Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет129/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

..Құлагер төс, піл табан,
 
 
Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған. 
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,  
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан… 
 
Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,  
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
67 
Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,  
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан…  
 
Омарбай Малқаров: 
«Құрыштай қорытылған салмақтанып» 
 
Бар әлем Қажекеңді аңыз еткен,  
Ертектей елден-елге тарап кеткен. 
Күшіне тарих куә, халық куә,  
Мақтаған сөзім емес қошеметпен. 
 
Түгелбек Қасымов 
«Күш атасы»
 өлеңінде былайша марапаттайды: 
 
Бұлшық ет білектегі ойнады да,  
Галстуктей сом темірді байлады да.  
Лезде шешіп алып сымдай созды,  
Бір күліп қарап қойып жан-жағына.  
Тағы да шалқасынан аунады да,  
/Құм сықырлап шыдамай салмағына/  
Жиырма жігіт мінгізіп бөренеге,  
Табанымен көтерді айналдыра.  
 
Балуан ата туралы қызықты мәліметтер жинақтап, көптеген жазушылар қалам тартқаны белгілі. 
Мектептегі  жасөспірімдерді  өз  елін,  жерін,  Отанын,  отбасын  қорғауға,  сүюге  тәрбиелеуде  дене 
тәрбиесі  туралы  шығарманың  алатын  орны  ерекше.  Елін,  жерін,  Отанын  қорғаған  халық  батырлары 
туралы,  олардың  батырлық,  ерлік  істерін  паш  ететін  әңгімелер,  өлеңдер,  аңыз-ертегілерді  оқып,  оның 
мазмұнын  түсіндіруде  спорт  секциялары  жетекшілері  кездесулер  ұйымдастырып,  жасөспірімдердің 
қиялын шарықтатып, ерліктерге баулиды. Қажымұқан Мұңайтпасұлының мұраларын сахналату, ролдерге 
бөліп  ойнату  арқылы  жасөспірім  кейіпкерге  еніп,  яғни  оның,  іс-қимылын,  жүріс-тұрысын  барынша 
бейнелеуге тырысады.  
Дене тәрбиесінің мақсаты ‒ жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамта-
масыз ету. Ол үшін мәдени-гигиеналық жағдай жасау; денесінің тазалығы; дұрыс ұйымдастырылған күн 
тәртібі  болуы  шарт.  Күнделікті  тұрмыста  гигиенаны  сақтау  (үй  ішіндегі,  сырттағы,  киім-кешектегі, 
жиһаздағы т.б); күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру; мезгілімен тамақтану; дене шынықтыру жаттығуларын 
мерзімімен  орындау  сияқты  тәрбие  шараларын  белгілеуді  қажет  етеді.  Мектепте  Қажымұқан  Мұңайт-
пасұлы туралы әдеби мұраларын оқып беріп, тыңдатып, оқылған әңгімелерді, ертегілерді саналы ұғынып, 
тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйретуде ойын, әсіресе, ұлттық ойындар, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 
мұралары мазмұны бойынша дайындалған ойын жаттығуларды қолданған дұрыс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет