Бағдарламалық материалды меңгеру сапасына қойылатын талаптар. "Жүзу" оқу пәні маз-
мұнының міндетті минимумын меңгеру нәтижесінде 3-ші оқу жылының оқушылары:
Білу және түсінікке ие болу: ‒ жүзу дайындығы және оның дене қасиеттерінің, тыныс алу және қан айналымы жүйелерінің
дамуымен байланысы туралы; дене жүктемесі және оны реттеу тәсілдері (мөлшерлеу) туралы; жүзу
сабақтары кезінде жарақаттардың пайда болу себептері, жарақаттанудың алдын алу туралы;
Білуі тиіс: ‒ жүзудің әр түрлі тәсілдеріне жеткізу және имитациялық жаттығуларды орындау; жүзудің барлық
тәсілдерін орындау; түрлі жүктемемен дене жаттығуларын орындау кезінде жүрек жиырылу жиілігін
есептеу; жүзудің әр түрлі стилінде жарысу; жара, сызаттар, жеңіл соққылар кезінде дәрігерге дейінгі көмек
көрсету;