Аңдатпа. Бұл мақалада спортшылардың психологиялық-педагогикалық дайындығы мәселесіне талдау жасау,
спортшылардың психологиялық дайындығын шешуде педагогикалық жолдар мен жаттықтыру сабақтары арқылы
нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Спортшылардың жарыс алдындағы психологиялық дайындығының құрылымын жақсарту мен дамыту, білікті
жаттықтырушылардың психологиялық дайындықтағы қолданатын негізгі әдістемесіне байланысты ізденістер,
зерттеулер біздің елімізде Кеңес үкіметіне дейін қарастырыла бастады. Бұған себеп спорттың жедел дами түсуі осы
саладағы психологияны да қажетсіне бастады, спорт пен психология ұштаса түсті.
Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске
асыру процесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан
психологиялық дайындық жалпы системалы-спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның
физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді.