Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет164/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеудің мақсаты 
– грек-рим күресінен білікті спортшылардың төзімділігін дамытудың құралдары 
мен әдістері тиімді пайдалану негіздерін ашып көрсету.  
Зерттеу  әдістері
:  әдебиеттерді  талдау,  бақылау,  құжаттарды  талдау,  бақылау  сынақтары,  статис-
тикалық талдау. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау.  
Жоғары оқу орнында дене тәрбиесі процесі дене шынықтыру, спорт, туризмнің әр түрлі құралдарын 
пайдалануды  қарастырады  және  денсаулық  жағдайына,  дене  даму  деңгейі  мен  споршылардың  дайын-
дығына байланысты ұйымдастырылады, сондай-ақ олардың алдағы кәсіби қызметінің жұмыс істеу шарт-
тары мен сипатын ескере отырып жасалады [4]. 2010 ж. жоғары оқу орындарына арналған дене тәрбиесі 
бойынша оқу бағдарламасында сабақ барысында міндетті нормативтерді орындау қарастырылған, олардың 
нәтижелері бойынша спортшылардың төзімділігі бағаланады.  
Оқу-педагогикалық процестің сапасы мен тиімділік өлшемі спортшылардың бақылау сынақтарының 
нәтижелері бойынша «қанағаттанарлық» бағасынан төмен емес болып табылады. Орташа статистикалық 
деректерге негізделген қимыл-қозғалыс дайындығының жас-жыныстық көрсеткіштеріне қол жеткізу нақты 
дерек  емес  [5],  өйткені  бұл  ретте  олардың  дене  дамуы  мен  дайындығының  жеке  ерекшеліктері 
ескерілмейді. Сондықтан спортшылардың дене дайындығының динамикасын бағалау үшін жеке көрсет-
кіштердің пайызын жақсарту тиімдірек болады. 
Тестілеу барысында спортшылардың негізгі төзімділік қасиеттердің даму деңгейі бойынша бір-бірінен 
айырмашылығы бар екені анықталды. Төзімділік-күштік тестілік жаттығуларда нәтижелері «жақсы» және 
«өте жақсы» деген баға көрсеткен ұлдар мен қыздар, шыдамдылық танытуды талап ететін жаттығуларда 
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алды (біз оларды «жылдамдық-күштік» деп жіктедік). Басқа спортшылар 
2000  және  3000  м  жүгіруде  «жақсы»  және  «өте  жақсы»  деген  бағаға  сәйкес  нәтижелер  көрсетті,  ал 
жылдамдық-күш  сынақтарында  –  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алды  (біздің  жіктеуіміз  бойынша  – 
«шыдамды»). Тексерілгендер 60 адам арасында «төзімділік-күштілік» 42,6% және «шыдамды» 29,5% деп 
анықталды.  Төзімділік-күштік  тестік  жаттығулар  мен  төзімділік  танытуды  талап  ететін  жаттығуларда 
студенттердің  27,9%-ы  "өте  жақсы",  "жақсы"  және  "қанағаттанарлық"  бағаларына  сәйкес  нәтижелер 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
82 
көрсетті. Бұл фактілер төменгі курс студенттерінің физикалық дайындығының нашар екенін көрсетті. Сол 
себепті  спортшы  жастардың  дене  тәрбиесі  процесінің  тиімділігін  арттыратын  жаңа  жолдарды  іздеуге 
алғышарттар  пайда  болады.  Спортшылардың  дене  шынықтырумен  оқу-жаттығу  сабақтарын 
оңтайландыру,  соның  ішінде  спорттық  жаттығудың  құралдары  мен  әдістерін  таңдауда,  жүктеменің 
арақатынасын  және  оларды  оқу-жаттығу  процесінде  тиімді  үлестіруді  қамту  өзекті  мәселе  болып 
табылады.  Біз  бұл  мәселені  шешу  үшін  және  жоғар  оқу  орны  жастарының  физикалық  дайындығын 
жақсарту үшін педагогикалық тәжірибе алғышартын ұйымдастырдық. 
Тәжірибенің мақсаты: грек-рим күресінен білікті спортшылардың төзімділігін дамытудың құралдары 
мен  әдістерін  тиімді  пайдалану.  Дене  шынықтыру  дайындығының  әртүрлі  құрылымы  бар  спортшылар 
үшін дене шынықтыру құралдары мен әдістерінің рационалды арақатынасын анықтау және жоғары оқу 
орнында дене тәрбиесі бойынша оқу-жаттығу сабақтары барысында жеңіл атлетика бойынша спорттық 
жаттығу элементтері бар физикалық жүктемелерін қолдануды экспериментальды негіздеу. 
Тәжірибенің негізгі тапсырмалары: 
-  1-2 курс спортшылардың физикалық дайындығының құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау және 
физикалық жағдайын зерттеу; 
-  Төзімдік-күштік қасиеттер мен төзімділікті дамытуға бағытталған жеңіл атлетика бойынша спорттық 
жаттығу элементтері бар эксперименттік оқу-жаттығу бағдарламаларын дайындау; 
-  1-2  курс  спортшылардың  физикалық  дайындық  құрылымының  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
негізгі физикалық қасиеттерін дамытудағы динамикасын анықтау. 
Тәжірибеге 60 спортшы (22 қыз және 38 ұл) қатысты. Денсаулық жағдайы бойынша олар негізгі және 
дайындық  медициналық  топтарға  жатқызылды  және  мамандандырылған  спорт  секцияларында 
тәжірибелері болмаған. 
Тәжірибе қатысушылары үш топқа бөлінді: 
-  бірінші экспериментальды топты (ТТ1) төзімділік-күштік қасиеттері айқын, бірақ жалпы төзімділігі 
төмен ұлдар мен қыздар құрады; оған жылдамдық-күштік тесттерді «қанағаттанарлық» және одан жоғары 
бағаға орындаған, ал шыдамдылық танытуды талап ететін тесттер бағасы – «қанағаттанарлықсыз» (10 қыз 
бен 11 ұл) студенттер кірді;  
-  екінші экспериментальды топты (ТТ2) жалпы төзімділігі айқын, бірақ төзімдік-күш қасиеттері төмен 
ұлдар мен қыздар құрады; бұл топқа төзімділік танытуға, «қанағаттанарлық» және одан жоғары бағаға, ал 
жылдамдық-күштік тестілер – «қанағаттанарлықсыз» бағасына (6 қыз және 12 ұл) ие студенттер кірді; 
-  үшінші топ – бақылау (БТ) (6 қыз және 15 ұл). 
Əрбір тәжірибе тобы үшін оқу-жаттығу бағдарламалары спортшылардың жеке дайындық принципіне 
сәйкес құрастырылып, жылына 104 сағатқа есептелген. 
Сабақ аптасына екі рет екі академиялық сағат бойынша жүргізілді. Жеңіл атлетика бойынша спорттық 
жаттығу  элементтерін  пайдалана  отырып,  физикалық  жүктемесі  қыркүйектің  бірінші  онкүндігінде 
(студенттердің медициналық тексеруден өтуі және оларға дәрістік курсты өткізу), емтихандық сессия және 
демалыс кезінде (қаңтар) және ақпан ‒ наурыз айларында шаңғы дайындығы кезінде алынып тасталды.  
Əзірленген бағдарламалардың негізгі ерекшелігі спортшыларға артта қалған физикалық қасиеттерін 
дамыту мен түзетуді қамтамасыз ететін тренировка бағытында орындалатын физикалық жаттығулардың 
саны  мен  уақытын  арттыру  болып  табылады.  Сонымен,  төзімділікті  дамытуға  бағытталған  бірінші 
тәжірибелік  топтың  бағдарламасында  уақыттың  60%  аэробтық  сипаттағы  жүктемелерге,  15%  ‒ 
жылдамдық-күштік қасиеттерді дамытуға, 15% ‒ жылдамдық пен ептілікті дамытуға, 10% ‒ икемділік пен 
ептілікті іске асыруға бөлінді. Төзімділік-күштік қасиеттерді дамытуға бағытталған екінші эксперименттік 
топ бағдарламасында төзімділікті дамыту үлесіне уақыттың 30%, жылдамдық сапасын жетілдіруге ‒ 35%, 
жылдамдық-күштік  қасиеттерді  ‒  25%  және  ептілік  пен  икемділікті  іске  асыруға  ‒  10%  бөлінген. 
Айналысатындардың физикалық дайындық деңгейін арттырудың алғышарттарын жасау спортшылардың 
физикалық қабілеттерін шектейтін факторды жою арқылы қабылданды [6]. 
ТТ1-де келесі құралдар мен әдістер жүйелі түрде қолданылды: біркелкі ұзақ жүгіру, жылдықпен жүгіру 
50, 60, 80, 100, 200, 300 м, түрлі секіру жаттығулары, көп секіру, лақтыру, табан бұлшықетіне арналған 
жаттығулар,  арқа,  іш  прессі,  акробатикалық  жаттығулар,  спорттық  және  қозғалмалы  ойындар.  ТТ2-де: 
жылдамдықпен жүгіру 30, 40, 60, 80, 100, 120, 200, 300, 400 м, созылулармен отырып тұру, бір аяққа отырып 
тұру  ("пистолет"),  белге  тартылу,  түрлі  секірулер,  көп  секіру,  лақтыру,  табан  бұлшықетіне  арналған 
жаттығулар,  арқа,  іш  прессі,  акробатикалық  жаттығулар,  спорттық  және  қозғалмалы  ойындар. 
Педагогикалық тәжірибелер барысында жаттығулардың әртүрлі үйлесімдері қолданылды, сонымен қатар 
ұсынылған құралдардың көлемі мен қарқындылығы өзгерді.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
83 
Оқу  жылының  соңында  спортшылар  тест  тапсырмаларын  қайталап  орындау  ұсынылды.  Өлшеулер 
негізінде, педагогикалық тәжірибе басында және аяғында жүргізілген нәтижелер жеке топтарда бекітілді. 
Алынған деректер спортшылардың физикалық қасиеттерінің оң өзгерісті дамуын растайды. Біз бұрын 
болжағанымыздай,  ұсынылатын  физикалық  жүктемелердің  таңдау  әсері  мен  оларды  мөлшерлеу,  жеке 
көрсеткіштердің  өсу  динамикасы  бірдей  емес  екендігін  айтады.  ТТ1-де  аэробтық  сипаттағы  жүктеме 
көлемінің ұлғаюы жалпы төзімділік деңгейінің жоғарылауына және нәтижелердің ұлдарда 3000 м жүгіруде 
9,3%-ға (р  < 0,05), қыздарда 2000 м жүгіруде 8,3%-ға (р < 0,05) өсуіне ықпал етті. ТТ2-де жылдамдық-
күштік жаттығулардың көлемін арттыру жылдамдық-күштік қасиеттерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік 
берді, бұл нәтижелердің 100 м жүгіруде ұлдарда 6,2%-ға (р < 0,05), қыздарда 6,8%-ға (р < 0,05) және бір 
орыннан ұзындыққа секіруде ұлдарда 6,5%-ға (р < 0,05), қыздарда 5,3%-ға (р < 0,05) өсуіне ықпал етті. 
1-2  курс  спортшылардың  негізгі  төзімділік  қасиеттерін  дамытудың  оң  динамикасы  олардың  физи-
калық дайындығының жалпы құрылымына да әсер етті. Біздің салыстырмалы талдау нәтижеміз бойынша 
«қанағаттанарлық» және одан жоғары бағаға бақылау нормативтерін орындай алғандар: 100 м жүгіру ‒ 
83% (+25%) ұлдар және 84% (+34%) қыздар; бір орыннан ұзындыққа секіру ‒ 88% (+34%) ұлдар және 78% 
(+34) қыздар; 3000 м жүгіру ‒ 77% (+41%) ұлдар, 2000 м жүгіру ‒ 64% (+38%) қыздар; белден тартылу ‒ 
90% (+20%) ұлдар; жатып денені көтеру (сед) және түсіру, аяқтары байлаулы, қолы басының артында ‒ 
82% (+32%). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет