Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет202/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

 
Зерттеудің өзектілігі. 
Боксшылардың ұрыс әрекетін бақылай отырып, олардың арақашықтықтарының 
ұдайы өзгеріп отыратынын көреміз: бірде тым жақындап кетеді немесе керісінше аралары алыстап тұрады. 
Бұл өзгерістер кездейсоқ құбылыс еместігі анық. 
Боксшылардың  ұрыс  кезінде  арақашықтықтарының  өзгеріп  тұруы  жеке  дара  ерекшеліктеріне 
байланысты болады. Бұл жағдайда ұзын бойлы боксшылар өздерінің антропометриялық көрсеткіштеріне 
сүйеніп,  ұрысты  алыс  қашықтықта  жүргізуге  тырысады  және  осыған  қарай  қысқа  бойлы  боксшылар 
соққыларын дарыту үшін, яғни ұрыс жағдайын өзінің ыңғайына байланысты жақын қашықтықта жүргізеді. 
Ұрыс кезінде екі боксшының бірі өзіне ыңғайлы қашықтықта ұзақ уақыт ұрыс жүргізіп, соққыларды 
дер кезінде, дәл тигізіп және қорғаныс әрекетін сауатты қолданса, ондай боксшыны сезімтал боксшы деп 
атайды. 
Сезімталдық,  боксшының  спорттық  шеберлігінің  негізгі  құрамдас  бөлігі  болады.  Өйткені  бокста 
белгілі  бір  шабуылдау,  қорғаныс  немесе  қарымта  шабуылдау  әрекетін  орындау  үшін,  үнемі  керекті 
арақашықтықты дайындап жүру қажет [1]. 
Бокста  арақашықтықты  сезу  бұл  ‒  ұрыс  кезінде  қарсыласқа  айлалы  қозғалыс  әрекетін,  шабуылдау 
немесе қорғаныс әдістерін орындау үшін керекті арақашықтықты сезу, белгілеу және оны ұрыста сақтап 
жүру. 
Сезімталдықты  меңгеру  арқылы  оны  тактикалық  бағытта  ұтымды  қолдануға  болады.  Қарсыласпен 
арадағы қашықтықты жақсы сезетін боксшы, өзінің тәжірибелік тұрғыдан әдіс айлалық мақсатына жету 
үшін,  ауқымды  және  ұтымды  мүмкүндіктерге  қол  жеткізеді.  Жалпы  ескере  кететін  жайт,  боксшының 
сезімталдығын дамыту, бұл тек техника-тактикалық шеберлігін шыңдау ғана емес, сонымен қатар ұрыс 
кезінде жарақат алмаудың алдын алуда маңызы зор [2]. 
Бокста  ұрыс  кезінде  4  арақашықтық  болады:  алыс,  орта,  жақын  және  ұрыс  арақашықтығынан  тыс 
(дистанция вне боя). 
Боксшының  спорттық  шеберлігінің  жоғары  деңгейде  жарыстарда  үлкен  жетістіктерге  жетуі,  төзім-
ділігі мен техникалық шеберлігі дайындығының жоғарылығымен байланысты, сол себепті әр түрлі мор-
фофункционалды,  қозғалыс  қасиеттері  дамыған,  психофизиологиялық  көрсеткіштерге  ие  спортшылар 
жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізеді,  осыған  сәйкес  боксшыларды  жарыс  алды  дайындығы  кезеңінде 
қашықтықты  сезінуді  тәрбиелеу  әдістемесін  қолдану  қажет.  Бокс  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  ұрыс 
кезінде  боксшының  қашықтықты  сезінуі  өзінің  тактикалық  тәсілімен  сипатталады  және  техника-
тактикалық  арсеналға  байланысты  қолданылады,  ұрыс  кезінде  әртүрлілік  пен  жоғары  деңгейдегі 
техникалық басымдылық, шаршы алаңдағы ұтымды факторларының бірі болып табылады [3]. 
Сонымен бірге, бокстағы оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі мен ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерге  талдау  жүргізе  отырып,  осы  төңіректегі  кейбір  мәселелер  жетік  зерттелмегенін  көрсетеді, 
осыған орай боксшыларды оқыту әдісі әлі күнге дейін қашықтықты сезінуді оқытудың ғылыми негізделген 
жүйесі жоқ екенін және жаттықтырушылар оны жоспарлау кезінде практикалық тәжірибеге сүйенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет