Модуль 2. Болашақ дене мәдениеті педагогының имидждік құзыреттілігін дамытудың әдістемесінің мазмұны.
11. Педагогтың өзара іс-қимыл стилі. Стильдер тобының сипаттамасы: үстемдікке ұмтылу өлшемі
бойынша – автократтық, әкімшілік, Директивті (қатты, жұмсақ және серіктестік) және бағыт өлшемі
бойынша – өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және жеке мақсаттарын іске асыруға.
12. Дене мәдениеті педагогының имидждік құзыреттілігін қалыптастыру моделі. Педагогтың
имидждік құзыреттілігін қалыптастыру моделі. Имидждік құзыреттіліктің компоненттері: мотивациялық,
когнитивті, іс-әрекет.
13. Педагог имиджін құру элементтері. Табысты кәсіби қызметінің сипаттамасы – Мұғалімнің психо-
логиялық қасиеттерінің болуы: педагогикалық эрудиция және мақсатты болжау.
14. Дене мәдениеті педагогының оң имиджін қалыптастыру кезеңдері. В.М. Шепель бойынша имиджін
құрудың алты кезеңі. Өзін-өзі таныстыру адамға тән адамдармен қарым-қатынас стилінің көрінісі ретінде.
15. Дене мәдениеті педагогының имидждік құзыреттілігін қалыптастыру әдістері мен формалары. Дене
мәдениеті педагогының имидждік құзыреттілігін қалыптастыру әдістері, формалары, факторлары,
жағдайлары, технологиялары.
Қорытынды. Сонымен, имидж – адамға тән мінездеме, аудиториямен қабылданатын бейнені
білдіреді. Маңызды функцияларының бірі имиджін қалыптастыру үшін оң қарым-қатынас әлеуметтік
субъектіге қатысты. Имидж құрылымында екі басты құрамдастар – бұл жеке имидж және кәсіби имидж.
Біздің ұсынып отырған «Дене мәдениеті педагогының имиджінің негіздері» элективті курсының ішкі
мазмұнына үңілсек, болашақ маманның имиджі – мәселенің орталығы болып саналады және оның
шешіміне теориялық, қолданбалы жақтары тәуелді.