Зерттеу нәтижелері. Келесі суреттен болашақ дене шынықтыру мамандарының сауалнама
көрсеткіштері арқылы алынған рефлексивті мәдениетін дамыту деңгейлерін сипаттайтын диаграмманы
көре аласыздар (1-сурет).
1-сурет – Эксперимент кезіндегі дене шынықтыру мамандарының рефлексивті мәдениетін қалыптастыру диаграммасы
Диаграммадан мынандай ой-тұжырым жасалды:
‒ өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға дайын емес;
‒
орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай алмайды;
‒
оқу-танымдық қызметте негізгі нәрсені түсінбейді;
‒
игерілген білімді практикада қолдануға әрекет жасамайды (кері байланыс жасау дағдылары
қалыптаспаған);
‒
өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бағалауы нашар.