СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ТƏРБИЕСІН ДƏСТҮРЛІ КАРАТЭНІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП САУЫҚТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Ж.И. Жунусбеков ‒ Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Т.М. Ахмадиев ‒ Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Т. Оңғарбаева ‒ Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Аңдатпа. Тәжірибелік әдістемені қолдану нәтижесінде алынған студенттердің дене даярлығы деңгейінің артуы
дәстүрлі каратэнің дене шынықтыру құралы ретіндегі ерекшелігіне байланысты. Оқыту кешенді әдіспен жүзеге
асырылған жағдайда, студенттердің қимыл-қозғалыс қабілеттері барынша табысты дамитыны белгілі. Каратэ
сабақтары шұғылданушылардан әртүрлі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларының кешенді көрсетілуін талап
етеді, сондай-ақ ұзақтығы мен амплитудасы бойынша әртүрлі қимылдарды қолдана білуді тәрбиелеуге жәрдемдеседі,
оларды уақыт пен кеңістікте үйлестіруге көмектеседі, қимыл-қозғалыс үйлесімінің дамуына, әсерлерге реакция
жылдамдығына және басқа да өмірлік маңызды қасиеттерге ықпал етеді.