылады. Зерттеушілер руханилықты жеке тұлғаның дамуының ең 
жоғарғы деңгейі деп есептегендіктен, біз, осы орайда, адамгершілікті руханилықтың компоненті, құрамдас 
бөлігі деп қарастырамыз [4]. 
Ғалымдардың  адамгершілікке  деген  көзқарасын  ескере  отырып,  педагогика  адамгершілік  тәрбиені 
ұйымдастырылған сан қилы оқу және оқудан тыс іс-әрекет жүйесіндегі және осының нәтижесінде жеке 
тұлғаның сәйкес 
қасиеттерінің
 пайда болуындағы оң моралдық қатынастардың қалыптасуының мақсатты 
процесі ретінде қарастырады.  
Əл-Фараби  адамға  ең  бірінші  білім  емес,  рухани  тәрбие  берілу  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  – 
адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген. Сондықтан оқу процесінде 
студенттерге  –  болашақ  дене  шынықтыру  педагогтарына  білім  беріп  қана  қоймай,  оның  жан  дүниесін 
түсіне отырып, тұлғасын жан-жақты қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады [5]. 
Белгілі  болғандай,  адамгершілік  үлкен  мен  кішінің  арасындағы  шынайы  қарым-қатынас  кезінде 
дариды. Нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке үзбей жеткізу тек шебер педагогтарға ғана 
тән.  Бүгінгі  күнгі  педагогтардың  басты  мақсаты:  өзіндік  адамгершілік  қасиетті  студент  бойына  дарыта 
отырып, оның жүрек түпкіріндегі рухани қатынасын жарыққа шығару. 
Студент бойынан дамытам немесе сіңірем деп армандаған адамзаттық адал қасиеттердің жиынтығын 
алдымен педагог өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруға әрекет етпей, оларды студентпен қарым-
қатынаста  шынайы  түрде  іске  асырмай,  ата-ана,  қоғам,  тіпті  болашақ  алдындағы  жауапты  ісіне  деген 
құштарлығын  оятатын,  бойындағы  бар  қабілет  мүмкіндігін  жарыққа  алып  шығатын  күш  осы  рухани 
адамгершілік құндылықтар.  
Адамзаттық  құндылықтар  өскелең  ұрпақтың  ақыл-қатынасына  азық  ете  білу  үшін  әрбір  педагог 
этнопедагогика құндылықтары, салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, яғни мәдени мұрамызды жан-жақты терең 
біліп,  оларды  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тәлім  тәрбиеде  тиімді  пайдалана  білуі  педагогтың 
шеберлігінің айғағы. Cтуденттің сезімін оятып, шабытын ұштайтын, оны шығармашылыққа жетелейтін 
жол білім алушының жүрек түпкірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару.  
Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымын былай түсіндіреді: 
Адамгершілік  адам  бойындағы  гуманистік  құндылық,  әдеп  ұғымы.  Кісілік,  ізгілік  тәрізді  ұғымдармен 
мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтарын осы ұғымнан таратылады. 
Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көре түсінетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: 
адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұяттан сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейіл-
ділік, әділдік, қанағатшылдық т.б. [6].  
Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті жастардың бойына сіңіру қаншалықты маңызды 
екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды ой-пікірлерін қалдырды.  
«Біреулердің қатесін байқау тіпті де қиын емес, ал оны түзетуге көмектесу – міне, бұл нағыз адамгер-
шілікке байланысты қасиет» дейді орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов [7]. 
Оқытушы студентке материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл 
қасиеттер  –  адамзаттық  құндылықтармен,  біліммен  қамтамасыз  етеді.  Сонда  ғана  ол  білімді  де  білікті, 
салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген  тәрбиелеу ісінде  табыстарға қол жеткізе алады.  «Біліммен 
дамудың  көптеген  түрлері  бар  және  де  олардың  әрқайсысы  маңызды,  бірақ  адамгершілік  олардың 
барлығынан жоғары тұру керек. Бір білім сізді ғалым етеді, екіншісі сізді адам етеді.  
Абайдың көтерген мәселелері ‒ адамгершілік ынтымақтастық, татулық, әділдік, еңбексүйгіштік, адал-
дық,  талапкерлік,  т.б.  Бұл  мәселелерді  ол  жеке,  жалаң  түрде  алмай,  мақалдарды  талдау  барысында  зұ-


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
61 
лымдық,  сұрқиялық,  екіжүзділік,  барымташылдық  тәрізді  мінез-құлықтарға  қарсы  қоя  отырып  қарас-
тырады.  Студенттерге  адам  баласының  сыртқы  сұлулығы  мен  ішкі  жан  дүниесінің  үйлесімді  болғаны 
дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің он сегізінші қара сөзінде «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, 
сыпайы киініп... таза кимек дұрыс іс, өз дәулетінен артық киінбегені, не киімі артық болмаса да, көңіліне 
қуат алып, тым айналдырмақ – крбездіктердің ісі» – деп түсіндіреді [8]. 
Адамгершілік ‒ қоғамдық сананың бір түрі және қоғамдық институт ретінде адамның мінез-құлқын 
реттеумен айналысады. Мораль негізінен үш бағыттан құралады: біріншіден – бұл адамгершілікті іс-әрекет, 
белгілі  бір  нәрсеге  себептелген  адамдардың  мінез-құлық  тәртібі,  екіншіден,  адамдардың  моральдық 
қатынасы, үшіншіден, моральдық сана, онда адамгершілік қатынас пен іс-әрекет қатар әрекеттеседі. Яғни, 
адамгершілік тәрбиесі моральдық сананы, адамгершілік сезімді дамытады және адамгершілік мінез-құлық 
дағдыларын қалыптастыруды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет