Зерттеу нәтижелері мен талқылау. Арақашықтықты сезу шеберлігінің есебінде, әр қилы техника-тактикалық жағынан ұрыс жүргізу
түрлерін құруға болады. Боксшылардың қашықтықты арақашықтықты сезуді дамытуды, тактикалық
әрекеттермен тығыз байланысты болуына ерекше мән беріп дайындау қажет.
Зерттеуден алынған деректер бойынша, арақашықтықты сезу көздің көру қабілетінің дамуы негізінде
пайда болады. Сонымен қатар оң қолдың соққысы сол қолдың соққысына қарағанда қарсыласқа неғұрлым
жақсы байқалады және көбінесе боксшыларда оң қолдың соққысы ауыр күшпен орындалады, сол себепті
қарсыластар ұрыс кезінде бір-бірінің оң қол жақтарын көбірек назарында ұстайды.
Тағы бір ескеретін жағдай, боксшылар оң қолмен соққы жасағанда, қорғаныс жағдайы төмендейді, сол
кезде, қарсыластың қарымта шабуылына ыңғайлы жағдайға түседі, ал керісінше, сол қолмен соққы
орындағанда қорғанысы арта түседі. Жоғарыдағы айтылған себептер боксшыны оң қолдан соққы жасау
үшін қарсыласына неғұрлым жақын қашықтыққа жақындауға мәжбүрлейді. Арақашықтықты сезу және
сақтауды дамытушы ең негізгі әсер етуші факторлардың бірі, қарсыласқа жақын алдыңғы қолды жеңіл, нақ
әрі жиі сілтеп ұрыс кезінде арақашықтықты сақтап тактикалық әрекеттерді тиімді орындау үшін, сапалы
шабуылдар мен қарымта шабуылдау мақсатында орындау қажет [5].
«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
109
1-кесте ‒ Бой көрсеткіштері мен спорттық дәрежесі әр түрлі боксшылардың өзара жұдырықтасудағы арақашықтықты
сақтау көрсеткіштері