Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет137/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Күтілетін нәтижелер

 
Балалардың денсаулығын нығайту, аурушаңдықты төмендету; 

 
Балалар ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін кеңейту; 

 
Балалардың дене даму көрсеткіштерін арттыру; 

 
Суда қозғалыс дағдылары мен біліктерінің спектрін кеңейту; 

 
Баланың шығармашылық потенциалын және тұлғалық өсуін дамыту. 

 
Суда  эмоционалдық  және  қозғалу  қабілетін  дамыту,  қозғалыстан  қуаныш  пен  рахат  сезімдерін 
көрсету; 

 
Адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастыру. 
Бағдарлама  үш  бөлімнен  тұрады:  "жүзу  туралы  білім"  (ақпараттық  компонент);  "жүзу  қызметінің 
тәсілдері"(операциялық компонент) және "дене даярлығын жетілдіру" (мотивациялық компонент). 
"Жүзу туралы Білім" бірінші бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігін дамытудың негізгі 
бағыттарына сәйкес келеді: табиғат туралы білім (қызметтің медициналық-биологиялық негіздері), адам 
туралы білім (қызметтің психологиялық-педагогикалық негіздері), қоғам туралы білім (қызметтің тарихи-
әлеуметтік негіздері). 
"Жүзу қызметінің тәсілдері" бөлімі өз бетінше жүзу сабақтары, оқушылардың дене дамуы мен жүзу 
дайындығының орындалуын және бақылауын ұйымдастыру тәсілдері туралы ұсыныстармен сәйкес келеді. 
"Дене даярлығын жетілдіру" бөлімінің мазмұны үйлесімді дене дамуына, жан-жақты дене дайындығы 
мен  оқушылардың  денсаулығын  нығайтуға  бағытталған.  Бұл  бөлім  өмірлік  маңызды  дағдылар  мен 
іскерлікті,  судағы  қозғалмалы  ойындар  мен  бағдарламадан  қозғалу  әрекеттерін,  сонымен  қатар 
координациялық бағыттылығы бар жалпы дамыту жаттығуларын меңгеруді қамтиды. 
Бағдарламаның практикалық бөлімінің оқу материалын игеру білім негіздерін және жүзу қызметінің 
тәсілдерін меңгерумен ұштасады. 
1-сыныпта  балаларды  сулы  ортамен  таныстырады,  суда  тыныс  алу  және  қарапайым  жаттығуларға 
үйретеді (қозғалмалы ойындар қолданады). 
Теориялық  материал  практикалық  материалмен  тығыз  байланысты,  ол  оқушылар  2-ден  4-сыныпқа 
дейінгі динамикада игереді. Бағдарлама жүзу тарихымен, жеке гигиенамен, өз бетімен жүзу сабақтарын 
ұйымдастыруға байланысты тақырыптарды оқып үйрену үшін ұсынады. 
Қимыл-қозғалыс қызметінің тәсілдеріне қатысты бағдарламалық материал оқушыларды өзінің дене 
дамуы  мен  жүзу  дайындығына  өз  бетінше  бақылау  жасай  білуге,  жеңіл  жарақат  алған  кезде  дәрігерге 
дейінгі  көмек  көрсетуге  үйретуді  көздейді.  Бұл  іскерліктер  бағдарламада  практикалық  және  оқу  білім 
бөлімінің тиісті тақырыптарымен сәйкес келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет