«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
64
THEORETICAL FOUNDATIONS OF THE PEDAGOGICAL ESSENCE OF THE MARTIAL HERITAGE OF
KAZHYMUKAN MUNAITPASULY
G.K. Tokkulinova ‒
Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor of KAZAST, Almaty
S.A. Abildabekov ‒
PhD,
Senior Lecturer of KAZAST, Acting Associate Professor, Almaty
Y.M. Molbasynova ‒
Senior Lecturer, Master of I. Zhansugurov Zhetysu State University, Taldykorgan
Annotation
. The article considers the meaning of education of spiritual heritage of Kazhymukan Munaitpasuly in the
study of the problems of spiritual revival of youth, the necessity of education of Patriotic spirit as one of the main in the spiritual
formation of personality. The significance and content of the pedagogical value of the use of the spiritual heritage of
Kazhymukan Munaitpasuly in the education of the younger generation were determined and its features were determined. The
ways of using the spiritual heritage of Kazhymukan Munaitpasuly were also justified and the system in this direction was built.
The ways of using the spiritual heritage of Kazhymukan Munaitpasuly are grounded on a scientific basis and classified.
Key words
: spiritual revival, spiritual heritage, spiritual value, historical experience, cultural personality, spiritual
direction.
Кіріспе.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқыту мен тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі
қоғамның дамуының қазіргі кезеңіндегі жастарға қойылатын талаптарға сай терең зерттеуді талап етіп
отыр. Бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асыруда көрнекті тұлғалардың педагогикалық ой-пікірлерін
зерттеумен, оны жеткіншектер тәрбиесінде пайдалану мәселесі өзекті болуда. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі
мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат
болып табылады. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай,
оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық
дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында қазақ халқы ауыр әлеуметтік-экономикалық күйзелісті
бастан кешті. Қоғамдық осындай ауыр жағдайға байланысты қазақтан шыққан ұлы тұлғалардың көзқарасы
әртүрлі қалыптасты.
Олай болуына ұлттық мәдениетіміз бен рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап
ұстап келген коммунистік саясаттың әcepi зор болды. Қызыл империяның күйреп қанды торының үзілyi
сонғы уақыттарда елімізге өткенімізді барлап, жоғалтқанымызды түгендеуге тың серпіліс әкелді.
Сондықтан XX ғасырдағы қазақ халқының аяулы ұлдарының бipi Қажымұқан Мұңайтпасұлының (1871 ‒
1948 жж.) рухани мұраларына нақты бағасын беpin, жасөспірімдерді тәрбиелеу icінe пайдалану үшін
педагогикалық зерттеулер қажет-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: