Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет203/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу мақсаты. 
Боксшылардың арақашықтықты сезінуді үйрету әдістерін анықтау және отандық 
бокс мектебінің дамуына үлес қосу. 
Зерттеудің міндеттері:
 
‒ 
Боксшылардың спорттық дәрежесіне байланысты арақашықтықты анықтауды сезіну және сақтаудың 
ерекшеліктерін көрсету. 
‒ Бір орында тұрған нысанға бағытталған соққылардың қашықтығын анықтау. 
‒ Жалпы соққылар мен қорғаныс әрекетінің арақашықтықтарын сезіну және сақтау. 
‒ Ұрыс кезінде қарсыласқа байланысты биомеханикалық қозғалыстармен айлалы әрекеттерді анық-
тауды меңгеру. 
Зерттеу әдістері. 
Ғылыми-зерттеу әдебиеттер көрсеткіштерінің талдаулары мен өзара байланыстары, 
педагогикалық бақылау, бейне таспаға жазу және талдау, педагогикалық эксперимент, мамандардан сұрау 
және сауалнама алу. 
Зерттеуді ұйымдастыру. 
Зерттеу Қазақ спорт және туризм академиясының бокс залында өткізілді, 
оған боксты жаңадан бастаған 16-18 жастағы 20 боксшы қатысты, оларды 10 баладан екі топқа бөлдік:  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
108 
1-экспериментік топқа арақашықтықты сезуді дамытатын арнайы жаттығулар өткізілді. 
2-топ күнделікті қарапайым жаттығуда жүрген бақылау тобы. 
Боксшылардың салмақ дәрежелері 56-75 кг аралықтарында және бойларының көрсеткіштері 165-180 
см аралықтарында таңдалып алынды.  
Боксшылардың  арақашықтықты  сақтаудың  дағдысын  қалыптастыру  үшін,  екі  қарсыластың  ара-
сындағы арақашықтықтың өзгеруіне байланысты, соққы қашықтығын сақтай отырып, бір-біріне дейінгі 
қашықтықты есептеп сезіну арқылы, қозғалыста жылдамдық реакциясын дамыту қажет. Ол үшін келесі 
жаттығуылар келтіріледі: 
1-жаттығу – 
боксшылардың бірі алға қарай қадам басып, бекітілген қашықтықты бұзады, мұндағы 
берілген арақашықтық екі боксшының ұрысқа тұрыс кезіндегі алдыңғы қолдарының толықтай созылып 
бір-бірінің  иықтарына  алақандарымен  жеткізуі,  ал  екінші  қарсыласы  оны  артқа  шегіну  арқылы  қа-
шықтықты  сақтауға  тырысады.  Жаттықтырушы  «Стоп»  бұйрығымен  боксшыларды  тоқтатып,  арала-
рындағы  қашықтықты  тексеріп  өлшейді.  Дәл  солай  артқа  қарай  қозғалыс  жасап  орындалады  және  бір-
біріне қарама-қарсы, еркін қозғалыста жаттығуды орындайды, яғни жаттығудың мақсаты боксшылардың 
арасындағы арақашықтықты тұрақты жағдайға қалыптастыру. 
2-жаттығу – 
боксшылардың бірі бекітілген соққы немесе қорғаныс қашықтығын алдыға қадам басып 
арақашықтықты бұзады, ал екіншісі ол арақашықтықты сақтап қалу мақсатында артқа немесе екі жаққа 
(оң, сол) шегінеді. Дәл сондай қозғалыс әрекеттерін бір-бірімен еркін қозғалыста қайталайды, мұндайда 
мақсат берілген арақашықтықты сақтап сезу дағдысын қалыптастыру. 
3-жаттығу 
– боксшылардың бірі алға қарай қадам басып, бекітілген қашықтықты бұзады да, күтпеген 
жерден артқа бір немесе екі қадам жасайды, ал қарсыласы арадағы қашықтықты сақтап қалу мақсатында 
қалыпты арақашықтықты сақтап қалуға тиіс.  
4-жаттығу 
–  боксшылардың  біреуі  қандайда  бір  соққы  жасап  шабуылдайды.  Екіншісі  қорғаныс 
әрекетін жасай отырып, қарымта соққы немесе қорғаныс қашықтығын сақтап, қозғалыста жүруі керек.  
5-жаттығу 
– 1-ші боксшы ұрысқа тұрыс қалпында көзін жұмып тұрады, 2-ші қарсыласы белгілі бір 
қашықтықта оң, сол немесе алдынан жақындап келеді. Жаттықтырушының «бокс» деген бұйрығына 1-ші 
боксшы  көзін  аша  салысымен  арадағы  қашықтықты  байқап  бағалай  соққы  жасайды,  1,  2  қадам  жасау 
арқылы немесе қадам жасамай да болуы мүмкін, осы жаттығуда ең керекті мақсат екі боксшы арадағы 
қашықтықты жедел анықтау дағдысын жетілдіріп және осыған сәйкес қозғалыс амплитудасын дәлме-дәл 
реттеу [4]. 
Жаттығулардан  алынған  қозғалыс  әрекеттерін  дағдылау  үшін,  бойлары  әртүрлі  боксшылардың 
арасында, шартты кездесулер өткізу арқылы, келесі тапсырмаларды орындау қажет: 
1. Шабуылдау кезінде ұрыс әрекетінің соққы қашықтығын сақтау.  
2. Соққы қашықтығын сақтай отырып, қарсыластың шабуылдау әрекетінен қорғанып жүру. 
 
3. Ұрыс кезінде, өзара соққы арақашықтығын сақтап жүру.  
4. Қорғаныс қашықтығын сақтай жүріп, қарсыластың шабуылынан қорғану. 
5. Бойы әртүрлі қарсыласпен ұрыс кезінде, соққы қашықтығынан шабуылдау әрекетін орындап, бірден 
қорғаныс әрекетіне көшу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет