Дене даярлығын жетілдіру. Жалпы дамыту және арнайы Имитациялық жүзу жаттығулары; суға
аяқпен төмен қарай секіру арқылы кіру, отыру қалпынан суға түсу; суға дем шығару; жүзудің барлық
тәсілдері кезінде қолмен қозғалу: тізенің арасындағы тақтамен сырғанау; таңдап алынған тәсілмен жүзу;
барлық түрлермен толық үйлестіруде жүзу; жүзудің барлық тәсілдері кезінде аяқпен қозғалу: таяқпен
сырғанау; старттық секіру; суда ойнау; эстафеталық жүзу.
Бағдарламалық материалды меңгеру сапасына қойылатын талаптар.
"Жүзу" оқу пәні мазмұнының міндетті минимумын игеру нәтижесінде 2-ші оқу жылының оқушы-
ларында:
Түсінік болуы керек: ‒ дене жаттығуларының түрлері туралы: жалпы дамыту, бағыттаушы, жарыстық;
Білу керек: ‒ күштерді дамытуға, үйлестіруге арналған жалпы дамыту жаттығуларының кешенін құрастыру және
орындау; жүзу техникаларын игеруге арналған бағыттаушы жаттығуларының кешенін орындау;
шынықтыру процедураларын жүргізу; қарапайым жарыстар ережелерін құру, жарыс барысында үздік
нәтижелерді анықтау; дене жаттығуларын орындау кезінде жүрек жиілігінің көрсеткіштерін бақылау; дене
дайындығының деңгейін көрсету (3-кестені қараңыз).