Зерттеу мақсаты: болашақ дене мәдениеті педагогының имиджін қалыптастырудың әдістемелік
базасын анықтау.
Зерттеу міндеттері: 1. Болашақ дене мәдениеті педагогының имиджін қалыптастырудың әдістемелік базасы ретінде
элективті курс мақсатын анықтау;
2. «Дене мәдениеті педагогының имиджінің негіздері» элективті курсының мазмұнын ұсыну.
Зерттеу әдістері: болашақ дене мәдениеті педагогының имиджін қалыптастыру мәселесі бойынша
ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізу, жіктеу, жүйелеу, тәжірибе жинақтау.
Зерттеу нәтижелері: Педагог қызметі өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік маңызды
адамтану мамандықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, имиджін қалыптастыру және қызмет ету
тетіктерін тану дене мәдениеті педагогының өзінің кәсіби педагогикалық қызметін табысты меңгеруіне
әдіснамалық талап болып табылады.
Ғылыми әдебиетті талдау көрсеткендей, имидж өзегі адамдардың үміттеріне, талаптарына сәйкес
болуы тиіс: ‒ тұлғаның сыртқы (мінез-құлық) бағыты; ‒ тұлғаның ішкі бағыты; ‒ уақытша "мен" тұлғаның
иерархиясы.
Осы тұста біз болашақ дене мәдениеті педагогының имижін қалыптастыру мақсатында элективті курс
әзірлеп, мазмұнын ұсынуды жөн көрдік.
«Дене мәдениеті педагогының имиджінің негіздері» элективті курсының мақсаты: жұмыс үшін
адекватты кәсіби-құзыретті имиджді қалыптастыру аспектісінде педагогтарды теориялық-практикалық
даярлау; дене мәдениеті педагогының жеке кәсіби имиджін құру бойынша қызметтің позитивті уәждемесін
дамыту.
Курс міндеттері:
1. Дене мәдениеті педагогының кәсіби-құзыретті имиджін құру механизмдеріне, құрылымына қатысты
ғалымдардың теориялық-практикалық ұстанымдарымен таныстыру.
2. Жеке имидждің мазмұнын анықтау.
3. Дене мәдениеті педагогының кәсіби-құзыретті имиджін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу.
Аталмыш курсты меңгеруі бойынша нәтижелер:
Біледі: ‒ "құзырет", "құзыреттілік", "имидж", "педагогикалық қабілеттер»;
‒ кәсіби имиджінің құрылымы; кәсіби имиджді құрудың әдіс, тәсілдерін.
Істей алады: ‒ кәсіби және өзінің имиджін талдай білу; ‒ кәсіби-құзыретті позицияларға негізделген
өз имиджінің бағдарламасын құру.
Элективті курстың мазмұндық сипаттамасына мән берсек.
Модуль 1. Болашақ дене мәдениеті педагогының имиджін дамытудың психологиялық-педаго-