Зерттеу әдістері: Педагогикалық бақылау; әдеби көздерді теориялық талдау; жүрек-қантамыр жүйесі
(ЖҚЖ, АҚ), тыныс алу жүйесі (ТАЖ) көрсеткіштерінің өзгеруі бойынша жүзу арқылы церебралды сал
ауруы бар балаларда жүргізілетін сабақтардың әсерін бағалау; математикалық статистика әдістері.
Эксперименталды зерттеу нәтижелері. Ғылыми-әдістемелік әдебиетке талдау жасай отырып, жүзуді
оқытудың қалыптасқан және жеткілікті түрде сынақтан өткен әдістемелерінің бар екендігі туралы айту
қиын, өйткені олар дені сау балалардың әдістемелеріне негізделеді, мұнда балалардың церебралды сал
ауруы және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы сияқты патология ескерілмейді. Біз ұсынған бағдарлама
№2 арнайы түзету мектеп-интернатының төменгі сынып оқушыларына (9 жыл бойы) сәтті сынақтан өтті.
Апробация нәтижелері оның жоғары тиімділігі мен күмәнсіз практикалық құндылығы туралы айтуға
мүмкіндік береді.
Жүзуді оқытудың ұсынылып отырған әдістемесі жылына 102 сабаққа есептелген. Зерттеу нәтижесі
мектеп-интернат жағдайында 1-4 сынып оқушыларын оқыту үшін жүзу бағдарламасын ұсынады. Əдістеме
барлық қажетті белгілі талаптарға жауап береді: тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар кіші мектеп
жасындағы балаларға қол жетімді; сабақтардың міндеттері мен шарттарына сәйкес келеді.
Ұсынылатын әдістеме бойынша жүзу сабақтарын ұйымдастыру бассейнде оңтайлы дене шынықтыру-
сауықтыру режимін орнатуға ықпал етеді. Əдістеме жүзудің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге және тірек-
қимыл аппаратының бұзылуы бар балаға сулы ортада қалыптасуына көмектесетін жаттығуларды
қарастырады. Онда құрлықта жаттығуларды орындаудың негізгі дене қасиеттерін дамытуға да жеткілікті
уақыт беріледі. Оқу аяқталғаннан кейін әр жылдың соңында жүзу дайындығы бойынша белгілі бір
нормативтер тапсырылады.
ҚР дене шынықтыру және спорт саласындағы білім беру құрылымы мен мазмұны тұжырымдамасына
сәйкес бастауыш мектепте оқыту пәні жылына 102 сағатқа есептелген жүзу курсы болып табылады. Бұл
қызметті меңгеру барысында бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттері жетілдіріліп қана қоймай,
сонымен қатар сана мен ойлау, шығармашылық қабілеттері мен дербестігі белсенді түрде дамиды.
№2 арнайы түзету мектеп-интернатында күрделі аурулары бар балалар оқиды. Сондықтан жүзу
сабақтарында ауыр дене бұзылыстары бар сыныптар, балалар диагнозы мен аурудың ауырлығы бойынша
топтарға бөлінеді. Интернатта жүзу сабақтарында жеке қарауды талап ететін балалар оқиды. Бұл оқушылар
жоғары назар аударуды қажет етеді, себебі "қауіп тобы" деп аталады. Олар тез шаршайды, аз жұмыс істейді
және орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ-нің) зақымдануы бар.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларына арналған жүзу бағдарламасы
келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
Сауықтыру: Балалардың денсаулығын нығайту, олардың үйлесімді психофизикалық дамуына жәрдемдесу; Балалар
ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету; Тірек-қимыл аппаратын жетілдіру, дұрыс арқа
қалыптастыру, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру.