Мақсаты:
Студенттердің дара ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқу іс-
әрекетінің барысын және нәтижесін бағалауға, бақылауға үйрету қажеттігі – жоғары мектепте оқу іс-
әрекетіне деген рефлексивтік қатынастарын бағытты қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан да
«рефлексия» ұғымы мен «рефлексивтік мәдениетті қалыптастырудың мәні неде?» деген заңды сұрақ
туындайды. Алдымен, рефлексияны философиялық-әдіснамалық мағынада түсіндіруге талпыныс жаса-
дық. Себебі, «рефлексия» ұғымы философияда ертеде пайда болды және философиялық ойлаудың пәні
ретінде қарастырылды. Рефлексия терминінің латын тілінен аудармалары: «reflekto» ‒ кері бұру; «refleksys»
‒ кері қозғалу, кері бұрылу; «reflexio» ‒ кері қарау. Сонымен қатар латын тілінде «animum reflektere» ‒ көңіл
бөлу, еске түсіру, ойлау дегенді білдіреді. Рефлексия ‒ субъектінің өзіндік ішкі психикалық күйін тану
үрдісі дегенді білдіреді [1].
Достарыңызбен бөлісу: |