«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
66
Мұңайтпасұлының мұрасының педагогикалық негіздерін зерттеу жас ұрпақтың зердесі мен танымының
кеңеюіне және отандық педагогика тарихын дұрыс түсінуге, оны мазмұндық жағынан толықтырып,
жаңаша сипат алуына мүмкіндік береді.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі қазаққа бірден-бір таныс есім. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген спортшылардың ең атақтыларының бірі, күрес өнерінің түрлі
саласы бойынша алдына жан салмаған, жеке-дара озып шыққан палуан.
Жалпы Қажымұқан туралы көп авторлар әдеби, дене, тарихи зерттеулер арнады. Атақты палуанның
өмірі туралы Қалмақан Əбдіқадыров «Қажымұқан» повесін ертеректе жазса [4], «Өнегелі өмір» циклі
бойынша Ə. Бүркітбаевтың «Қажымұқан» документальды повесі [5], «Күш атасы» естеліктер жинағы
Ғ. Тәшімбаевтың құрастырылуымен жарық көрсе, Əлімқұл Бүркітбаевтың орыс тілінде «Хаджи-Мукан»
атты документальды повесі жарық көрді. Марат Керейбайдың «Жасөспірім Мұқан, Палуан Мұқан, Қажы
Мұқан» атты туындысы 2004 жылы оқырман қолына тиді [6].
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз
өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты
ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында
Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван
Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс,
Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен
жығып, бәйге алу ‒ сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің
қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген
жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі
бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы ‒ 1906 жыл. Алманияда өткен
дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын
шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге
мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек
орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата
Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері
болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл
дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы
Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты
палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте
намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол
жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир
1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға ‒ Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде
бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.
Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап
кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары
болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді.
Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз
өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты.
Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп
жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы
жапон «Мухинура» ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән
қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» ‒ деп жазған.
Мұхтар Шаханов: «.
Достарыңызбен бөлісу: